22 Сентября
, 12:45
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шарбақты ауданы атқарушы органдарының 2017 жыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі есебі
Басты Халыққа қызмет көрсету Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есептілік Шарбақты ауданы атқарушы органдарының 2017 жыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі есебі

2017 жыл бойынша Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 21805 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

            Оның ішінде:

            қызмет көрсетушілермен көрсетілген мемлекеттік қызметттер саны (Мемкорпорация арқылы көрсетілгендерді есепке алмағанда) қағаз нысанда -1336;

            қағаз нысанда қызмет көрсетушілермен көрсетілген қызмет саны (Мемкорпорация арқылы көрсетілгендерді есепке алмағанда), бірақ веб-портал арқылы көрсетуге болатын- «электронды үкімет» порталы және Мемкорпорация, оның ішінде барлығы -12816;

            мемкорпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет саны -7653;

 

            Әр мемлекеттік органда жалпыға бірдей қолжетімді орында ақпараттау стендтерде мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттері және өтініштердің үлгісі қазақ және орыс тілдерінде орналастырылған.

 

            Ауданда «Павлодар облысы бойынша «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ филиалы -  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің  Шарбақты  аудандық бөлімі жұмыс істейді.

 

            Шарбақты аудан тұрғындарына қолайлы жағдайда мемлекеттік қызметтік көрсету үшін Шарбақты ауданының ХҚО-ның ұтқыр тобы ауылдық округтерге барып тұрады.

 

            Аудандық  «Маралды» және «Трибуна» газеттеріне, оның ішінде электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету туралы мақала  жарияланып тұрады. Электрондық қызметтерді кеңінен жариялау бойынша халықпен белсенді жұмыс жүргізілуде, ауданда қоғамдық қолжетімді  пунктері орнатылған және жұмыс істейді

 

            Аудан әкімінің аппаратымен айсайын мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мен сапасы  бойынша мониторинг өткізіледі, стандарт және регламент талаптарын бұзудың алдын алу жөнінде шара қолданылады.

 

            2017 жыл бойынша мемлекеттік органдарының атына мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты арыз-шағым түскен емес.