Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шарбақты ауданы атқарушы органдарының 2016 жыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі есебі
Басты Халыққа қызмет көрсету Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есептілік Шарбақты ауданы атқарушы органдарының 2016 жыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі есебі

1. Жалпы ережелер

 

1) Қызмет алушы туралы мәлімет: Шарбақты ауданының әкімдігі.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016жылғы12желтоқсандағы № 816 қаулысына енгізілген өзгертулерге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізіліміне сәйкес Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтің 73 түрі  көрсетіледі

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 25;

тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 68,  ақылы – 5, тегін/ақылы – 5 қызмет;

қағаз нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 31, қағаз/электрондық нысанда – 42.

3) Барынша талап ететін көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы ақпарат.

Барынша талап ететін көрсетілетін мемлекеттік қызмет:

1) Ауыл шаруашылық жануарларын ветеринарлық паспорт бере отырып бірдейлендіру – 6965 қызмет;

2) Ветеринарлық анықтамалар беру - 4308 қызмет;

3) Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру – 5480.

 

2. Қызметті алушылармен жұмыс

 

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Барлық мемлекеттік мекемелерде қызмет алушыға мемлекеттік қызмет беру тәртібін туралы көрнекті ақпарат орналасқан. Успен ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері, төлқұжаттар мен бизнес-үрдістерінің орналасуын қамтамасыз етіліп, сондай-ақ стандарттардың жобаларының орналасуын қамтамасыз етілді.

2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Орталық мемлекеттік органдардың стандарт жобаларының түсуіне қарай, Шарбақты ауданының әкімдігі ресми интернет-ресурсында жария талқылау үшін орналастыру қамтамасыз етіледі.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинар, кездесу, сұхбат және басқалар).

2016 жылы  1 дөңгелек үстел өткізілді және жергілікті газетте 2 мақала жарияланды.

 

 

3. Мемлекеттікызмет көрсету сапасын бақылау

 

1)Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2016жылы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндег көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан арыз-шағым түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Көрсетілген кезеңіне жүргізілген бақылау іс-шараларының саны 5, бақылау іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес – 5, бақылау іс-шаралары объектілерінің саны - 5, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың саны – 5. Өткізілген шаралар нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде  өрескел заң бұзушылық болған емес.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижесі.

2016 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының мамандарымен  жергілікті бюджетін қаражатының есебінен қаржыландыратын жергілікті органдары қызметінің 7 тексеріс өткізілді.

Тексеріс барысында 23  заң бұзушылық, мемлекеттік қызмет көрсету саласында өзге де талаптарын бұзу айқындалды.

Осы тексерістің нәтижесінде 33 ұсыныстар берілді, оның ішінде 24 орындалды, 9 орындалған жоқ.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының мамандарының тексеріс өткізу нәтижесінде жергілікті бюджетін қаражатының есебінен қаржыландыратын жергілікті органдарының 5 маманына 2 сөгіс, 2 –қатаң сөгіс, 1- ескерту түрінде тәртіптік шара  қолданылды.

 

 

4. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет сапасына қағанаттану деңгейін арттыру және келешектегі тиімділігі

 

2017 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру бағытында жұмыс жалғасады, атап айтқанда «Азаматтар үшін Үкімет» Мемлекеттік корпорация және электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін  бұзуға жол бермеу,мемлекеттік қызмет көрсету санын арттыру.

Электронды форматта және мемкорпорациясы арқылы мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі туралы халыққа ақпарат беру жұмысы тұрақты бақылауға алынды.

2017 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызеткерлерді оқыту, мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен қарым-қатынас жасай білу дағдысына және мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін жоғарылатудани өткізу жоспарлануда.