Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу негізі
Басты Халыққа қызмет көрсету Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу негізі

Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу негізі

Қоғам және мемлекетіміздің өмірінде маңызды проблемалардың бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың ең маңыздысы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті және оны алдын алудың жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының пайда болу себептері мен жағдайларын азайту мақсатында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде.

Мемлекет Басшымыздың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 2017 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуға тиіс. Бұл орайда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керек.

Бұл мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы алдын алудың маңызды шарасы.

Электронды мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны бар «артықшылықтарды» азайтады (заңсыз сыйақылар, артықшылықтар және т. б. мүмкіндіктер).

«Электрондық үкімет» порталын көпшілікке тарату мақсатында Департамент «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-мен бірлесіп 2016 жылдың соңынан және қазіргі уақытқа дейін «электрондық үкімет» порталын көпшілікке тарату және пайдалану бойынша оқыту жүргізілуде. Мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының, білім беру саласының, денсаулық сақтау, өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлері мен Павлодар қаласы жоғары оқу орындарының студенттер арасында 3000-нан аса азамат қамтылған, 90 семинар өткізілді.

Департамент жанында жұмыс істейтін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық профилактикасын алдын алу көріністерінің қызметіне қосатын үлесі зор. Құзырлы органдарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнаманың сапасын жақсарту, жетілдіру, қоғамдық мониторингті ұйымдастыру ұсыныстарын енгізу осы бағыттағы негізгі әдістердің бірі болып табылады.

Қазақстанда іске асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат әрбір қазақстандықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікке бағытталған. Бұл ретте адалдық пен сатылмаушылық күнделікті нормаға айналуы тиіс. Азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, сыбайлас жемқорлықты жуытпайтын тұрақты иммунитеті болмаса, оны жариялы түрде бетке басу қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың ісі екендігін түсінген жөн.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы