Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне өзгерістер енгізілгені туралы
Басты Халыққа қызмет көрсету Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне өзгерістер енгізілгені туралы

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) баланың тууын тіркеу мерзімін қысқарту бөлігінде өзгерістер енгізілгені барлығыңызға белгілі.

Осылайша, Кодекстің 189-бабымен баланың тууы туралы өтінішті оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдар тіркеуші органдарға ол туған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс, ал бала өлі туған жағдайда, босанған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы өтінішті беретіні көзделген.

Сонымен қатар, баланың тууын тіркеуге өтінішті қабылдаған кезде, уақыт кезеңiмен белгiленетiн мерзiмнiң өтуi күнтiзбелiк күннен немесе мерзiмнiң басталуы белгiленген оқиға болғаннан кейiнгi келесi күннен басталады деп көрсетілген, ҚР Азаматтық Кодексінің 173-бабын басшылыққа алу қажеттігіне назар аударамыз.