Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шарбақты ауданы Галкино ауылында кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаның жеке меншік құқығына тиесілі, ерекше тәртіпті қолдана отырып, тұрғын үйді мемлекетік сатып алуды іске асыру бойынша КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМАЛАРЫ
Басты Мемлекеттік сатып алулар "Шарбақты ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ Шарбақты ауданы Галкино ауылында кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаның жеке меншік құқығына тиесілі, ерекше тәртіпті қолдана отырып, тұрғын үйді мемлекетік сатып алуды іске асыру бойынша КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМАЛАРЫ

                                                                               

Бекітемін:

                                                 «Шарбақты ауданының сәулет, қала құрылысы

және құрылыс бөлімі» ММ-нің бастығы

Равиль Гильманович Гумаров:

 ________________                    

                        2014 жылғы 24  ақпаннан № 30   бұйрық

 

 

                                                                                                                                                                                           

Шарбақты ауданы Галкино  ауылында кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаның жеке меншік құқығына тиесілі, ерекше тәртіпті қолдана отырып, тұрғын үйді мемлекетік сатып алуды іске асыру бойынша КОНКУРСТЫҚ  ҚҰЖАТТАМАЛАРЫ

 

Тапсырыс беруші: «Шарбақты ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советтер көшесі 51, кабинет №8, Шарбақты аудандық Қазынашылық басқармасы, БИН 110140009514, БИК KKMFKZ2A, ИИК KZ07070103KSN4512000, веб-сайт: sharbakty.pavlodar.gov.kz  (sherbarhitektura @mail.ru.)

Тапсырыс берушінің өкілі: Гумаров Равиль Гильманович  – «Шарбақты ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы,   тел. 8 (71836) 2-34-91,2-30-31

Мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы:  «Шарбақты ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советтер көшесі 51, кабинет №8  Шарбақты аудандық Қазынашылық басқармасы, БИН 110140009514, БИК KKMFKZ2A, ИИК KZ07070103KSN4512000, веб-сайт: sharbakty.pavlodar.gov.kz ( sherbarhitektura @mail.ru.)

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі: Гумаров Равиль Гильманович – «Шарбақты ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы, тел. 8 (71836)  2-34-91,2-30-31

Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады.

 

1. Жалпы Ережелер

1. Конкурс ұсыныс берушілерді таңдау үшін өткізіледі:

Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаның жеке меншік құқығына тиесілі, Павлодар облысы Шарбақты ауданы Галкино  ауылындағы  тұрғын-үйді сатып алу.

2. Павлодар облысы Шарбақты ауданы Галкино ауылындағы  тұрғын-үйді мемлекеттік сатып алу бойынша осы конкурс үшін бөлінген сома:  700 000 теңге.

3. Аталмыш конкурстық құжаттамалар өзіне төмендегілерді қамтиды:

1)  мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы және мекенжайы (1 бет);

2) сатып алу үшін бөлінген лато №, өлшем бірлігі, жеткізу шарты, жұмысты орындау мерзімі және шарты, сома және төлем шарты көрсетілген сатып алынатын жұмыс тізімі (1 қосымша);

3) сатып алынатын жұмыстарға техникалық спецификация (3 қосымша), белгіленген тәртіпте смета-жобалық құжатты қоса сатып алынатын жұмыстын талап етілетін техникалық, сапа және пайдалануға беру сипаттамасы;

4) заңды және жеке тұлғалардың конкурсқа қатысуы үшін өтінімі (5 қосымша);

6) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімі бар конвертті әлеуетті жабдықтаушының ұсынымын және өтінімін ресімдеу талаптары (18-37 б.);  

7) бағасынан басқа, конкурс жүлдегерлерін анықтайтын критерилер, сонымен қатар осындай китерилердің мазмұны және шартты бағаны есептеу әдісі (4 б. 2 б.);

8) жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келетінің растайтын әлеуетті жабдықтаушы (оның субжабдықтаушысы (қоса атқарушы) ұсынатын құжаттар тізімі (19 б.);

9) арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келетінің растайтын әлеуетті жабдықтаушы және (немесе) оның субжабдықтаушысы (қоса атқарушы) ұсынатын құжаттар тізімі (19 б.);

10) төлем шарты (11,12 б.) және манызды шартты көрсете отырып мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы (4 қосымша);

11) конкурстық баға ұсынымы құрамының талабы талабы, сонымен қатар сатып алынатын жұмыс бағасынан басқа оларды тасу және сақтандыру, кеден бажын төлеу, салық және жиын шығындарын және жұмысты орындау жағдайымен байланысты өзге шығындарды (49,55 б.), сонымен қатар баға кестесін көрсету (13 қосымша);

12) конкурсқа қатысушының баға ұсынысы көрсетілетін валюта және валюталар және оларды салыстыру және бағалау мақсатында біріңғай валютаның шартты  бағасын келтіру үшін қолданылатын бағамы (51,52 б.);

13) Қазақстан Республикасының тілдер туралы Заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт, конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімді ұсыну және құру, тілге талап (24 б.);

14) конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімді қамсыздандыру және қамтамасыз ету түрі, енгізу шарты (5б.);

15) әлеуетті жабдықтаушының құқығына нұсқаулық конкурсқа қатысу үшін өзінің өтінімін оныс ұсыну мерзімінің аяқталуына дейін өзгерту және қайтарып алу (31-34 б.);

16) конкурсқа қатысуға өтінімі бар конвертті ұсынудың тәртібі, тәсілі, орны және соңғы мерзімі, конкурсқа қатысу үшін өтінім әрекетінің мерзімі (27-30 б.);

17) конкурс құжаттарының мазмұны бойынша әлеуетті жабдықтаушылар түсінік беруді сұрай алатын тәсілдер, сонымен қатар конкурс құжаттамасының ережесін түсіндіру бойынша әлеуетті жабдықтаушылармен кездесу ұйымдастыру уақыты және орны (13-17 б.);

18) конкурсқа қатысу үшін өтінімі бар конверттерді ашу уақыты және орны (38 б.);

19) конкурсқа қатысу үшін өтінімі бар конверттерді ашу үрдісін сипаттау (39-41 б.), конкурсқа қатысу үшін өтінімді қарау (42-46 б.), конкурстық баға ұсынымын бағалау және салыстыру (47-48 б).

20) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы және тапсырыс беруші өкілдері туралы мәлімет, уәкілеттілерді конкурс тәсілімен алдағы мемлекеттік сатып алуда ұсынады (1 бет); 

21) конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алудын (әрбір лато бойынша) мәні болып табылатын жұмысты жүргізу үшін бөлінген сома туралы мәлімет (2 б.);

22) Интернет-ресурстың электронды мекенжайы, жариялауға жататын ақпаратты орналастыру жоспарланған веб-портал (1 бет);

4. әлеуетті жабдықтаушы барлық конкурс құжатының мазмұнындағы және қосымшаларындағы талаптарды, түрлерді, шартты және техникалық спецификацияны оқып шығуы керек. Конкурс құжаттамасындағы барлық талаптарға сай келмейтін конкурс өтінімін ұсыну әлеуетті жбдықтаушыға қатер тигізуі мүмкін және оның клнкурстық өтінімін қабылдамау мүмкін.

Әлеуетті жабдықтаушының болжалып отырған жұмыс телімін және ұсынылып отырған аумаққа баруға және  қарауға құқығы бар. Әлеуетті жабдықтаушының конкурска өтінім беруі конкурс құжаттамасындағы талаптар оларға тиесілі екендігін білдіреді.

Әлеуетті жабдықтаушы өзінің конкурс өтінімін дандауға және тапсыруға байланысты барлық шығындарға жауапты, ал конкурсты ұйымдастырушы  және конкурс комиссиясы  осы шығындарға міндетті емес.

 

Мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер   

            6. Әлеуетті жабдықтаушы өткізілгелі жатқан мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқығы жоқ егер:

1) мемлекеттік сатып алу және өткізілгелі жатқан мемлекеттік сатып алуда жеткізушіні тандау туралы шешім қабылдауға құқығы бар немесе тапсырыс берушінің немесе ұйымдастырушының өкілі болып табылатын осы әлеуетті жабдықтаушының және (немесе) осы әлеуетті жабдықтаушының құзіретті өкілдерінің  жақын туыстары, зайыбы;

2) әлеуетті  жабдықтаушы және (немесе) оның жұмыскері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға немесе ұйымдастырушыға сарапшы, кеңес беру және (немесе) өткізілгелі жатқан мемлекеттік сатып алу бойынша өзге қызмет көрсетсе, технико-экономикалық дайндауға бас жобалаушы және субжобалаушы ретінде қатысса және (немесе) жүргізілгелі жатқан мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын обьекті құрылысына жобалық (смета-жобалық) құжаттама жасаса, жобалық (смема-жобалық) құжаттаманы дайындау бойынша мемлекеттік сатып алуда техникалық-экономикалық қамтамасыз етуге қатысқанды қоспағанда;

3) мемлекеттікк сатып алуға  қатысуға үміткер әлеуетті жабдықтаушының бастығы заңды тұлғаның жарғылық капиталына, мекемеге, басқаруға қатысушы ретінде мемлекеттік сатып алуға қатысушылар жауапсыздар тізіліміне енгізілген болса;

7. Әлеуетті жабдықтаушы және әлеуетті жабдықтаушы аффилиирлі тұлғасы бір конкурсқа қатысуға құқығы жоқ (лото).

8. мемлекеттік сатып алу мүддесіне іске асырылып жатқан тапсырыс беруші әлеуетті жабдықтаушы ретінде осындай сатып алуға қатыса алмайды..

9. 6-8 тармақта көрсетілген талаптарда қателік жіберген әлеуетті жабдықтаушы немесе жабдықтаушыға Қазақстан Республикасының  2007 жылғы 21 шілдедегі  «мемлекеттік сатып алу туралы» №303 заңында белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алуды уақытында орындамайтын тізімге қосу ұсынылсын.

10. 6-8- тармақта көрсетілген негіздер бойынша конкурстан бас тартқан кезде конкурсқа қатысу туралы хаттамада оның бас тартуы бір конкурстық өтінім берген әлеуетті жабдықтаушы хабарлауымен негізделеді.

 

Төлем шарты

 

  11. Төлем шарты: қаржы органдарының лимиттін бөлу шарты бойынша бюджет қаржысын келесі тәртіпте бөледі:

- мемелекеттік сатып алу туралы шартты жасағаннан және оны қазынашылық органда тіркегенен кейін, тапсырыс беруші шарттын жалпы сомасы көлемінде төлемді 10 күнтізбелік күн ішінде аударады;

Жұмысті іске асырғаны үшін толық төлеу осы шарт бойынша міндеттерді орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайды.

12. Әлеуетті жабдықтаушы өзге шығындарды көрсетуге құқы бар, сонымен қатар жеңілдік көлемін егер ол берілсе. Әлеуетті жабдықтаушы төлемнің балама түрлерін ұсына алады немесе баға кестесінде жеңілдік бағасын көрсетіп баға жеңілдігінне байланысты басқа шарттар, ол осы жағдайда ұсына алады, бірақ міндетті түрде ұсынылып отырған баға көрсеткішін базалық төлем жағдайында ұсыну.

 

 

2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының

конкурстық құжаттамалар көшірмесін алған потенциалды орындаушыға түсіндірмесі

 

13. Конкурсқа қатынасуға үміткер әлеуетті өнім беруші 10 күннен кеш емес өтінішті ұсыну мерзімі аяқталғанға дейінгі   мерзімде конкурстық құжаттамалардың Ережелерін түсіндіріп беру туралы жазбаша өтініш беруге құқылы. Сұранысты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының адресіне жіберу қажет: 141100 Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советтер көшесі 51, №8 кабинет

14. Мемлекеттік стапы алуды ұйымдастырушы сұранысты алған 3 жұмыс күні мерзімі ішінде кімнен сұраныстың түскеннен көрсетпестен жауап беруі қажет:

1) конкурстық құжаттамалардың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына  мәліметі енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттамалар Ережелерін түсіндіру жіберілсін.

2) Конкурстық құжаттамалар Ережелерін түсіндіру веб-сайтта жариялансын.

15. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы  конкурстқа қатынасуға өтінішті тапсыру мерзімінің аяқталуына 5 күннен кеш емес уақыт аралығында өзінің және конкурстық құжаттамалардың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің сұранысына жауап ретінде  конкурстық құжаттамаларға өзгерістер /немесе қосымша/ енгізуі мүмкін. Конкурстық құжаттамаларға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттамаларды бекіту тәртібі бойынша толтырылады.

Енгізілген өзгерістер шартты күшке ие, және конкурстық құжаттамаларға өзгерістер енгізілгеннен кейін  бір жұмыс күні  мерзімі ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тарапынан конкурстық құжаттамалар көшірмесін алған барлық әлеуетті өнім берушілерге тегін жіберіледі. Сонымен бірге әлеуетті өнім берушілердің осы өзгерістерді конкурсқа қатынасуға берілетін өтініште есепке алуы үшін конкурсқа қатынасуға өтініш берудің соңғы мерзімі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тарапынан он күнге создырылады.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы өзгертілген конкурстық құжаттамаларды өзгертілген, толықтырылған жерлерін көрсетіп веб-сайтта жариялайды.

16. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамалардың Ережелерін түсіндіру бойынша 2014 жылдың 14  наурыз  сағат 10-00-де Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шарбақты ауылы Советтер көшесі 51 үй, 8-ші кабинетте конкурстық құжаттамалар көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілермен немесе олардың өкілетті өкілдерімен кездесу өткізеді.

17. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізіп, онда конкурстық құжаттамалардың көзін көрсетпестен түсіндіреді және сұрақтарға жауап беріп, кездесудің хаттамасын түзеді. Конкурстық құжаттамалар алған әлеуетті өнім берушілерге кездесудің хаттамасы кездесу өткізілгеннен кейін екі күн ішінде конкурстық комиссия арқылы пошта реквизиттеріне, немесе факс, электронды поштамен жіберіледі.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын веб-сайтта жариялайды.

 

 

3. Конкурстық әдіспен мемлекеттік сатып алуларда өтінішпен қатынасушы

потенциалды орындаушылардың конвертін ұсынуы және конкурстық негіздегі

мемлекеттік сатып алуларға қатынасу өтінішін толтырудың талаптары

 

Конкурсқа қатынасу өтініші

 

18. Конкурсқа қатынасуға берілген өтініш конкурсқа қатынасушы әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамаларда көрсетілген талаптар мен шарттарға сай тауарды жеткізуге, /жұмыстарды атқаруға, қызметтерді көрсетуге/ келіскендігін білдіретін форма болып табылады.

19. Конкурсқа қатынасуға берілген конкурсқа қатынасушы әлеуетті өнім берушінің өтінішіне мыналар кіреді:

1) әлеуетті өнім берушінің жалпы біліктілік талаптарына сәйкестілігін дәлелдейтін құжаттардың тізімі:

- нотариалды құпталған  жеке тұлғаның жеке куәлік көшірмесі:

- жеке тұлғаның СТН көшірмесі:

-  тұрғын-ұйге құқығын растайтын құжаттар

- баға ұсынысы

 

Конкурсқа қатынасу өтінішін толтыруға қойылатын талаптар

 

20. Қонкурсқа қатынсау үішн берілетін өтініш әлеуетті өнім берушінің тарапынан мемлекеттік сатып алушыға номірленген парақтарды тігілген түрде, соңғы парағы қолмен бекітіліп, мөрленіп тапсырылады /жеке тұлғада егер бұлар болса/.

Конкурсқа қатынасудың техникалық жағы /номірленген парақтары тігілген түрде, соңғы парағы қолмен бекітіліп, мөрленіп тапсырылады /жеке тұлғада егер бұлар болса/ мен конкурсқа қатынасуды нақтылайтын құжаттың түпнұсқасы бөлек тапсырылады.

21. Конкурсқа қатынасу өтініші өшпейтін сиямен жазылып, басылады және әлеуетті өнім беруші тарапынан қол қойылып, мөрмен бекітіледі/жеке тұлғада егер бұлар болса/.

22. Конкурстық өтініште ешқандай жазу жолдарының арасында қосымшалар, өшірулер мен өзгертулер, әлеуетті өнім берушінің грамматикалық, арифметикалық қателерін түзеткеннен басқа, болмауы қажет.

       23. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатынасу үшін берілетін өтінішті алдыңғы бетінде әлеуетті өнім берушінің аты мен пошта адресі көрсетілген  /егер конверт кешіксе қайтару мақсаты үшін/, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық аты мен пошта адресі корсетіп, мемлекеттік стапы алудың әдісін көрсетіп, және төмендегі «Шарбақты ауданы Галкино  ауылындакәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаның жеке меншік құқығына тиесілі, ерекше тәртіпті қолдана отырып, тұрғын үйді мемлекетік сатып алуды іске асыру бойынша КОНКУРС және «2014 жылғы 27 наурыздың сағат 12-00 дейін ашылмасын» мазмұндағы мәтінді конвертке салып жіберуі тиіс.

 

Конкурстық өтінім тілі

 

24. Әлеуетті жабдықтаушымен дайындалған конкурстық өтінім, сонымен қатар конкурстық өтінімге қатысты барлық құжаттар және хат алмасулар осы конкурстық құжат құрылған тілде құрылады және ұсынылады. Әлеуетті жабдықтаушы ұсынатын ілеспе құжат және жазба әдебиеті басқа тілде құрыла алады, конкурс өтінімінің тілдер бөлігіне сәйкес егер оған нақты және нотариалдық расталған аударма болса, конкурстық құжат тілінде жасалған құжат бағаланады (конкурстық құжат қазақ және орыс тілінде дайындалады).

 

                                         Конкурста қатынасуға өтініш берудің тәртібі

 

27. Конкурстқа қатынасу үшін өтініш әлеуетті өнім беруші тарапынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма қол немесе мына пошта адресі арқылы беріледі: «Шарбақты ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советтер көшесі 51, №8 кабинет  Р.Г.Гумаровқа 2014 жылдың 27 наурыздың  сағат 10-30-ға дейін.

28. Конкурсқа қатынасу үшін берілетін мерзімнен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға кешігіп келген барлық өтініштер ашылмастан оны жіберген әлеуетті өнім берушінің өтініш берілген конвертінде көрсетілген реквизиттеріне немесе әлеуетті өнім берушінің өкілетті өкілдеріне алғаны туралы жазбаша беріледі.

29. Әлеуетті өнім беруші немесе оның өкілетті өкілінің конкурсқа қатынасу үшін берген өтініші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі арқылы тіркеуден өтеді, ал егер тапсырыс беруші мен мемлекеттік стапы алуды ұйымдастырушы бір тұлға болған  жағыдайда – конкурстық комиссияның хатшысы тиісті журналда өтінішітің қабылданған күні мен уақытын көрсетіп тіркейді.

30. Осы конкурстық құжаттамада көрсетілген конкурсқа қатынасу өтініштері салынған конвертті толтыру талаптарын бұзып толтырылған өтініші бар конверттер қабылданбайды және тіркеуден өткізілмейді.

 

Конкурстық өтініштердің өзгеруі және қайтарып алынуы

31.  Әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінішті беру мерзімі аяқталмай тұрып өтінішті қамтамасыз еткен қаржыны қайтарып алу құқығын сақтаған халде өзінің өтінішін өзгертіге немесе қайтарып алуына болады. Өзгерістер енгізу конкрусқа қатынасу өтніші сияқты дайындалып, мөрленіп беріледі.

Конкурсқа қатынасу өтінішін қайтарып алу туралы хабарландыру әлеуетті өнім беруші тарапынан еркін өтініш түрінде толтырылып қол қойылып, мөрленіп (жеке тұлға егер мөрі болса) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына беріледі.

Конкурсқа қатынасу өтінішіне өзгерістер енгізу немесе оны қайтарып алу мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тарапынан конкурсқа қатынасу өтінішін беру мерзімі аяқталғанға дейін алынса жарамды болып саналады.

32. Конкурсқа қатынасу өтінішін беру мерзімі аяқталғаннан кейін  конкурсқа қатынасу өтінішіне өзгерістер енгізу немесе оны қайтарып алу мүмкін емес.

33. Мемлекеттік стаып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамалар белгілеген конкурсқа өтініш қабылдау мерзімінің аяқталуына күнтізблік он күннен кеш емес мерзімде әлеуетті өнім берушіден олардың өтініштерінің әрекет ету мерзімін нақты уақыт бірлігінде ұзартуды сұрауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші төмендегі құқықтарды жоғалпастан бұл сұранысты қанағаттандырмауға құқылы:

1)  әлеуметтік өнім берушінің өтінішінің әрекет ету мерзімі ішінде ашық конкурс әдісімен мемлекеттік сатып алуларға қатысуға;

2) конкурсқа қатынасу өтінішінің әрекет ету мерзімі аяқталысымен өтінішті қамтамасыз етуге берілгенді қайтаруға.

34. Әлеуметтік өнім беруші ашық әдіспен өткізілетін мемлекеттік сатып алуларда қатынасумен байланысты барлық шығындарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптамалық комиссия кеткен шығындарды толтыру бойынша конкурс әдісімен өткізілген мемлекеттік сатып алулардың қандай нәтижемен аяқталуына қарамастан ешқандай жауапкершілік көтермейді.

 

Конккурыстық өтінімнің баға кестесі

 

 35. Осы конкурстық құжаттамасының 13 қосымшаға сәйкес әлеуетті жабдықтаушы өзінің конкурстық өтініміне байланысты атқаруды ұсынып отырған жұмыстын жалпы сомасын, төлем шартын, төлемнің балама түрлерін, егер ондайлар болса  үлгі бойынша баға кестесінде көрсетеді.

36. Әлеуметтік жабдықтаушы ұсынып отырған жұмыс бағасынан басқа мыналар да көрсетулері керек:

1) Қазақстан Республикаксының заңнамасында қарастырылған барлық салықтар, баж және өзге міндетті төлемдер және жиындар;

2) үрдіске қажетті және сатып алу жұсмыстарын аяқтауға қажет қызметтер

3) болжалмаған шығындарға шығыстар;

4) әлеуетті жабдықтаушының өзге бағалары.

37. Егер әлеуетті жабдықтаушы баға кестесінде конкурстық өтінім бағасын көрсетнеген жағдайда, конкурстық комиссия ұсынылған бағаны барлық шығындар есептелді деп санайды және әлеуетті жабдықтаушымен ұсынылған баға қарастыруға жатпайды.

 

 

4. Конкурс әдісімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуларға қатынасу

үшін өтініштер  салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

38. Конкурсқа қатынасу үшін өтініштер салынған конверттерді ашу конкурстық комиссиямен барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың өкілетті өкілдерінің қатынасуымен Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советтер көшесі 51, №8 кабинетте 2014 жылдың 27 наурыздың сағат 12-00-де өткізіледі

Ашылу үшін әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатынасу үшін өтініштері салынған конверттер осы конкурстық құжаттаманың және мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушының хабарландыруларында көрсетілген тәртіп пен мерзімде тапсырылған болуы қажет.

Егер конкурсқа қатынасушы жалғыз бір ғана өтініш түскен болса, онда ол өтініш те ашылады.

39. Конверттерді ашу процедурасында қатынасып отырған әлеуетті өнім берушінің өкілетті өкілдері өзінің өкілеттілігін дәлелелдеуші құжаттарын көрсетіп, әлеуетті өнім берушілердің журналында Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советтер көшесі 51, №8 кабинетте 2014 жылғы 27  наурыздың сағат 11-50-де тіркеуден өтеді.

Әлеуетті өнім берушілер мен олардың өкілетті өкілдері ковертті ашу процедурасын  аудиотаспа мен видеотаспаға жазатын техникалық құралдарын қолданатыны жөнінде  конкурс комиссиясын хабарландырады.

40. Әлеуетті өнім берушілер мен олардың өкілетті өкілдерінің конкурсқа қатынасу өтініштері салынған коверттерді ашу процедурасында мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушының өкілетті өкілдерінің, конкурстық комиссяияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне раласуы мүмкін емес. 

41. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

1) мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушының өкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы бір тұлға болған жағыдайда – осы конкурстық құжаттамада мәліметтері көрсетілген конкурстық комиссияның хатшысы отырғандарды мыналармен таныстырады:

конкурстық комиссяиынң құрамы мен хатшысы туралы;

конкурстық құжаттамаларды алған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы;

әлеуетті өнім берушілердің сұранысының бар немесе жоқтығы, және конкурстық құжаттамалардың ережелерін түсіндіру бойынша мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізгені туралы;

конкурстық құжаттамаларға енгізілген өзгерістер мен қосымшалардың бар немесе жоқ болуы, себептері;

тиісті тіркеу журналында тіркелген, белгіленген мерзімде конкурста қатынасуға өтініш тапсырған әлеуетті өнім берушілер туралы;

2) конкурстық комиссияның төрағасы, немесе төраға анықтаған конкурс комиссиясының мүшесі:

конкурсқа қатынасу үшін өтініштер салынған конвертті ашып, ондағы құжаттардың тізімі және мазмұнымен таныстырады.

 3) конкурстық комиссияның хатшысы:

конверттерді ашу бойынша тиісті хаттама толтырады;

әлеуетті өнім берушілердің өкілетті өкілдеріне конкурстық комиссияның осы отырысы хаттамасын қашан алатыны жөнінде ақпарат береді.

Конкурсқа қатынасу өтініштері салынған коверттерді ашу конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасы конкурстық комиссия мүшелері, төрағасы, оның орынбасары, және конкурстық комиссияның хатшысымен қолдары қойылып, әрбір парағы парафинделеді.

Осы конкурстық комиссияның отырысы хаттамасы  конкурсқа қатынасу өтініштері салынған коверттерді ашу конкурстық комиссиясы отырысына қатынасып отырған әлеуетті өнім берушілер мен олардың өкілетті өкілдеріне отырыс өткізілгеннен екі күннен кешіктірместен, ал отырысқа қатынаса  алмай  қалғандарға олардың жазбаша сұранысынан екі күннен кешіктірмей берілуі қажет.

 

5. Конкурстық комиссияның конкурстық әдістегі мемлекеттік сатып алуларға қатынасу

өтініштерінің конкурстық құжаттамалардың талаптарына сай екендігін қарап шығуы

және әлеуетті  өнім берушілерді конкурсқа жіберу

42. Конкурстық комиссия тарапынан конкурсқа қатынасуға берілген өтініштерді қараудың мақсаты: конкурсқа қатынасуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің ішінен конкурстық құжаттамалардың талаптарына және біліктілік талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау, және оларды конкурсқа қатынасушы ретінде тану.

43. Конкурсқа қатынасу өтініштерін қарауда конкрстық комиссия мыналарға құқылы:

1) конкурсқа қатынасу өтініштерінің салыстыру, бағалау, қарап шығуды жеңілдету үшін конкурсқа қатынсуға үмітті әлеуетті өнім берушілерден өтініштерімен бірге жазбаша түрде материалдар мен түсіндірулер талап етуге;

2) конкурсқа қатынасу өтініштеріндегі мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдар, заңды, жеке тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша сұрауға.

Конкурстық комиссияның талаптарына конкурсқа қатынасуға берілген өтініштерді сәйкестендіру жөніндегі конкурстық комиссияның сұраныстары және басқа да әрекеттеріне жол қойылмайды. Конкурсқа қатынасуға берілген өтініштерді сәйкестендіру жөніндегі конкурстық комиссияның сұраныстары және басқа да әрекеттеріне конкурсқа қатынасу үшін өтініштерінің жетіспейтін құжаттары, құжаттардың алмастырылуы, құжаттардың талап деңгейіне келтіру талаптары жатады.

Егер конкурсқа қатынасу үшін берілген өтініште оның мағынасына әсер етпей түзетуге болатын қателері бар өтініш болса оны конкурстық комиссия қарайды.

44.Конкурстық комиссия төмендегі жағыдайларда әлеуетті өнім берушілерді біліктілік талаптарына сай емес деп таниды:

1) тиісті әлеуетті өнім берушілер мен олардың қосалқы мердігерлерінің жұмыстардың біліктілік талаптарына сәйкестігін бекітуге ұсынған құжаттары тапсырылмаса немесе ұқыпсыз толтырылса;

2) әлеуетті өнім берушінің және олардың қосалқы мердігерлерінің тапсырған құжаттарынан біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталса.

3) біліктілік талаптары бойынша жалған ақпарат берілсе.

Заңның 9 бабының 1 тармағында көрсетілмеген талаптар негізінде әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сай емес деп тануға жол қойылмайды.

Конкурсқа қатынасу өтініншінің қамтамасыз ету суммасы жалпы сумманың бір пайызы көлемінде қамтамасыз етілсе конкурстық комиссия өтініншті осы конкурстық құжаттама талаптарына сай деп мойындайды.

46. Конкурсқа қатынасуға үмітті әлеуетті өнім беруші конкурсқа мына жағыдайларда /конкурстық қатынасушысы ретінде танылмайды/ жіберілмейді, егер:

1) ол немесе оның қосалқы мердігері біліктілік талаптарына жауап бермесе;

2) Заңның 6 бабының талаптарын бұзса;

3) оның конкурсқа қатынасуға берген өтініші конкурстық құжаттаманың талаптарына сай емес деп анықталса;

Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2-ші тармақшасына сай конкурсқа қатынасуға жіберілмеген болса, онда:

конкурсқа қатынасуға жіберу жөніндегі хаттамада бұл әлеуетті өнім берушінің өтінішін кері қайтару себептері жазылады;

заңның 6 бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алулардың таза емес қатынасушылары жөніндегі тіркеуге белгіленген тәртіпте енгізіледі.

47. Конкурсқа қатынасуға берілген өтініштерді қарап шығудың нәтижесінде конкурстық комиссяи:

1) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтайды, олар конкурсқа жіберіледі (конкурс қатынасушылары);

2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурсқа қатынасуға жіберілген әлеуетті өнім берушінің (конкурс қатынасушысының) конкурстық  баға ұсыныстарын беруінің күні, уақыты мен орынын анықтайды және конкурсқа қатынасуға жіберілгені жөніндегі хаттаманы толтырады.

48. Конкурсқа жіберлгені жөніндегі хаттамаға отырыста қатынасып отырған комиссия хатшысының және барлық мүшелерінің қолы қойылады.

Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы конкурсқа қатынасуға жіберілгені жөніндегі хаттамаға қол қойылған күннен әрі бір жұмыс күнінен кеш емес мерзімде хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатынасуға өтініш берген барлық әлеуетті өнім берушілерге таныстырады немесе жібереді, және қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс беруішінің веб-сайтында жариялайды.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатынасуға жіберу туралы шешімін Заңның 45 бабында анықталған тәртіпте даулауға болады.

 

6. Конкурсқа қатынасуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің

 бағалық ұсыныстар конкурсын рәсімдеуі

           

49. Конкурсқа қатьнасуға жіберілген (конкурс қатынасушылары) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық бағалыр ұсынысы төмендегіше рәсімделеді:

1) осы конкурстық құжаттамалардың 9-шы қосымшасына сай конкурстық бағалар ұсынысың формасы өшірілмейтін сиямен басылған немесе жазылған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен бекітілген болуы қажет (жеке тұлғаға мөрі болса);

        2) конкурстық бағалар ұсынысында ешқандай жазу жолдарының арасында қосымшалар, өшірулер мен өзгертулер, әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерін түзеткеннен басқа, болмауы қажет.

3) отандық әлеуетті өнім  берушілердің  конкурстық бағалар ұсыныстары теңгемен белгіленеді;

            50. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатынасу үшін берілетін өтінішті алдыңғы бетінде әлеуетті өнім берушінің толық аты көрсетіп, мына мазмұндағы мәтінді «Шарбақты ауданы Галкино  ауылындакәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаның жеке меншік құқығына тиесілі, ерекше тәртіпті қолдана отырып, тұрғын үйді мемлекетік сатып алуды іске асыру бойынша КОНКУРС» КОНКУРСТЫҚ ҚҰНДЫ ҰСЫНЫСЫ –АШЫЛМАСЫН: жоғарыда аталған конкурсқа қатысу туралы хаттамада күні, уақыты және орны хабарланады».

Конкурсқа қатынасушының бір конкурстық құнды ұсынысынан артық ұсыныс беруіне жол қойылмайды, сонымен бірге конкурстық бағалар ұсынысын қайтарып алуға, өзгерістер, қосымшалар енгізуге де жол қойылмайды.

Конкурстық өтінім және төлем валютасы

 

51. Әлеуетті өнім  берушілердің  конкурстық бағалар ұсыныстары теңгемен белгіленеді. Шетел әлеуетті өнім берушілердің конкурсытық бағасы шет ел валютасында көрсетілуі мүмкін.

52. Осы конкурстық құжаттын 10 бабына сәйкес баға және конкурстық баға ұсынысын салғастыру қаржы органдарымен бюджет қаржысының лимиттері Халық банкі курсы бойынша конкурстық комиссиясының отырысы өткен күні орындау шараларасы бойынша ұлттық және шетел әлеуетті жабдықтаушыларының төлемі ұлттық валютамен (теңге) төленеді.  

 

 

7. Конкурстық комиссияның конкурстық бағалар ұсынысын

салыстыруы мен бағалауы және жеңімпазды анықтауы

53. Конкурсқа қатынасуға жіберу хаттамасы бекіткен күн, уақыт, орында конкурстық комиссяи конкурс қатынасушыларының конкурстық бағалар ұсынысын салыстыру және бағалау отырысын өткізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатынасуға жіберу хаттамасы бекіткен мерзім аяқталғанға дейін конкурстық бағалар ұсынысы салынған коверттерді тапсырған конкурс қатынасушылары туралы мәліметтерді конкурстық бағалар ұсынысын тіркеу  журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

Конкурстық комиссияның отырысында конкурстық комиссияның төрағасы немесе төраға комиссия мүшелерінің ішінен анықтаған тұлға:

конверттердегі қатынасушылардың конкурстық бағалар ұсынысын хронологиялық тіркелу тәртібімен ашады;

қатынасушылардың конкурстық бағалар ұсынысын хронологиялық тіркелу тәртібімен дауыстап таныстырады;

қатынасушылардың конкурстық бағалар ұсынысы бар ашылған конверттерді конкурстық комиссия хатшысына береді.

54. Конкурстың қатынасушылары және олардың өкілетті өкілдері конкурстық бағалар ұсынысы бар ашылған конверттердің мазмұынмен танысуға құқылы.

55. конкурстық комиссиясының  конкурстық бағалар ұсыныстарын бағалау және салыстыру отырысында конкурстың қатынасушылары және олардың өкілетті өкілдері қатынасып, аудиотаспа және видеотаспаға жазуға құқылы. Бұл жөнінде конкурстың қатынасушылары және олардың өкілетті өкілдері конкурстық комиссияны техникалық құралдар қолданатынын хабарландыруы қажет.

56. конкурстық бағалар ұсыныстарын бағалау және салыстыру процедурасын жеңілдету үшін конкурстық комиссия  түрлі валюталарда белгіленген барлық  конкурстық бағалар ұсыныстарын Қазақстан Республикасының валютасы – теңгеге конкурстық комиссиясының  конкурстық бағалар ұсыныстарын бағалау және салыстыру отырысын өткізу мерзіміне сай Қазақстан Республикасының Қалық Банкі белгілеген ресми курспен аударады.

57. Конкурстық комиссия конкурысқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысын қабылдамайды:

1) егер конкурстың қатынасушыларының конкурстық бағалар ұсыныстарының бағасы демпингті болса қабылдамайды;

2) конкурстың қатынасушыларының осы жұмыстарды конкурс әдісімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыруға бөлінген суммадан артық болған конкурстық бағалар ұсыныстарын қабылдамайды;

Конкурстық комиссия конкурсқа қатынасуға рұқсат беретін хаттаманың негізінде қатынасушылардың конкурстық бағалар ұсыныстарының критерийлерінің пайыздық мағынасын қолданып қатынасушылардың шартты бағасын анықтайды;

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын салыстырады және ең аз шарты баға негізінде конкурс жеңімпазын анықтайды

       Егер конкурстық баға ұсынымы  тең түссе отандық жабдықтаушы жеңімпаз болады. Отандық жабдықтаушылардың конкурстық баға ұсынымы  тең түскен жағдайда жұмыс тәжірибесі жоғары отындық жабдықтаушы жеңімпаз болады.

58. конкурстық комиссия конкурсқа қатынасушылардың конкурстық бағалар ұсыныстарын бағалау және салыстыру нәтижесі арқылы жеңімпазды анықтайды және конкурстық әдіспен өткізілген мемлекеттік сатып алулар нәтижесі жөніндегі хаттаманы толтырады. конкурстық әдіспен өткізілген мемлекеттік сатып алулар нәтижесі жөніндегі хаттаманың әр беті парафинделеді және конкурстық комиссяиның төрағасымен, конкурсқа қатынасып отрыған комиссия мүшелерімен, комиссия хатшысымен қол қойылады.

 59. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатынасуға өтініштерді тіркеу журналында мәліметтері жазылған әлеуетті өнім берушгілердің сұранысынан хаттамаға қол қойылған күннен әрі бір жұмыс күнінен кеш емес мерзімде конкурстық негіздегімемлекеттік сатып алулардың қорытындысы жөніндегі хаттаманың көшірмесін тегін негізде жіберуі шарт.

 

8. Конкурстық өтініштің демпингтік

 бағасын анықтаудың тәртібі

60.  Әлеуетті өнім берушгілердің жұмыстарға берген конкурстық өтінішінің бағасы белгіленген тәртіпте мемлекеттік экспертизаны өткен және бекітілген техникалық-экономикалық негіздемедегі (жобалық-сметалық құжаттманы әзірлеу үшін) бағадан 10 пайыздан төмен болса демпингті деп танылады.

61. Егер конкурстық комиссия  әлеуетті өнім берушілердің  конкурсқа қатынасуға берілген өтініштерінің демпингтік баға фактісін анықтаса, конкурстық комиссия конкурсты өтінішті кері қайтару себебін көрсету мақсатында конкурстың қорытынды хаттамасында мына ақпаратты қосады:

1) бағалары демпингті деп табылған конкурстық өтініштер.

 

9. Конкурсқа қатынасу өтінішінің қамтамасыз етілуін қайтару

 

62. Мемекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатынасуға берген өтінітшетерін қамтамасыз етуді мына жағыдайлардың бірі болған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде кері қайтарады:

1) әлеуетті өнім берушнің конкурсқа қатынасуға берген өтінішін  конкурсқа өтініш беру мерзімінің аяқталуына дейін қайтарып алса;

2) конкурсқа қатынасуға рұқсат беру жөніндегі хаттамаға қол қойылса. Бұл жағыдай конкурстық қатынасушысы болып саналған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

3) конкурстық әдіспен өткізілген мемлекеттік сатып алулардың қорытындылары жөніндегі хаттамаға қол қою. Бұл жағыдай конкурстың жеңімпазына қолданылмайды;

4) мемлекеттік сатып алулар жөніндегі шартнама күшіне енгенд;

5) конкурсқа қатынасу үшін берілген әлеуетт өнім берушінің өтінішінің мерзімі аяқталғанда.

63. Конкурстық өтініштің қамтамасыз етілуі мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы тарапынан мына жағыдайларда қайтарылмайды. Егер:

1) конкурсқа қатынасуға берілген өтініштің мерзімі аяқталғаннан кейін әлеуетті өнім беруші өтінішті қайтарып алса немесе толықтырса;

2) конкурстық қатынасушысы болып танылған әлеуетті өнім беруші өтінішті белгіленген мерзімде тапсырмаса немесе конкурстық бағалар ұсынысын қайтарып алса;

3) конкурстық жеңімпазы болып табылған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алулар жөніндегі шартнамаға отырудан бас тартса;

4) конкурстық жеңімпазы мемлекеттік сатып алулар жөніндегі шартнамаға отырып, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі шартнаманың қамтамасыз етпесе немесе оның конкурстық құжаттама белгілеген талаптарын орындамаса.

10. Конкурс қорытындысы бойынша

мемлекеттік сатып алулар жөніндегі шартнама

64. Заңның және жұмыстарды мемлекеттік сатып алулар жөніндегі шартнаманың талаптары негізінде конкурс әдісімен өткен мемлекеттік сатып алулардың қорытындасы жөніндегі хаттамаға қол қойылған күннен кейін 5 жұмыс күні ішінде жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі шартнамаға қол қойылады.

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысын жасағанда тапсырыс беруші жеңімпазға мемлекеттік сатып алу туралы шарттын жобасын және қорытындысы туралы  хаттаманың бір данасын жібереді.

65. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасау мерзімі әлеуетті жабдықтаушыға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын жіберген күннен бастап  отыз күнтізбелік күнен аспауы керек.

66. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасаған күнен бастап жабдықтаушы он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттағы жалпы соманың  3 % көлемінде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізу қажет:

            Осы қаржылық жыл ішінде төрт мың айлық көрсеткіштен жоғары көлемде жұмысты орындау

            Мемлекеттік сатып алу туралы шарттын орындалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасағанда  ол дер кезінде, толық және тиісінше өзінін міндетін орындауға  кепілдік ретінде енгізеді.

            Жабдықтаушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттын орындауды қамтамасыз етудің біреуін тандауға құқығы бар:

1)      Банктік кепілдік «12 қосымша)

Шарт бойынша міндеттерді толық орындамағанға дейін жабдықтаушы үшінші тұлғаға нұқсан келтіретін кепілдік ақша жарнасын енгізуге тыйым салынады.

Жабдықтаушы енгізген кепілдік ақша жарнасын Заңнамада қарастырылмаған мақсатта пайдалануға рұқсат етілмейді.

67. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алулар жөніндегі шартнаманы қамтамасыз етуді өнім беруші өзінің міндеттемелерін толық және талапқа сай орындаған күннен кейін 5 күн ішінде өнім берушіге қайтарады.

68. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алулар жөніндегі шарттағы міндеттерді орындамаған жағдайда қайтармайды.

69. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты оның тараптары орындамау және тиісінше орындамаған жағдайдаайыппұл төлейді. 

70. мнмлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгеріс енгізу жағдайы бар.

71. Отандық жабдықтаушымен шарт алдын ала төлеу және орындалған жұмысты толық төлеу туралы жағдайы болу керек. Осыған қарамастан осы шарт бойынша міндеттерді орындаған күннен бастап еңбекақыны толық төлеу отыз күнтізбелік күннен аспауы керек

72.  Егер әлеуетті өнім беруші Заңда көрсетілген мерзімде тапсырыс берушіге бекітілген мемлекеттік сатып алулар жөніндегі шартнаманы тапсырмаса немесе конкурстық құжаттмада көрсетілген жағыдайларда қарастырылғандай мемлекеттік сатып алулар жөніндегі шартнамаға қол қойып оның қамтмасыз етілуін енгізбесе, онда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алулар шартнамасын түзуден бас тартты деп табылады.

73.  Егер әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алулар шартнамасын түзуден бас тартты деп табылса, онда тапсырыс беруші:

1) өтінішті қамтамасыз етуді ұстап қалады және бұл жөнінде тиісті мәліметті өкілетті органға  береді, сонымен бірге сотқа жүгініп мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алулардың арсыз қатынасушысы ретінде танылуын сұрайды.

2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуларға қатынасуға мәжбүрлегені туралы және мемлекеттік сатып алулар шартнамасын түзуден бас тартуға байланысты кеткен шығындарды толтыру жөнінде сотқа арыз-талап түсіруге құқылы.

72. мемлекеттік сатып алу туралы шартта оны осындай деректерді анықтаған жағдайда қандай да бір кезеңде бұзу туралы жағдайы қарастырылады:

1) ҚР «мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 6 бабында қарастырылған шектеулерді бұзу;

2) ұйымдастырушы әлеуетті жабдықтаушыға ҚР «мемлекеттік сатып алу туралы» Заңында қарастырылмаған мемлекеттік сатып алуға көмек көрсету:

74. Отандық жабдықтаушымен шарт алдын ала төлеу және орындалған жұмысты толық төлеу туралы жағдайы болу керек. Осыған қарамастан осы шарт бойынша міндеттерді орындаған күннен бастап еңбекақыны толық төлеу 30 күнтізбелік күннен аспауы керек.

75. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт тапсырыс беруші және жабдықтаушы қол қойғаннан кейін және тапсырыс беруші қазынашылық органда тіркеген күннен бастап заңды күшіне енді деп есептеледі және осы шартта қабылданған  міндеттерді тапсырушы және жабдықтаушы  толық орындағанда орындалды деп саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

       

 

 

Конкурстық  құжаттамалардың

5  қосымшасы

Конкурсқа қатынасуға өтініш

                                                                                                                                                                                                                                           (заңды тұлғалар үшін)

      Кімге__________________________________________________________
     (мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)
      Кімнен_______________________________________________________
         (әлеуетті өнім берушінің атауы көрсетіледі)

  1. конкурсқа қатынасуға үміткер заңды тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:

Тұлғаны куәландыратын құжат негізіндегі жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің аты-жөні

 

Жеке тұлғаны - әлеуетті өнім берушіні куәландыратын құжаттың мәліметтері

 

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің тіркелген орны

 

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің нақты жасайтын орны

 

Қазақстан Республикасының Заңнамасына сай конкурстың предметіне сәйкес кәсіпкерлік қызметімен шұғылдануға құқық беретін патенттің немесе құжат куәлігінің тіркелу номері

 

Жеке тұлғаның банктегі реквизиттері (СТН, БИК, ЖИК) және жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктың немесе оның филиалының толық атауы

 

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің байланыс телефоны, пошта адресі және электронды адресі (егер болса)

 

  1.                      _____________________ (заңды тұлғаның аты-жөні толық жазылады) осы өтінішпен конкурстық әдіспен (конкурстық атауы толық көрсетіледі) конкурстық құжаттамада қаралған талаптар мен шарттар негізінде әлеуетті өнім беруші ретінде (тауарларды жеткізу, жұмыстарды атқару, қызметтерді көрсету – қажеттісін көрсету керек ) мемлекеттік сатып алуларға қатынасу мүмкіндігін білдіреді және келіседі. 
  2.                      Әлеуетті өнім беруші осы өтінінш арқылы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 6 бабына (Әрі қарай- Заң) сай шектеулерді бұзудың жоқ екендігін дәлелдейді. Осы өтінінш арқылы әлеуетті өнім берушінің ҚР Заңдары мне заңның 37 бабының 9 тармағы белгілеген тәртіпте мемлекеттік сатып алулар жөніндегі шартнаманы  (тауарларды жеткізу, жұмыстарды атқару, қызметтерді көрсету) тоқтатуға келісімін білдіреді.
  3.                      Әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының Заңнамасында қаралған авторлық және аралас құқықты қадағалау, өзінің құқықтық әлеуетін, біліктілігін, сапалық және басқа да мінездемелері (тауарларды жеткізу, жұмыстарды атқару, қызметтерді көрсету – қажеттісін көрсету керек) жайлы жалған мәлімет бергенде күтетін жауапкершілікпен және конкурстық құжаттамалармен танысқанын белгілейді.

Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатынасуға берген осы өтініші және қосымша құжаттары арқылы жалған мәліметтер бергені үшін жауапкершілікті толық мойнына алады.

  1.                      Осы конкурстық өтініш  ___ күн әрекет етеді.
  2.                      Егер біздің конкурстық өтініш жеңімпаз деп танылса, біз шартнаманың жалпы бағасының 3 пайызын құрайтын мемлекеттік сатып алулар шартнамасының орындалуын қамтамасыз етуді енгіземіз (шартнаманың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде конкурстық құжаттамада қаралған болса көрсетіледі)
  3.                      Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі шартнама қабылданғанша осы конкурсқа қатынасуға берілген өтініш  Сіздің оны жеңіп алғаны жөніндегі хабарламаңызбен бірге екеуміздің арамыздағы шартты шарттнама ролін атқарады.       

________________________________      ___________________/____________/
(заңды тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің бірінші тұлғасының немес оның орынбасарының лауазымы, аты-жөні мен қолы)

      Толтырылған датасы____________

      М.О.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конкурстық  құжаттамалардың

13-шы  қосымшасы

Әлеуетті өнім берушінің бағаларының кестесі

 ( әлеуетті өнім берушінің атауы әрбір лотқа бөлек толтырылады)

 

т/с

Мазмұны

Тауардың, жұмыстардың, қызметтердің  атауы

 

1

Қысқаша мазмұны

 

2

Шығарған мемлекеті (жұмыстарды сатып алуда алып тасталады)

 

3

Дайындаушы-зауыт (жұмыстарды сатып алуда алып тасталады)

 

4

Өлшем бірлігі

 

5

ИНКОТЕРМС 2000 (белгіленген жері)

_____________шарттарымен ____________бірлігінің_____________бағасы

 

6

Саны  (көлемі)

 

7

Бағасы барлығы = стр.5 х стр.6, _______-да

 

8

Әлеуетті өнім берушінің тасымалдауға, сақтандыруға, таможнялық пошлинаны төлеуге, ҚҚС және басқа салық түрлерін, сөлемдер мен жинақтарға, қосалқы детальдардың, шартты бөлшектердің, пайдаланудың алғашқы кездегі қызмет көрсетуді қосып барлық шығыстарын, басқа да шығыстарды қосқанда ИНКОТЕРМС 2000 белгіленген жерінің _____________________шарттарымен  жалпы бағасы __________

 

 

Әлеуетті өнім беруші басқа да шығыстарын көрсетуге құқылы, оның ішінде:

егер қызмет көрсетілсе,  арзандатудың көлемі

Біз Сіздің конкурстық құжаттамаларда айтылған төлем шарттарыңызға келісеміз.

Төмендегі альтернативтік төлем  шарттарын ұсынамыз

___________________________________________________________________________________________

(егер бар болса, альтернативтік төлем  шарттары жазылады)

немесе басқа шарттар

(көшіру _______________________________________________________________________________)

сонымен бір уақытта _______________________________________________көлемде бағаны арзандатып ұсынамыз

                                                                                                      (қаржылай мағынасы жабаша көрсетілсін)

_______________      ______________________________

       (Қолы)                         (лауазымы, фамилиясы)

 

М.О.

 

Ескерту: әлеуетті өнім беруші жалпы бағаның құрамдастарын  көрсетпеуіне болады, сонымен бірге әрбір қатарда көрсетліген бағаны конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушінің барлық шығыстарын есептегенде анықтаушы ретінде қарастырады және қайта қарауға жол қойылмайды.