Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Тарихи кезең
Басты Ауданның тарихы Тарихи кезең

1928 жылғы 17 қаңтарда Павлодар округінің құрамына Вознесенское село орталығында Володарский ауданы құрылды,  1928 жылы 23 шілдеде сол село, бірақ атауы Цюрупа болып қайта өзгертілді. Одан кейін Қазақстан Республикасының Орталық атқару комитетінің 1930 жылғы 17 желтоқсандағы қаулысымен, Цюрупа ауданының 1929 жылғы шекарасы, орталығы Вознесенское селосы болып бекітілді,   1931 жылы 28 мамырда Цюрупа аудан орталығы, Щербакты кәсіпшілігі бекітіледі. 1932 жылы ақпанда аудан Шығыс-Қазақстан облысының құрамына қосылды. 1944 жылғы 8 мамырда Қазақ ССР Жоғары Кеңес Президиумының Жарлығымен Цюрупа ауданының базасында Галкин ауданы құрылды. 1945 жылғы 1 қаңтарға дейін Цюрупа ауданының құрамында 13 ауылдық кеңес болған. 1957 жылғы 25 қазанда Қазақ ССР Жоғары Кеңес Президиумының Галкин және Цюрупа аудандарын біріктіру туралы Жарлығы қабылданды, орталығы Шербакты селосы. Ауданның құрамына бұрынғы Галкин ауданының 10 ауыл/селолық кеңесі енгізілді.

Қазақ ССР Жоғары Кеңес Президиумының 1963 жылғы 02 қаңтардағы Жарлығымен Цюрупа ауданы қысқартылды, оның базасында Щербакты селосында Щербакты ауданы құрылды. Аудан орталығы 1918-1922 жылдары құрылысы салынған «Павлодар-Құлынды-Барнаул» теміржол бойында орналасқан. 1929-1932 жылдары сыйымдылығы 2500 тонна астық сақтайтын, ағаш элеватор салынды, оның базасында астық қабылдау пункті құрылды. 1930 жылы ағаштан теміржол вокзалы мен теміржол клуб ғимаратының құрылысы салынды. Цюрупа ауданында 1939 жылғы 1 қаңтарға дейінгі деректер бойынша 26600 адам тұрған. Жергілікті маңызы бар өнеркәсіптің басты саласы жеңіл және тамақ өнеркәсібі, негізгі кәсіпорындардың қатарына теміржол станциясы, элеватор, Щербакты МТС, өнеркәсіп артельі, аудандық өнеркәсіп комбинаты, аудандық тұтыну одағының сауда орындары болып саналды. Соғыстың басталмас бұрын 1939 жылы ауданда 76 колхоз мемлекетке 8829 тонна астық тапсырды. Одан кейін соғыс басталды. 4700 цюрупалықтар  соғысқа аттанды, оның ішінде 2400 адам хабар-ошарсыз кетті. Соғыстан кейін қайта қалпына келтіру кезеңі өте ауыр жағдайда өтті.

1948 жылы бұрынғы Цюрупа ауданында (Галкинодан басқа) 17 колхозда небәрі 11479 ірі қара мал болды, оның ішінде 2574- сиыр, 25,4-бас қой, 623 - бас шошқа, 3,8 - мың бас құс. Щербакты және Цюрупа екі МТС-да техника өте аз болды: 72- трактор, оның ішінде 33- шынжыр табанды трактор. Нан, киім-кешек, аяқ киім, мектеп, медицина және мәдени мекемелер жеткіліксіз болды. Өткен ғасырда (1954-1960 жылдары) тың және тыңайған жерді игеруді қолға алған сәттен бастап аудан дами бастады және 1970 жылдарға дейін жалғасты.

70-ші жылдың соңында және 80-ші жылы аудан мықты аграрлы-өнеркәсіп кешеніне айналды. Щербактыда астық  сақтайтын сыйымдылығы үлкен элеватор, қуатты құс фабрикасы, аудандық өнеркәсіп комбинаты, механикалық-жөндеу заводы, «Сельхозтехника» екі құрылыс мекемесі, кіші электр станциясы, тұрмыстық комбинат, аудандық тұтыну одағы, автобус паркі, бірнеше автокөлік кәсіпорындары, «Сельхозхимия» және т.б. кәсіпорындар жұмыс істеді.  Өкінішке орай, экономикалық реформа кезінде 90-шы жылдары осының барлығын сақтап қалу мүмкін болмады.