Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Ауданның тарихи-өлкетану мұражайы
Басты Ауданның тарихы Ауданның тарихи-өлкетану мұражайы

Шарбақты ауданының құрылу тарихы

1928 жылы 17 қаңтарда Павлодар округі құрамында Павлодар уездінің Володарский, Орловка, Октябрьскийдің жартысы, Крестьянский, Первомайский болыстарынан құралған Володарский ауданы құрылады. Барлығы 9 ауданды қамтитын Павлодар округы құрылды. Аудан орталығы Вознесенка ауылы болған. Аудан атын революция қозғалысының қайраткері В.Володарскийдің құрметіне атаған. 1928 жылғы 23 маусымда Влолодарский ауданының аты, КСРО-ның сауда саттық жөніндегі халық комитетінің төрағасы А.Д.Цюрупа құрметіне Цюрупин ауданы болып қайта өзгертілді. 1931 жылғы 22 мамырда аудан орталығы Щербакты ауылы болып бекітілген. 1930-шы жылдардың басында ауданымыз Шығыс-Қазақстан облысының құрамына кірді. 1938 жылдың 15 қаңтарынан бастап Павлодар облысының құрамына енді. 1930-шы жылдардың басынан бастап шекаралар ұдайы өзгеріске ұшырап отырды да ауыл-советтерге бөлінді. 1944 жылдың 8 мамырында аудан Цурюпинский және Галкинский болып екіге бөлінді. Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Президиумның 1957 жылғы 25 қазандағы Жарлығымен Галкин ауданы Цюрупин ауданы құрамына қосылады. Цюрупин ауданына: Алексеевка, Александровка, Борабай, Галкин, Жаңа-ауыл, Қарабидай, Өндіріс, Шегірен, Тайбағар, Радужный ауыл-советтері берілген. Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Президиумның 1963 жылғы 2 қаңтарындағы Жарлығымен Цурюпиский ауданы жойылып, оның орнына Щербакты ауылы орталығы болып, Щербакты ауданы құрылады.

ШАРБАҚТЫ- Павлодар қаласынан солтүстік –шығыста 85 шақырым қашытықта орналасқан елді мекен кенті. Елді мекен кенті арқылы Павлодар-Барнаул, Шарбақты –Успен автомобиль жолы өтеді. Елді мекен кенті 1918-1922 жылдардағы Павлодар-Татарская темір жолы құрылысының салынуына байланысты пайда болған. Елді мекен кенті 1920 жылы құрылған және Шарбақты ауылы деп аталған. «Шарбақты мекенінің атауы –қоршалған шарбақ» деген мағнаны білдіреді. Қазіргі Шарбақтының орнында сол кездері темір жол жұмысшылары үшін 2 барак тұрған. Одан әрі еңбекшілер жатақханасы салынып, солардың күшімен ағаш үйлер салынады. Бүкіл одақтық түрғындар санағы материалдары бойынша Семей губерниясы, Павлодар уезді, Орловка болысы, Орлова ауыл советінің Щербакты темір жол станциясындағы 15 қожалықта 56 адам жасаған. Қызметтік ғимараттар және жүк тиейтін, станция маңындағы базалар құрылысы қарқынды жүруі нәтижесінде Щербакты станциясы аумағы ұлғая түсті. Осыған байланысты 1931 жылы аудан орталығы Щербактыға ауыстырылды. Соғыстың басталмас алдын 1939 жылы Щербакты ауылы бірнеше көшелерден құралған, 320 тұрғыны бар еді.

Орталықтандырылған стастика басқармасының 1939 жылғы 1 қаңтардағы деректері бойынша ауданда барлығы 26600 адам тұрған. Жергілікті маңызы бар өнеркәсіптің басты саласы жеңіл және тамақ өнеркәсібі, негізгі кәсіпорындардың қатарына теміржол станциясы, элеватор, Щербакты МТС, өнеркәсіп артельі, аудандық өнеркәсіп комбинаты, аудандық тұтыну одағының сауда орындары болған.1931 жылы аудандық «Трибуна» газеті жұмысын бастаған. 1941 жылы Шарбақтыда 200 орынға арналған №3604 эвакогоспиталь жұмысын бастады.

Цюрупин ауданының іскери комитетімен соғысқа 5118 адам шақырылған. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында құрбан болғандар, жарақаттан құрбан болғандар, ес -түссіз жоғалып кеткендер 2049 адамды құрады. Бұл дегеніміз соғысқа шақырылғандардың 40% құрайды.

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналып, 2010 жылы Шарбақты ауылының Даңқ Аллеясында Ұлы Отан соғысы қатысушылары: Кеңес Одағының Батыры Степан Кириллович Токаревке, Даңқ орденінің толық кавалері Иван Денисович Ворушинге, полковник Василий Степанович Витковскийге, ұшқыш - бомбалаушы Гакаша Ибрагимович Жакишевке мемориал тақталары орнатылды.

Бүгінгі күні ауданда Ұлы Отан соғысының бес ардагері тұрады. 

Ягусеевич

Николай Григорьевич Ягусеевич 1923 жылы 17 қазанда Семей губерниясы, Павлодар уезді, Любимовка ауылында дүниеге келген. 1942 жылдың наурыз айынан желтоқсан айына дейін 313 атқыштар полкінде, 1942 жылдың желтоқсан айынан 1944 жылдың шілде айына дейін жеке автомобиль батальоны сапында Воронеж, Украин фронтындағы соғысқа қатысқан. «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және көптеген мерейтой медальдарымен марапатталған.

 

Ковтун

Михаил Илларионович Ковтун 1924 жылғы 17 қарашада Полтава облысы, Чернухов ауданы, Загребное ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Қызыл Армия сапында әскери борышын өтеуге шақырылған.1943 жылдың мамыр айынан 1944 жылдың мамыр айына дейін 417 атқыштар полкінің қосалқы құрамында Калинин, Белоруссия фронтында соғысқа қатысқан. «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен, мерейтой медальдерімен марапатталған. 

Петренко

Ефим Емельянович Петренко 1918 жылы Семей губерниясы, Павлодар уезді, Новосёловка ауылында дүниеге келген. 1941 жылдың 22 маусымынан 471 артиллерия полкінің корпусының бөлімше командирі, топограф маманы болып соғысқа қатысқан. Москваны қорғауға, Батыс фронтына қатысқан.

«І дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен және мерейтой медальдарымен марапатталған.

Лялюк

Андрей Петрович Лялюк 1925 жылғы 3 қазанда Харьков облысы, 2-ші Шевченко ауылында дүниеге келген. 1943 жылы Қызыл Армия сапында әскери борышын өтеуге шақырылған. 1945 жылдың тамыз айынан 3 қыркүйекке дейін 152 атқыштар полкінің бөлімше командирі болып Жапониямен болған соғысқа қатысқан. «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және мерейтой медальдерімен марапатталған.

Фисун

Фисун Фёдор Прокопьевич 1925 жылғы 24 желтоқсанда Семей губерниясы, Павлодар уезді, Богодаровка ауылында дүниеге келген. 1944 жылдың маусым айынан 1948 жылдың қыркүйек айына дейін Жапониямен болған соғыста автоматшы болып соғысқа қатысқан. «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен және мерейтой медальдарымен марапатталған.

Шарбақты ауданы Кеңес Одағының Батыры және Социолисттік Еңбек Ерлерімен мақтана алады. 

Токарев

Степан Кириллович Токарев 1922 жылдың 25 маусымында бұрынғы Семей губерниясы Павлодар уезіне қарасты Сергеевка ауылында өмірге келген. 1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, Ржев, Орел, Курск соғыстарына қатынасқан. Десна, Шара және Нарев өзендерін өту кезінде болған қанды соғыстарды басынан кешірген. 1944 жылы сержант Степан Кириллович Токарев Минск –Бобуруйск бағытында болған қиян кескін ұрыста 50 жау әскерінің көзін жойған. Сол жылдың 3 қыркүйегінде болған ұрыста жаудың екі пулеметін талқандап, тағы да 30 жау әскерін жер жастандырған. 9 шілдеде дивизия бөлімшелері Щара өзеніне өтті. Артиллериялық атқылауға қарамастан Степан Токарев біріншлер қатарында болып өзенен өтеді, өзінің пулеметін орнатып жауға қарата оқ жаудырады. Пулеметтің оғы қорғанының астында бөлімшелер өзеннен аман есен өтеді.

7 тамызда Белостокский облысының елді мекен кенті мағында жау қоршауын бұзып өтуге дивизия соғыс жүргізді. Аға сержант С.Токарев пулеметімен биіктікке орналасып атқылауынан жаудың назарын өзіне аударады, басқа бөлімшелердің жау траншеяларын басып алуға көмектеседі. Осындай көптеген ерліктері үшін Кеңес Одағының батыры атағын беру лайық деп бағаланды. 1944 жылғы 5 қыркүйекте нарев өзенін кешіп өту басталады. Кеңес жауынгерлері басып алған бір телім жер үшін жаумен кескілескен соғыс болады. Гитлершілер 8 рет шабуылға шығып, 8 рет артқа шегінеді. Степан Токарев оқ жететін жерге дейін гитлершілерді жіберіп алып пулеметімен қырып салады. Қараңғы түскенше жау жүрек жауынгерлер өздері басып алған жерді ұстап тұрып, өз полкі бөлімшелерінің өзен арқылы өтуіне көмектеседі. 1945 жылдың 21 наурызында Степан Кириллович Токаревке Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. 1997 жылдың 22 маусымында қайтыс болды, жерленген жері Магнитогорск.

Дроздов

Ефим Васильевич Дроздов 1878 жылы Брянск облысы, Стародубск ауданында дүниеге келген. 1920 жылдан 1940 жылға дейін Ленин (Богодаровка) атындағы колхозда шопан болып жұмыс істеген. Одан кейін Н.Крупская (Сергеевка ауылы) атындағы колхозға көшіп келіп сол жерде аға шопан болып жұмыс істеген, қой шаруашылығында әр жылы жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген. Ұлы Отан соғысы жылдарында елімізді қорғау қорына үлесін қосқан. 1948 жылы әр бірі 40 килограмм келетін 636 бас қойдан 769 қозы алған. 1949 жылы Ленин орденін және «Орақ пен Балға» алтын медалі табыс етілумен Социалисттік Еңбек Ері атағы берілген. 1954 жылы қайтыс болған, Сергеевка ауылының зиратында жерленген.

Шмидт Петр Абрамович Шмидт 1930 жылы 11 наурызда Павлодар облысы, Успен ауданы, Милорадовка ауылында, көп балалы отбасында дүниеге келген. Ұлты неміс. Бастауыш білімді. Өзінің жұмыс жолын 1942 жылы Димитров атындағы колхозда 12 жасында бастаған. 1944-1950 жылдары Цюрупин ауданы, «Богатырь» колхозында ірі қара малының бақташысы болып жұмыс істеген және малдың күніне ең көп орташа салмақ қосуына қол жеткізген. 1948 жылы социолисттік жарыста жоғары көрсеткіші үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. П.Шмидт келесі табысқа қол жеткізді, оған бекітілген 57 бас ірі қара малы күніне 1066 грамм салмақ қосқан. Осы жетістігімен жас мал өсірушінің атағы елге тарап кетеді. Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Президиумның 1949 жылғы 9 қазандағы Жарлығымен Петр Абрамович Шмидтке мал өсіруде жеткізген жетістіктері үшін Ленин орденін және «Орақ пен Балға» алтын медалі табыс етілумен Социалисттік Еңбек Ері атағы берілген. 1950 жылы «Владимир» атындағы колхозда (Цюрупин ауданы, Богодаровка ауылы) еңбек етеді Осы жерде механизауиялау мектебін бітіргеннен кейін 14 жыл механизатор, одан кейін электр станцияда моторист болып жұмыс істеген. 1994 жылдан бері Германияда, Баден-Вюртемберг жерінде тұрған. Отбасы құрамы: әйелі, Наталья, ұлдары: Абрам, Петр, Иван, қыздары: Катерина, Елена. 2011 жылдың 1 қыркүйегіне 14 немересі, 16 шөбересі бар. Германияда жерленген.
Антонов

Павел Тихонович Антонов - Брянск облысындағы Рябчиги ауылында 1904 жылы дүниеге келген. 13 жасында шіркеу мектебін бітірген. 1925 жылы Белоглавскідегі ағаш кесу заводында жұмыскер болып, сол жерде комсомол қатарына алынған. 1927 жылы РКПб мүшесі болған. 1933 жылы партия мүшесінің 25 мың белсенділерінің бірі болып Қазақстанға жіберіліп, ол «Трех расстрелянных» атындағы колхоз төрағасы болып сайланды, 1934 жылы Көкшетау облысында «Украинский» етсовхозы ұжымында партия хатшысы болып сайланды. 1952 жылдан 1961 жыл аралығында, Цюрупинский аудандық комитеттің бірінші хатшысы болып қызмет атқарды. Құрметті демалысқа шыққаннан кейінде, 1971 жылға дейін Шарбақты ауыл кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Президиумның 1957 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығымен «Орақпен балға» алтын жұлдызы және «Ленин» ордені табыс етілумен «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілген және «Еңбек Қызыл ту» ордендерімен марапатталған. Павлодар қаласында жерленген.

Быкмухамет

Иван Иванович Быкмухамет 1923 жылғы 10 наурызында Семей губерниясы, Павлодар уезінің, Алексеевка ауылында дүниеге келген. Жұмыс жолын 1939 жылы Шевченко атындағы колхоздың МТС-да механизатор болып бастаған. Жапония соғысының қатысушысы. Соғыстан кейін комбайнер болып жұмыс істеген. 1965 жылы астық жинауда еңбек тапсырмасын 350 % орындаумен көзге түседі, ал 1966 жылы 375 % орындайды. Астықты жинау егу кезінде комбайнерлік жұмыспен тракторшы жұмысын қатар алып барумен егін егудің дамуында жоғары көрсеткішке қол жеткізеді. 1966 жылы бригадир лауазымына тағайындалады. 1967 жылы жұмыста жоғары көрсеткішке қол жеткізгені үшін Ленин орденін және «Орақ пен Балға» алтын медалін табыс етілумен Социалисттік Еңбек Ері атағы берілген. Алексеевка ауылдық кеңесінің және Шарбақты ауданының депутаты болған. 2013 жылы қайтыс болған, Павлодар қаласында жерленген.

Корзюк

Михаил Афанасьевич Корзюк 1912 жылғы 20 мамырда Орловка ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1924 жылы төрт сыныптық Орловка бастауыш мектебін бітіргеннен кейін Шарбақты темір жолында жүкші, элеваторда жұмысшы болып жұмыс істеген. 1929-1930 жылдар арасында Донбасста шахтер болып жұмыс істеген. Орловка ауылына қайта оралып, Галкин механизациялау мектебінде тракторшы-комбайнер мамандығына оқиды, МТС-дан өзінің туған ауылында механизатор болып жұмыс істейді. Ұлы Отан соғысында Калинин фронтында соғысқан, Смоленск, Калинин және басқа қалаларды жаудан азат еткен. 1943 жылы ауыр жарақаттанады, госпиальден кейін туған ауылына келеді. 1947 жылы Михаил Афанасьевич «Победа» колхозына төраға болып сайланады. 1958 жылы оған Социалисттік Еңбек Ері атағы беріліледі. М.Корзюк 1969 жылдың ақпан айына дейін колхоз төрағасы болып жұмыс атқарған. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін колхозда техника қауіпсіздігі бойынша инженер болып жұмыс істеген. 1976 жылдың тамыз айында қайтыс болған, Орловка ауылында жерленген.