Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Ризагүл Алексеевна Неғманова

befb2ca9a11ad7b811366a288a4b77eb

1976 жылы 2 қаңтарда Шарбақты ауданы Шаңды ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ. Білімі жоғары, 2006 жылы тарих және география мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын  аяқтаған. Еңбек жолын

2001 жылы Шарбақты ауданының №3 орта мектебінде хатшы болып  бастаған.

2003-2009 жылдары №3 орта мектепте қазақ тілі және әдебиет пәнін оқытушы болып жұмыс істеген.

2009-2011 жылдары «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман міндетін атқарушы одан кейін бас маман болды.

2011-2013 жылдары «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімінің басшысы, «Шарбақты ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып қызмет атқарды.

2013-2014 жылдары - Шарбақты ауданы әкімінің аппарат басшысы. 

 2014 жылғы 26 қыркүйетен бастап әлеуметтік мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Тұрмыста, екі ұл тәрбиелеп отыр.

Лауазымдық міндеттері:

әлеуметтік қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, көші-қон;

         «Жұмыспен қамту-2020» жол картасын жүзеге асыруды үйлестіру;

         ауданда «2011-2020 жылдары білім беруді дамыту» мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асрыу,

         «2016-2019 жылдары «Денсаулық» денсаулық сақтау мемлекеттік бағдарламаны дамыту саласын жүзеге асыру;

         аз қамтамасыз етілген от басытларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек  көрсету, балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлеу, тұрмыстық көмек көрсету;

         әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектер мен мүгедек-балаларға әлеуметтік қолдауға жәрдемдесу;

         әлеуметтік серіктестік;

         қоғамдық-саяси дамыту, ақпараттық саясат, әлеуметтік визуалды жарнаманы үйлестіру, «Қазақстан-2050» Стратегиясын ақпараттық сүйемелдеу, азаматтық қоғамды дамыту,

         конфессияаралық саясатты жүзеге асыру, Қазақстан республикасында 2013-2017 жылдары діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс қимыл мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру;

          2020 жылға дейін «Қазақстан 2020: Болшаққа бастар жол» Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы, жастар саясаты;

         тіл және ономастикалық саясат, 2011-2020 жылдары тілдерді дамыту және қолдану жөніндегі мемлекеттік бағдарлама;

         2020 жылға дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасы және этникааралық келісім;

         отбасы-демографиялық саясат және гендерлік тепе-теңдік;

         мәдениет, мұрағаттар және құжаттарды дамыту;

         Қазақстан Республикасында денешынықтыру және спорт бағдарламасын салааралық бағдарламасын дамытуды жүзеге асыру;

         есірткі және есірткібизнесімен күрес;

         адам саудасымен байланысты қылмыстың алдын алдын алу және оны болдырмау мәселелерін үйлестіреді.

Қабылдау уақыты: бейсенбі сағ.15.00-ден 17.00-ге дейін
Мекен-жайы: Тәуелсіздік көшесі 51 үй. 
Жұмыс телефоны: 8(71836) 2-13-43