Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Қантаев Әнуар Құдайбергенұлы

IMG_0349

Қантаев Әнуар Құдайбергенұлы – аудан әкімінің экономика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша орынбасары

Әнуар Құдайбергенұлы 1981 жылы Павлодар облысы Ақсу қаласында дүниеге келген.

2018 жылы Иннавациялық Еуразия университетін тәмамдаған, мамандығы бойынша біліктілігі «Экономика және бизнес».

Еңбек жолын 2001 жылдан 2003 жылға дейін Павлодар облысы Железин ауданындағы Бөлек негізгі мектептің мұғалімі болып бастады. 2004 жылдың ақпанынан 2006 жылға дейін - Павлодар қаласы, «Павлодар облысы бойынша салық комитеті» мемлекеттік мекемесінің жүргізушісі. 2006 жылдың тамызынан 2006 жылдың желтоқсан айына дейін салық жүйесі органында қызмет атқарды.       2012 жылдың  желтоқсанынан 2014 жылдың  мамырына дейін Ақсу қаласы әкімінің кеңесшісі. 2014 жылдың  мамырынан 2014 жылдың  маусымына дейін  - «Павлодар қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары. 2014 жылғы маусымнан 2016 жылғы ақпанға дейін - «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары. 2016 жылғы ақпаннан 2017 жылғы маусымға дейін – ШЖҚ «Горкомхоз» ҚМК директоры. 2017 жылғы маусымнан 2018 жылғы шілдеге дейін Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарды. 2018 жылғы шілдеден 2018 жылғы тамызға дейін – Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары. 2019 жылғы шілдеден 2020 жылғы ақпанға дейін – Павлодар облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары.

2020 жылғы 11 наурыздан бастап – Шарбақты ауданы әкімінің экономика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары.