Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Қайыржан Зайырбекұлы Байжанов

IMG_4946

Қайыржан Зайырбекұлы Байжанов – Аудан әкімінің ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі орынбасары

Қайыржан Зайырбекұлы 1976 жылы Новосібір облысы Қарасу ауданы Қарасарт ауылында дүниеге келген.

1998 жылы «Семей» мемлекеттік университетін «Ветеринарлық медицина» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылдан 2001 жылға дейін Железин ауданы Уәлихан ауылдық округінің мал дәрігері болып бастады.

2002 жылдың мамырынан 2004 жылға дейін ҚР АШМ Павлодар аудандық аумақтық басқармасының жетекші маман – мемлекеттік ветеринарлық инспекторы, содан кейін осы аумақтық басқарманың бас маманы.

2004 жылдың маусымынан 2006 жылдың қазан айына дейін ҚР АШМ Павлодар облыстық аумақтық басқармасының жетекші маман–мемлекеттік инспекторы.

2006 жылдың 10 қазанынан 2009 жылдың 24 ақпанына дейін Павлодар қаласы Ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, содан кейін 2009 жылдың 24 ақпанынан 2010 жылдың 25 ақпанына дейін осы мемлекеттік органның жоспарлы-өндірістік секторының меңгерушісі.

2010 жылдың 25 ақпанынан 2014 жылдың 18 маусымына дейін Павлодар ауданының ветеринария бөлімінің басшысы.

2014 жылдың 19 маусымынан 2016 жылдың 25 наурызына дейін «Нұр Отан» партиясы Павлодар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2016 жылғы 25 наурыздан 2017 жылғы 16 қаңтарға дейін Павлодар аудандық мәслихатының хатшысы.     

2017 жылғы 17 қаңтардан 2019 жылғы 4 маусымға дейін Павлодар облысы ветеринария басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2019 жылғы 5 маусымнан – Шарбақты ауданы әкімінің ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік жөніндегі орынбасары.