Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Әбеуов Әзілхан Кәріғұлұлы

f7bef384-3ec6-4edf-b146-fa7d106d9ee6

Әбеуов Әзілхан Кәріғұлұлы 1978 жылдың 1 қаңтарында  Қарағанды облысы  Жаңаарқа ауданында дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар.  1995-1999 жылдар аралығында О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде «Ағылшын және неміс тілі пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары білім алған. 2015 жылы Эстония дипломатия мектебін «Халықаралық қатынастар және еуропалық интеграция» мамандығы бойынша тәмамдады. Жалпы еңбек өтілі – 14 жыл, мемлекеттік қызмет өтілі – 10 жыл. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті Индустриялық-инновациялық даму мониторингі басқармасының басшысы қызметінде еңбек етті. Баянауыл ауданы әкімінің 2016 жылдың 24 тамызындағы №2-23/33 үкіміне сәйкес Әбеуов Әзілхан Кәріғұлұлы 2016 жылдың 24 тамызынан бастап Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Павлодар облысы әкімінің 2018 жылдың 26 қарашасындағы үкіміне сәйкес Шарбақты ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

Үйленген, 3 баласы бар.

Қабылдау күндері - сәрсенбі - сағ. 15.00-ден 17.00-ге дейін.

Қызмет телефоны - 2-16-50