20 Сентября
, 08:35
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Гүлнара Ескенқызы Жакишева

 

Жакишева Гүлнара Ескенқызы Шарбақты ауданы әкімінің

өкімімен 2018 жылғы 23 шілдеден бастап  Шарбақты ауданы

әкімінің аппарат басшысы ретінде тағайындалды

Гүлнара Ескенқызы Жакишева 1968 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шарбақты ауылында туған.

Білімі жоғары, мамандығы юриспруденция.

Еңбек жолын 1985 жылы Шарбақты техникумында кітапханашы болып бастаған.

1986 жылдан 1990 жылға дейін Алматы оқу комбинатының хатшысы.

1991 жылдан 2000 жылға дейін Шарбақты ауданының жұмыспен қамту саласында жұмыс істеген.

2001 жылдан 2005 жылға дейін «Шарбақты 24-КМ  іс жүргізуші -хатшы» тобының өндірістік оқу  шебері.

2005 жылдан 2011 жылға дейін Шарбақты ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

2011 жылдан 2015 жылға дейін мүгедектер мен қарттарға арналған Шарбақты мед-әлеуметтік мекемесінің директоры лауазымын атқарды.

2015 жылғы қарашадан 2016 жылғы мамырға дейін Шарбақты ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

2016 жылғы мамырдан 2018 жылғы 23 шілдеге дейін Шарбақты ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы.

2018 жылғы 23 шілдеден бастап Шарбақты ауданы әкімінің аппарат басшысы.

Функционалдық міндеттері: 

  • Аудан әкімінің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-сараптамалық және материалдық-техникалық жұмыстарын қамтамасыз етеді.
  • Аудан әкімдігінің қаулысын әзірлеуде, олардың орындалу тәртібі және мемлекеттік сақтау мәселелері бойынша ауданның жергілікті атқарушы органдарының іс-қимылдарын үйлестіру, мемлекеттік құпияларды қорғау, мемлекеттік органдарды ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
  • Аппараттың іс-қимылдарын ұйымдастыру.
  • Кадрлық саясатты іске асыру, наградалық материалдарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
  • Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардағы басшылық кадрларға тағайындау, босату және оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде аудан әкіміне ұсыныс жасау.
  • Мемлекеттік қызметтегі функционалдық ифрақұрылымдардың қалыптасу мәселелері, ауданның мемлекеттік органдарында мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттырудың орындалуын бақылау.
  • Облыстың тәртіптік кеңесімен өзара іс-әрекеттерді қамтамасыз ету.
  • Аудан әкімінің аппараттың аудандық мәслихатпен, аудандық сотпен, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік Комитеті аудандық бөлімшесімен, аудандық прокуратурамен, аудандық ішкі істер бөлімімен, ауданның әділет Басқармасымен, ауданнңы қорғаныс істері бөлімімен, аудандық және аумақтық атқарушы органдарымен, селорлық округ әкімдерімен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Аудан әкімі жанындағы консультативтік-кеңестік органдардың жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау

Қабылдау күндері - жұма сағ. 15.00-ден 17.00-ге дейін.

Телефоны: 871836 21423