Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Аудан әкімінің ауыл және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық жөніндегі орынбасары Талғат Асқарұлы Бегімов
Басты Әкімнің аппараты Аудан әкімінің ауыл және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық жөніндері орынбасары Аудан әкімінің ауыл және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық жөніндегі орынбасары Талғат Асқарұлы Бегімов

назначение

Талғат Асқарұлы Бегімов 1968 жылы Павлодар облысының Қашыр ауданы Жаңабет ауылында туыған.

Целиноград ауыл шаруашылық институтын агроном мамандығы бойынша, Алматы экономика және статистика академиясын арнайы есеп және аудит бойынша тәмәмдаған. 
Еңбек жолын 1985 жылы Бобровка совхозында бастаған. Институттан кейін «Төлеке» ӨКШ коммерция мәселелері бойынша директордың орынбасары ретінде жұмыс істеді.
1993 жылғы шілдеден бастап Бобровка совхозында бас агроном, 1994 жылы Бобровка совхозында агролесомелиоратор болып қызмет атқарды.
1995 жылдан 1999 жылға дейін "Бобровка ауыл шаруашылық жеке меншік" өндірістік коперативтің бас агрономы. 2001-2002 жылдары Бобровка ауылдық округінің «Қамқор» МҚКК директоры.
2002 жылғы сәуірден 2002 жылғы желтоқсанға дейін Бобровка ауылдық округінің әкімі.
2003 жылғы мамырдан 2008 жылғы сәуірге дейін ҚР АШМ Қашыр аудандық аумақтық фитосанитария басқармасының бас маманы.
2008 жылдан 2010 жылға дейін ҚР АШМ Қашыр аудандық аумақтық фитосанитария басқармасының бастығының орынбасары.
2010 жылғы қыркүйектен 2013 жылғы наурызға дейін «Қашыр ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2013 жылғы наурыздан 2013 жылғы маусымға дейін «Қашыр ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.
2013 жылғы шілдеден 2014 жылғы сәуірге дейін – «Аделан-Трейд» ЖШС супервайзері.
2014 жылғы сәуірден 2014 жылғы шілдеге дейін «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өсімдік шаруашлығы бойынша инспекторы.
2014 жылғы қазаннан 2015 жылғы желтоқсанға дейін «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

2015 жылғы желотақсаннан бастап бүгінгі күнге дейін - аудан әкімінің ауыл және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық жөніндері орынбасары.

Лауазымдық міндеттері

 

          агрокешенді дамыту;

         жер қатынастары мен су ресурстары;

         азық-түлік тауарларының бағасын анықтау, ауданның тұрақтындыру қорының жұмысын ұйымдастыру;

         ауыл шаруашылық өнімдерді сақтаудың инфрақұрылымн дамыту;

         ауданның экологиялық қауіпсіздігі;

          орман, аңшылық және балық шаруашылығы;

         ветеринария;

         төтенше жағдайлар, жұмылдыруға дайындық және аумақтық қорғанысты ескерту және жою;

         агроөнеркәсіп кешені, бизнестің жол картасы 2020, жұмыспен қамту жол картасы (екінші бағыты) бағдарламаларын жүзеге асыру;

         мемлекеттік шекараны демаркациялаудыүйлестіреді.

Қабылдау күндері – дүйсенбі сағ. 15.00-ден 17.00-ге дейін

 

Қызмет телефоны - 871836 2-11-02