Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Ыбыраев Балғабай Жұмағұлұлы Шарбақты ауданының әкімі
Басты Әкімнің аппараты Ыбыраев Балғабай Жұмағұлұлы Шарбақты ауданының әкімі Ыбыраев Балғабай Жұмағұлұлы Шарбақты ауданының әкімі

Фото Ибраева Б.Ж. -сжатая

Ыбыраев Балғабай Жұмағұлұлы 1965 жылы 20 қаңтарда дүниеге келген, білімі жоғары, 1990 жылы биология және ауыл шаруашылық негіздері мамандығы бойынша Павлодар педагогикалық институтын, 2004 жылы өнеркәсіп жылу-энергетика мамандығы бойынша Екібастұз инженерлік-техникалық институтын тәмәмдаған, 2016 жылы магистр Еуразиялық Инновациялық университетінің жергілікті мемлекеттік басқаруды тәмәмдады.

Еңбек жолын 1981 жылы токарь болудан бастаған, 1983-1985 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери міндетін атқарған. 1990 жылдан 1991 жылға дейін жалпы орта білім беру мектебінде биология және мал шаруашылығы бойынша оқытушы, 1991-1994 жылдары Ермак ГРЭС ұста болып жұмыс істеген.

1994 жылдан бастап мемлекеттік қызметте және кәсіпорындарда Ақсу қалалық әкімшілікте сәулет, қала құрылысы және коммуналдық-шаруашылық бөлімінде  маман, Ақсу қала әкімінің аппаратында коммуналдық шаруашылық бойынша маман, әлеуметтік-өндірістік инфрақұрылымның коммуналдық –шаруашылық, сәулет және құрылыс бөлімінде бас маман, механик, одан кейін «Металлург» пәтер меншігі  бойынша кооперативінің төрағасы, қалалық коммуналдық–шаруашылық және өндіріс саласындағы басқармасының бастығы, 2005-2008 жылдары Ақсу қалалық коммуналдық –шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль  жолдары  бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған.

2008-2011ж. Ақсу қаласының «Горводоканал» коммуналдық кәсіпорын директоры.

2011-2015 ж. Ақсу қала әкімінің орынбасары.

Павлодар облысы әкімінің 2015 жылғы 26 мамырдағы өкімімен Шарбақты ауданының әкімі болып тағайындалды.

 

Лауазымдық міндеттері.

Ауданды жалпы басқару. Жергілікті және аумақтық атқарушы органдарының Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің саясатын іске асырып, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің Заңдары мен актілерінің, Қазақстан Республикасының басқадай нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын, мемлекеттік, үкіметтік, сондай-ақ облыстық және аудандық бағдарламаларын орындау жұмыстарын үйлестіру.

Қабылдау күндері - сейсенбі - сағ. 15.00-ден 17.00-ге дейін.

Қызмет телефоны - 2-16-50