Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Қаңғыма иттер мен мысықтарды атып алу

Қаңғыма иттер мен мысықтарды атып алу азаматтардың өтініштері, жеке және заңды тұлғалардың, әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті жергілікті атқарушы органдарының жазбаша немесе ауызша өтінімі бойынша Шарбақты аудандық ветеринариялық станциясы ШЖҚ КМК  жүргізуде. Қоғамдық орындарда (көшелерде, паркта, скверде, аула аумақтарда және басқа да орындарда) иелері кермеде белгіленген орындарда қалдырылған жануарлардан басқа, иесіз, еріп жүретін адамсыз қаңғыма жануарлар атуға жатады.

         Қаңғыма иттер мен мысықтарды атып алу келесі мақсатында жүргізіледі:

  • адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатердің алдын алу;
  • адам мен жануарларға ортақ аурулардан халықты қорғау;
  • биостерилизация (тарттыру) әдістерімен олардың санын реттеу. Биостерилизация панасыз қалған жануарларға арналған қабылдау орындар, қоғамдық ұйымдар, қорларынан өтінімі бойынша жүзеге асырылады.

Елді мекендерде иттерді ұстау қағидалары орнатылды:

  • Жеке тұрғын үй иелері иттерді жеке қоналқа үйдін шекарасында, қоршалған орнында және қашып болдырмайтын кермеде, үй-жайындағы қақпасында иттер болуы туралы ескерту тақтайша орналастыру тиіс.
  • Иттер мен мысықтар иелеріне ауылдық округтегі ветеринариялық пункттерінде ветеринариялық паспорт алып жануарларды тіркеуге қажет. Пайдалануында жер телімі бар иттер иелері арнайы шарбақтаған аумағында ғана бос жүруде ұстауға мүмкін.
  • Осы қағидаларды бұзғаны үшін кінәлі адамдар ҚР заңдарына сәйкес жауап береді.

Қаңғыма иттерді аулауды және жоюды (ату) мәселесі туралы мына телефондар бойынша хабарласуға болады: 2-14-92 немесе 2-35-09, Вет.кешені.

 

 

 

 

«Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі» ММ бас маманы  

Д. Байбулова