20 Сентября
, 20:57
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
«Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Басты Бөлімдер мен басқармалар «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

Шарбақты ауданы әкімдігінің

2016 жылғы «___» ________

№ _______ қаулысына қосымша

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және туризм саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, сондай – ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынас жасайды.

6. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапынан қатысуға құқығы бар.

7. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретіне сәйкес мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141100, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советов

көшесі, 49 үй.

10. Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.

11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы – «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде - «Отдел предпринимательства и сельского хозяйства Щербактинского района».

12. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шарбақты ауданы әкімдігінің атынан мемлекет болып табылады.

13. Осы Ереже «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып саналады.

14. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.

15. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын, міндеттерді орындау тұрғысында келісім шарт қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс түсетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне аударылады.

 

2. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мәні, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеті

 

16. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы ауданның атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне енгізіледі және өзінің құзыреті аясында агроөнеркәсіп кешенін, кәсіпкерлік және туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып саналады.

17. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаты ауданның кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын орындауды

қамтамасыз ету, шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің мүддесін қорғауға бағытталған қаржы, несие, салық және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып саналады.

18. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мәні аудан деңгейінде Шарбақты ауданының аумағында агроөнеркәсіп кешені, кәсіпкерлік және туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып саналады.

19. Міндеттері:

1) ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және туризм саласын дамыту бойынша басымды өңірлік бағдарламаларды әзірлеу, оларды жүзеге асыруға қатысу;

2) Шарбақты ауданының аумағында ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік қызмет пен туризмді дамыту үшін жағдай жасау;

3) қолданыстағы заңнамаға, мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларға сәйкес агроөнеркәсіп кешені субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру және халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылық өнімін сатуға жәрдем көрсету;

4) Шарбақты ауданының аумағында мемлекеттік сауда саясатын жүргізу.

20.Функциялары:

1) жеке кәсіпкерлік және туризмді дамыту мен қолдаудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;

2) ауыл шаруашылығы, жеке кәсіпкерлік пен туризмді дамыту үшін жағдай жасау;

3) аудандағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру және орындалуын қамтамасыз ету және жауапкершілікке тарту;

4) шағын кәсіпкерлік және туризмді қолдаудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру;

5) ауданда шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым объектілерін және инновациялық қызметті құру және дамытуды қамтамасыз ету;

6) жергілікті атқарушы органдарының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі мен нарық инфрақұрылымының объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын белгілеу;

7) сараптама кеңесінің қызметін ұйымдастыру;

8) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлік және шаруа қожалықтарын мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

9) кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылық өнімін өндіру және қайта өңдеуді мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға бағытталған шараларды пысықтау және жүзеге асыру;

10) агроөнеркәсіп кешені және кәсіпкерлік саласына инвестицияларды тартуға жәрдем көрсету, инвестициялық және инновациялық жобалар тізбесіне ұсыныстарды қалыптастыру;

11) Шарбақты ауданының аумағында инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыруға қатысу;

12) шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін қызметкерлерді оқыту, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

13) агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне мемлекеттік агроөнеркәсіп кешенінің негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру жұмысын жүргізу;

14) агоөнеркәсіп кешені саласында және ауылдық аумақтарда жедел ақпарат жинау;

15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге өкілеттікті жүзеге асыру;

16) өзінің құзыреті аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

17) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметтерді көрсету;

18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

21. Құқықтары мен міндеттері:

1) «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қойылған міндеттердің орындалуымен байланысты, мәселелер бойынша мемлекеттік органдар және өзге мекемелерден, лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

2) Шарбақты ауданының әкімдігі және әкімінің қарауына жергілікті бюджеттен қаржылындырылатын атқарушы органдардың ұйымдастырушылық қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

3) өзінің құзыреті аясында шарт бекітуге;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Міндеттері:

1) «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық, ақпараттық-аналитикалық жұмысын жүзеге асыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын жүзеге асыру, ауданның мемлекеттік орган жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру;

3) қолданыстағы заңнама актілерімен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

3. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

22. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесін басқару «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттері мен

функцияларын орындау үшін жеке жауапкершілікке тартылатын бірінші басшысымен жүзеге асырылады.

23. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шарбақты ауданының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

24. Мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттігі:

1) Шарбақты ауданы әкімдігінің бекітуіне «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені ұсынады;

2) «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заңдары, актілерін, облыс және аудан қаулыларын орындау бойынша жұмыс ұйымдастырады, олардың орындалу барысы туралы жоғары тұрған органдарды үнемі хабардар етеді;

4) бұйрық шығарады;

5) «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қабылдайды;

6) «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жөніндегі міндеттерді орындауға дербес жауапкершілікті өзіне алады;

7) «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;

8) «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесін мемлекеттік орган, өзге мекемелерге ұсынады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдай мен аясында «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлігіне иелік етеді;

10) заңнамамен белгіленеген тәртіпте келісім және өзге де заңды мәмілені бекітеді;

11) сенімхат береді;

12) «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

14) «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттерін белгілейді;

15) «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне ынталандыру шаралары мен тәртіптік жаза қолданады;

16) Заңнама және осы Ережемен жүктелген өзге функцияларды жүзеге асырады.

«Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы жұмыста болмаған кезеңде, оның өкілеттігін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

25. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі және коммуналдық меншікті басқару жөніндегі уәкілетті органы арасындағы өзара байланыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

26. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара байланыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

27. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі және еңбек ұжымы арасындағы өзара байланыс Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

 

4. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

28. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өзінің қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен қалыптастырылады.

29. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

30. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамада белгіленген болмаса өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаржы есебінен сатып алынған мүлікті өз еркімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

 

31. «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.