Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Астық туралы электронды қолхат жүйесін енгізу туралы ақпараттық хабарлама
Басты Бөлімдер мен басқармалар «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ Астық туралы электронды қолхат жүйесін енгізу туралы ақпараттық хабарлама

2016 жылғы 9 сәуірде Мемлекет басшысымен Қазақстан Республикасының «Астық нарығын реттеу бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына (одан әрі – Заң) қол қойылды.

Астық туралы  қолхат айналымын құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында Заңмен көзделеді:

- астық туралы қолхат шығарудың құжатсыз (электрондық) нысанына көшу;

- жоқ астыққа астық туралы қолхат шығару дерегін болдырмау мақсатында, астық қабылдау кәсіпорынның техникалық сыйымдылығымен астық туралы қолхат шығаруды шектеу;

- астық нарығындағы субъектілерімен астық туралы қолхат, оларды ұстаушылар және астық қолхаттарымен мәміле/операцияны есепке алу автоматтандырылатын ақпараттық жүйені жұмыста пайдалану. Бұл ретте осы тізілімнің дәйектілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесімен біріктіріледі;

- тізілім деректерін өзекті жағдайда және оны жүргізген кезде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Үкіметпен астық туралы қолхат тіркеушісін анықтау;

- қаржы есебінің депозитарий интернет-ресурсында жылдық қаржы есептілігі және аудиторлық есепті жариялауға міндетті мүдделі  ұйымдарға астық қабылдау кәсіпорындарын жатқызу.

Заң 2016 жылғы 23 шлдеде күшіне енеді. Осылайша, көрсетілген күннен кейін астық туралы қолхат тек электрондық түрде шығарылады, астық нарығындағы субъектілері астық туралы қолхаттардың ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуге міндетті.

Астық туралы қолхаттардың ақпарат жүйесінде жұмыс істеу үшін мыналар:

1) электрондық сандық қолтаңбаның болуы міндетті;

2) интернет арнасына қосылу;

3) тест режимінде жұмыс жүргізу  (www.minagro.kz вебпорталында тіркелу арқылы);

4) астық туралы қолхаттардың ақпараттық жүйесінде жұмысқа оқыту жөніндегі тренингке қатысуды талап етеді.

Астық туралы қолхаттардың ақпараттық жүйесімен жұмыс бойынша ақпарат және консультация алу  мәселесі бойынша ауыл шаруашылық басқармасына, Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшесіне және «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ облыстық филиалына мына реквизиттер бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:

«Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ -                        Павлодар қ, Ленин көшесі, 61 (тел. 327153, эл. пошта: keldibekova.aizhan@pavlodar.gov.kz).

ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы – Павлодар қ,  Крупская көшесі, 71 (тел. 512078, 559642).

 «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ Павлодар бөлімшесі-  Павлодар қ, Ак. Сәтбаев көшесі,  136, 711,712 кабинеттері (тел.328209,618297 e-mail: kmusekenov@mail.ru).