Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
2016 жылы тұқым шаруашылығын дамытуға субсидия төлеу шарттары

Субсидиялар:

1) ауыл шаруашылық тауарөндірушілердің (одан әрі – ауыл шаруашылық тауарөндірушілері) бірінші репродукциялы  және бірінші ұрпақ будандарының тұқымын (Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес жақын және алыс шетелден және республиканың басқа облыстарынан әкелінетін тұқымдарды қоса алғанда) сатып алуға жұмсалған шығындардың құнын ішінара өтеуге арналады;

       Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:

      1) ауыл шаруашылық тауарөндірушілердің бөлімге жаздық дақылдар бойынша тиісті жылғы 20 маусымға дейінгі, күздік дақылдар бойынша тиісті жылғы        10     қарашаға          дейінгі        мерзімде:
      ауыл шаруашылық тауарөндірушілердің бірінші репродукциялы және бірінші ұрпақ будандарының тұқымын сатып алуын растайтын шот-фактуралардың      көшірмелерін;

2)  облыстың жергілікті атқарушы органы бекіткен ең төменгі нормаларға сәйкес жоспарланған сорт жаңартуды қамтамасыз ету үшін қажетті көлемдерде бірінші репродукциялы және (немесе) бірінші ұрпақ будандарының тұқымын       тиісті          жылы         сатып         алу.

          Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлайды, аудандық ведомствоаралық комиссия жұмысының кестесі: дүйсенбіден бастап жұмаға дейін, сағат 09.00-ден  сағат 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін.

Ауыл шаруашылық тауарөндіруші өтінімдерді қабылдаудың белгіленген күнінен кешіктірмей  субсидия алушылардың тізіміне қосу үшін бөлімге нысан (12.12.2014 ж. 4-2/664 Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау Ережесінің 2 қосымшасы) бойынша өтінім ұсынады.