Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
2018 жылы құрылыс объектілері туралы мақалалар

Мал ауыруларын алдын алу және емдеу мақсатында, 2018 жылы үш жоба жүзеге асырылуда. Шалдай, Александровка, Хмельницкий ауылдарындағы ветеринарлық пунктінің құрылысы - мердігер «Промжилстройкомплекс» ЖШС (Жобалардың сметалық бағасы:  Александровка – 20,4 млн. теңге, Шалдай – 20,7 млн. теңге, Хмельницкий – 19,3  млн. теңге). Жұмыстар ағымдағы жылғы сәуірде басталды және 2018 жылғы маусымда аяқталады.

 

                                                       *******

Маралды тұзды көлінің аумағында туристік әлеуетті дамыту мақсатында, 2018 жылы Көл-Бұлақ ауылындағы Маралды көліне электр желісінің құрылысына ОБ 27,9 млн. теңге бөлінді. Мердігер – «СтройБиоРесурс» ЖШС. ЭЖ құрылысы жөніндегі жұмыс ағымдағы жылғы сәуірде басталды және 2018 жылғы мамырда аяқталады.

                                                

                                                          *******

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 2018 жылы ауданда сумен жабдықтау бойынша  5 құрылыс жобасы жүзеге асырылуда, оның ішінде:

-  Александровка ауылындағы су құбырының құрылысы - өнім беруші «Фирма Ай-Су-Мелиорация» ЖШС, жобаның сметалық бағасы – 1174,2  млн. теңге. Жұмыс 2018 жылғы сәуірде басталды. Жұмысты аяқтау – 2019 жылғы қыркүйек.

- Шалдай ауылындағы су құбырының құрылысы - өнім беруші «Фирма Ай-Су-Мелиорация»  ЖШС, жобаның сметалық бағасы – 827,8  млн. теңге. Жұмыс 2018 жылғы сәуірде басталды. Жұмысты аяқтау – 2019 жылғы қыркүйек.

Объектілер бойынша жұмыстар өндіріс кестесіне сәйкес жүргізілуде.

Осы уақытта Орловка, Жаңа-Ауыл, Алексеевка ауылдарындағы су құбырының құрылысына өнім жеткізушіні анықтау үшін конкурстық рәсімдер өткізілуде, жалпы сметалық бағасы:

- Орловка ауылындағы су құбырының құрылысы, жобаның сметалық бағасы – 451,2 млн. теңге;

- Жаңа-Ауыл ауылындағы су құбырының құрылысы, жобаның сметалық бағасы – 562,1 млн. теңге;

- Алексеевка ауылындағы су құбырының құрылысы, жобаның сметалық бағасы – 725,296 млн. теңге.