Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
«Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Басты Мемлекеттік мекемелер «Шарбақты ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

«Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің Ережесін

бекіту туралы

 

 

            Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы                     «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекет мүлкі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының Үлгі ережесін бекіту туралы» № 410 Жарлығына  сәйкес Шарбақты ауданы әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы   қоса берілген  Ереже  бекітілсін.

2. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы Ережені заңнамамен белгіленген тәртіпте әділет органында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына   жүктелсін.  

4. Осы қаулы  алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

     

        Аудан әкімі                                                             Е. Асқаров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шарбақты ауданы әкімдігінің

2015 жылғы «5» ақпандағы

№ 40/2   қаулысымен                                                    бекітілген

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Жалпы ережелер

 

         1. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мәдениет, өнер, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортты  іске асыру бойынша құзыреті аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады. 

         2. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

         3. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Призидентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық  актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

         4. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық құқықтық  тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есепшоттары бар.

         5. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

          6. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

         7. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдерді қабылдайды.

         8. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.    

         9. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнің мекенжайы: Қазақстан Республикасы,141100, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советов көшесі, 26.

         10.  «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма сағат 9:00-дан  сағат 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден сағат 14:30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

11. Мемлекеттік мекеменің қазақ тіліндегі толық атауы: «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: Государственное учреждение «Отдел культуры и развития языков, физической культуры и спорта Щербактинского района».

12. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  құрылтайшысы Шарбақты ауданы әкімдігінің тұлғасында мемлекет  болып табылады.

13. Осы Ереже «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  құрылтай құжаты болып табылады.

14.  «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.

15.  «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»   мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»   мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын, міндеттерді орындау тұрғысында келісімшарт қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 Егер «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне  заңнамалық актілермен кіріс түсетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне аударылады.

 

 

2. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

миссиясы, мақсаты, мәні, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

      16. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы -  Шарбақты ауданының  аумағында мәдениет пен өнерді жаңғырту, сақтау, дамыту және көпшілікке тарату,  жаңа сапалы мәдени өнімдерді ұйымдастыру, тілдерді, денешынықтыру және спортты одан әрі дамыту шараларын енгізу.

17. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің мақсаты мәдениет, тілдерді дамтыу, аудан тұрғындарын саламатты өмір салытмен қамтамасыз ету үшін сапалы және қол жетімді қызмет көрсету болып саналады.

         18. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мәні  Шарбақты  ауданының  аумағында мәдениет, өнер, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортты  іске асыру бойынша құзыреті аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады. 

            19.  «Мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

        1) мәдени-ағарту, спорт мекемелерінің, өнер ұйымдарының идеялық-адамгершілік, эстетиткалық, спортқа тәрбиелеу және тілдерді дамыту рөлін  арттыруды қамтамасыз ету;

        2) тұрғындарға мәдени көрсету үлгілерін одан әрі жетілдіру;

        3) өнердің барлық түрлерін, халық шығармашылығы, фольклор және көркемөнерпаздар шығармашылығын, дене шынықтыру және спортты дамыту;

        4)   шығармашылық одақтар мен ұйымдардың қызметіне жәрдемдесу;

        5) мәдени және спорт ұйымдары мен мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту және жаңарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

        6) ведомствоға бағынысты ұйымдардың кадрларын іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу, қызметкерлердің білімі мен ең озық тәжірибелерін пайдалану;

        7) мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту;

        8) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және  пайдалану.

         20. «Мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің   функциялары:

1) театр, музыка және кино өнері, кітапхана жане мұражай ісі, мәдени-сауық қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын кұрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдау және үйлестіруді жүзеге асырады;
         2) жергілікті маңызы бар тарихи, материалдық және рухани мәдени ескерткіштерді есепке алу, сақтау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
         3) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың  жаппай мәдени іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқау, фестиваль        және  конкурс         өткізуді      жүзеге        асырады;
         4) ауданның мемлекеттік мәдениет мекемелерін аттестаттаудан өткізеді;
         5) өзінің құзыреті аясында мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті

басқаруды жүзеге асырады;
         6)  ауданның мәдени мақсатта тағайындалған объектілерінің құрылысы, құрылысты қайта жаңарту  және жөндеу туралы тапсырысшы бола алады;

7)   мемлекеттік мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуін қолдайды және жәрдем көрсетеді;

8) ауданның  мемлекеттік кітапханаларының біріне «Орталық» деген мәртебе ұсынады;

        9) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;

         10) облыстардың  атқарушы органдарына ауылдар, кенттер, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауын қайта өзгерту, сондай-ақ олардың атауының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныс енгiзедi;
         11) жеке адамдардың тұрғылықты жерінде және көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдану үшін инфрақұрылымды жағдай жасайды;
         12) спорт түрлерi бойынша аудандық  құрама командаларды даярлау және оларды облыстық спорт жарыстарына қатысуын қамтамасыз етедi;
        13) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында жаппай спорт және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
         14) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында аудандық дене шынықтыру спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
         15) спортшыларға:  2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, жасөспірім 1-разрядты спортшы, жасөспірім 2-разрядты спортшы, жасөспірім 3-разрядты спортшы атты спорт разрядтарын береді;
         16) бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi деген біліктілік санаттарын береді;
         17) жаппай спорт шараларының бірыңғай аймақтық күнтiзбесін жүзеге асырады;
         18) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорт шраларын ұйымастыру және өткiзудi      үйлестiредi;
         19) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру және спортты дамыту жөнінде ақпарат жинау, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген үлгіде  және мерзімінде облыстық жергілікті атқарушы органына ұсынады;
         20) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз         етуді          ұйымдастырады;
         21) дене шынықтыру және спорт шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
         22) облыс  аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етеді;
         23)  спорт мекемелерінде әдістемелік және  консультативтік  көмек көрсетеді;
         24) аудандық және қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектебінің  қызметін    қамтамасыз         етеді;
         25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

          21. Құқықтары мен міндеттері:

          1) мемлекеттік органдардан  қажетті  ақпарат, құжаттар, басқа материалдар, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұратуға және алу;

          2) лауазымды тұлғаларға тапсырма беру және олардың орындалуын талап ету;

          3) аудан  әкімдігінің отырыстарында, аудан әкімінің мәжілістеріне қатысу;

          4) ғылыми мекелер, мәдениет және өнер қайраткерлері, филологтар мен тілтанушы мамандарды, басқа да ғалымдар мен мамандарды жұмысқа тарту;

          5) мемлекеттік  басқару органдары,  мұрағат, ғылыми мекемелер ақпараттық дерекқорын пайдалану;

          6) бөлімнің ұйымдық, құқықтық, ақпараттық-сараптама жұмыстарын және оны материалдық-техникалық қамтамасыз етуді іске асыру;

 7) қолданыстағы заң актілермен ескерілген өзге де құқықтарды жүзеге асыру болып табылады.

 

3. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің

қызметін ұйымдастыру

 

         22. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін басқару, бөлімге  жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау үшін жеке жауап беретін  бірінші басшысымен жүзеге асырылады.

          23. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес  Шарбақты ауданының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

         24. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттігі:

1) мемлекеттік мекеме туралы Ережені аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;

2) жауапты қызметкерлер арасында міндеттерді бөледі, тиісті орындаушылық және еңбек тәртібімен қамтамасыз етеді;

3) мемлекеттік мекеменің аудандық бөлімдермен, ауылдық округ әкімінің аппараттарымен өзара байланыс жасауын ұйымдастырады;

4) Қазақстан Республикасының Заңдарын Президенттің, Үкіметтің актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады, жоғары органдарға олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде хабардар етеді;

5) мемлекеттік мекеменің жауапты қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

6) басшының бұйрықтарын шығарады;

7) мемлекеттік мекеме қызметкеріне ынталандыру және тәртіптік шараларды қолданады;

8) банкте есепшоттарды ашады;

9) мемлекеттік мекеменің мүддесін барлық органдар мен ұйымдарға ұсынады;

10) мемлекеттік мекемеде жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шараларды қолданады;

11) мемлекеттік мекемеде жемқорлыққа қарсы күрес бойынша міндеттерді орындау үшін жеке жауап береді;

12) заңнама және Құрылтайшымен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  «Шарбақты ауданы мәдениет және тілдерді дамыту, денешынықтыу және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшының өзге де өкілеттігін, ол болмаған кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

25. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органдары (жергілікті атқарушы органдары) арасындағы өзара байланыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленеді.

26. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеме әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара байланыс Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

27. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара байланыс Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнамасымен белгіленеді.

 

 

4. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімі»  

мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

28. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада ескерілген жағдайларды жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

 «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктен, сонымен қатар,  қызмет нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістермен бірге) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

29. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

30.  Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесі, бекітілген мүлікті  және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаржы есебінен сатып алынған мүлікті өз еркімен иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен оған билік етуге құқығы жоқ.

 

5. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесін

қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

 

31. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

32. «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін таратқан кезде  кредиторлар талаптары қанағаттандырылған соң қалған мүлік, ауданның коммуналдық меншігіне жатады.

 

 

«Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің

басқаруындағы ұйымдардың тізбесі

 

1) Шарбақты ауданы әкімдігінің, Шарбақты ауданының мәдениет және тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң  «Халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны;

2) Шарбақты ауданы әкімдігінің, Шарбақты ауданының мәдениет және тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң  «Шарбақты ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі»  коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

3) «Шарбақты ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі.