Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
«Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Басты Бөлімдер мен басқармалар «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» ММ «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Шарбақты ауданы әкімдігінің

2013 жылғы 6 мамыр

172/4 қаулысына

қосымша

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бюджеттік есепті және бюджетті орындау бойынша есептілікті жүргізу, мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу үдеріс мониторингін жүргізу, бюджетті орындау салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

7. «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141100, Шарбақты ауданы Шарбақты ауылы, Советтер көшесі, 53-үй.

10. «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма сағат 9ºº-ден 18³º-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13ºº-ден 14³º-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.

11. Мемлекеттік органның толық атауы –« Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

12. Мемлекет Шарбақты ауданының әкімдігі тұлғасында «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады.

13. Осы Ереже «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

14. «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.

15. «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік  субъектілерімен «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық  актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, мақсаты, пәні, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

16. «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: бюджеттік есепті және бюджетті орындау бойынша есептілікті жүргізу, мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу үдеріс мониторингін жүргізу, бюджетті орындау мәселесі бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу.

17. Бюджеттік есепті және бюджетті орындау бойынша есептілікті жүргізу, мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу үдеріс мониторингін жүргізу, бюджеттің орындалуын дамутыға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаты болып табылады.

18. Бюджеттік есепті және бюджетті орындау бойынша есептілікті жүргізу, мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу үдеріс мониторингін жүргізу, бюджетті орындау мәселелері бойынша іс-шараларды аудан деңгейінде іске асыру «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні болып табылады.

19. Міндеттері:

1) аудан бюджетін орындау бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) аудандық бюджеті орындау бойынша бюджеттік есептілікті және есепті жүргізу;

3) аудандық бюджет қаражатын орынды және нысаналы пайдалану үшін бақылауды қамтамасыз ету;

4) аудан бюджетін орындау мониторингін жүргізу;

5) ауданның коммуналдық мемлекеттік меншікке қатысты мемлекеттік саясатты іске асыру;

6) мемлекеттік сатып алу үдеріс мониторингін жүргізу.

20. Функциялары:

1) аудан бюджетін орындау бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;     

 2) бюджетті орындау бойынша ауданда әдістемелік басшылықты іске асырады;
          3) төлемдер бойынша түсімдер және қаржыландырудың жиынтық жоспары, жергілікті бюджет бойынша міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының құрылуын, бекітілуін және жүргізілуін іске асырады;

           4) төлемдер бойынша түсімдер және қаржыландырудың жиынтық жоспарына, жылдық сомаларды қоса, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етеді; 

          5) аудан бюджетін орындауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; 

        6) бюджеттік мониторингін іске асырады, бюджеттік мониторинг нәтижесі бойынша аудан бюджетін орындау туралы талдау есебін құрастырады;  

          7) аудан бюджетін, бюджеттік-қаржыны қадағалауды қалыптастыру және орындау рәсімін іске асырады;

          8) ауданның мемлекеттік органдары бюджет қаражатын тиімді бағалауын жүргізу үшін ақпарат даярлайды; 

     9) жергілкті бюджетті орындау туралы есептілікті құрастырады;  

10)           тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) іске асырудан түсімдер және шығын қаражатының жоспарларын орындау туралы, аудан бюджеті бойынша демеушілік және қайырымдылық көмектен ақшаның түсімі және шығыны туралы есептілікті құрастырады;

11)  аудан бюджетінің кредиторлық және дебиторлық борыш туралы есепті құрастырады;

12)    жергілікті атқарушы органның резервінен қаражатты бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулылар жобасына қорытынды даярлайды;

13)    жергілікті атқарушы органның резервінен қаражатты пайдаланудың есептілігін және талдауды қаматамасыз етеді;

14)    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті бюджетте қарастырылған, қаражат есебінен жергілікті атқарушы органның борышын өтейді және қызмет көрсетеді;

15)    жоғары бюджеттен ұсынылған бюджеттік несиелердің тіркелуін, есепке алуын және мониторингін қамтамасыз етеді;

16)     салық салу мақсатында меншікті бағалану жүргізеді;

17)    аудан бюджетіне салық және салық емес түсімдердің есепке алынуын жүргізеді;

18)    белгіленген тәртіпте Павлодар облысының қаржы басқармасына, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарға жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есеп береді;

19)    аудан бюджетін орындау туралы жергілікті және уәкілетті органның нормативті актілер жобасын әзірлейді;

20)    коммуналдық заңды тұлғалар және мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың тізбесін жүргізілуін қамтамасыз етеді;

21)    коммуналдық меншік тізбесін толықтыруды және түзетуді қамтамасыз етеді;

22)    өз құзыреті шегінде коммуналдық меншікті басқару саласында нормативті құқықтық актілерді, аудандық коммуналдық меншік нысандарын жекешелендіру бойынша аудан әкімдігінің актілерін әзірлейді, ауданның коммуналдық меншігінің  жекешелендірілуін іске асырады, жекешелендіру нысандарын бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру нысанның сатып алу-сату шарттарын даярлау және жасау және сатып алу – сату шарт талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

23)    ауданның коммуналдық меншігін басқару саласында құзыретіне қатысты мәселелері бойынша ауданның жергілікті атқарушы органдарының жұмысын үйлестіреді;

24)    жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншік нысандар тізбесін бекіту туралы аудан әкімдігінің актілерін әзірлейді;

25)    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес аудандық коммуналдық меншікті жекешелендіру жөнінде сауданы жүргізу туралы хабарламаны басып шығару үшін кезеңдік баспаны анықтау бойынша рәсімдерді өткізеді;

26)    аудандық коммуналдық заңды тұлғалар бойынша аудандық коммуналдық меншікті орнықтыру бойынша шараларды жүргізеді;

27)     ауданның коммуналдық мүлігін мүліктік жалға беру (жал), шарт бойынша тегін пайдалану, несие, концессияға тапсыру, мердігерлік шарттар бойынша мүлікті тапсыру, тегін негізде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне тапсыру құқығымен немесе сатып алу құқығымен, сатып алу құқығынсыз  жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімді басқару жөнінде шаралар жүргізеді.

28)    мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен басқа түріне тапсыру және қабылдау бойынша; мүлікті мемлекеттік меншіктен жеке меншікке қабылдау бойынша; ауданның коммуналдық мүлкін қала, аудан деңгейіне қабылдау және тапсыру шараларын жүргізеді және қабылдау тапсырудың сәйкестендірілген актілерін бекітеді;

29)    жеке негіздер бойынша коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, сату бойынша сауданы ұйымдастыру және одан әрі пайдалану бойынша жұмыстарды атқарады;

30)    коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, мемлекеттік қатысумен заңды тұлғалардың құрылуына, олардың қайта құрылуына, таратылуына қатысады;

31)    мемлекеттік орган болып табылатын, мемлекеттік мекемелерді есептемегенде, аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың Жарғысына (ереже)  өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;

32)    аудан әкімдігінің акцияларына жататын үлесақының уақытында және толық түсуінің бақылауын, сонымен қатар қатысу үлесі аудан әкімдігіне жататын, жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысушылары арасында таза кірісті бөліп беруді жүзеге асырады;

33)    аудандық коммуналдық заңды тұлғалармен аудандық коммуналдық мүлікті тапсыру туралы актілерді әзірлейді;

34)    акционерлік қоғамдардан акцияларды және аудандық коммуналдық мүлік құрамына жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлестерін алу туралы актілерді әзірлейді;

35)    тоқсан сайын мемлекеттік статистикалық есептілікті, сонымен қатар ауданда іске асырылатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша уәкілетті органымен бекітілген, басқа да есептілікті құрайды, жинайды;

36)    мемлекеттік сатып алу бойынша уәкілетті органмен өзара қарым-қатынас жасайды;

37)    тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша ауданның коммуналдық заңды тұлғаларға (тапсырыс берушілерге) консультациялық көмек көрсетеді;

38)    «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметкерлерінің  кәсіптік қайта даярлау және біліктілікті арттыру, аттестациялау бойынша жұмысты ұйымдастырады;

39)    «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде кадр жұмысы жағдайына талдауды, кадрлармен қамсыздандырылуды жүргізеді;

40)    «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  мемлекеттік қызметкерлерінің орындаушылық және еңбек тәртібін және ар-намыс Кодекстің сақталуының бақылауын жүргізеді;

41)    «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген тапсырмаларды іске асыру мақсатында, мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалардың өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады;

42)    аудан әкімінің және әкімдіктің актілерін, әкімнің тапсырмаларын орындалуын жүзеге асырады және ұйымдастырады;

43)    бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамдық байланысты орнатады және тұрақты дамытады;

44)    «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің жоспарын әзірлейді;

45)    тиісті деректер жинағын құрастыра отырып, ауданның бірыңғай электронды жүйесін әзірлеуге қатысады, жаңа ақпараттық технологияларды әзірлену, енгізу және ілесіп жүруді іске асырады;

46)    құжаттардың сақтауын ұйымдастыру және мемлекеттік мұрағатқа  тапсыру, істерді тұрақты сақтауға және жоюға іріктеу және дайындау бойынша жұмысты жүргізеді;

47)    «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде жұмысты жүргізеді;

48)    талап-арыз жұмысын жүргізу;

49)    Қазақстан Республикасы заңнамасымен берілген басқа да өкілеттікті атқарады.

21.Құқықтары мен мiндеттерi:

1) мемлекеттік сатып алулар, аудан бюджетін орындау, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаларды құру, қайта құру және жою, аудандық коммуналдық меншікті басқару мәселелрі бойынша әкімдіктің және аудан әкімінің қарауына ұсыныстар жасауға;

   2) белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдардың және азаматтардың келісімімен «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі алдына қойылған тапсырмаларды орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты сұрауға және алуға;

   3) басшыларының келісімімен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тартуға;

   4) бюджеттік есепті және бюджетті орындау бойынша есептілікті жүргізу, мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу үдеріс мониторингін жүргізу, бюджетті орындау мәселесі бойынша мемлекеттік органдармен,  ұйымдармен, кәсіпорындармен қарым-қатынас жасауға;

  5) мемлекеттік органдарда, сотта «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бөлімнің атынан сөйлеуге;

  6) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасуға;

  7) шұғыл шығындарға ауданның жергілікті атқарушы органның резервінен ақша қаражатының бөлінуі мүмкін болатын немесе болмайтындығы туралы қорытынды беруге;

  8) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындармен жергілікті бюджетке таза кіріс үлесінің толық және уақытында есептелінуін бақылауды, сонымен қатар, аудандық коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне шаруашылық серіктестіктердің және үлесақысына мемлекеттік үлесіне кірістерді есептеуінің бақылауын жүзеге асыруға;

  9) аудан бюджетін орындау, ауданның коммуналдық меншігін басқару, мемлекеттік сатып алулар мәселелері бойынша нормативті құқықтық актілерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды жинақтап қорыту және әзірлеуге;

  10) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен ұсынылатын есептік мәліметтердің дұрыстығын тексеруге;

  11) Мемлекеттік органның міндеті шегінде аудан әкімдігінің қаулы жобасын әзірлеуге.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

22. «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

23. «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

24. «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

25. «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкiлеттiлігi:

1) «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметін басқаруды жүзеге асырады;

2) өз орынбасарының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолда-ныстағы заңнамасына сәйкес белгілейді;

3) «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін белгілейді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;

6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

8) меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;

9) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;

10) «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

11) «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмысының келешектегі және ағымдағы жоспарларын бекітеді;

12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауп береді.

«Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

26. «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.

27. «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлкi аудандық коммуналдық меншiкке жатады.

28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды

қайта ұйымдастыру және тарату (қысқарту)

 

29. «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

30. «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін тарату кезінде несие берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

 

________________________