Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Аудан әкімі Ә.К. Әбеуовтің халық алдындағы тезисі
Басты Есептік кездесулер Аудан әкімінің есеп беру тезистері Аудан әкімі Ә.К. Әбеуовтің халық алдындағы тезисі

 

  1. Экономиканың нақты секторы

         1.1 Өнеркәсіп

         Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5845,4 млн. теңгені құрады.     

         1.2 Ауыл шаруашылығы

         Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 21915,8 млн. теңге,  НКИ 101,4 % құрады.

         Жер

         Аудан жерлерінің жалпы ауданы 684 866 га құрайды,

         оның ішінде:

            - ауыл шаруашылық жерлер - 340840,7 га

            - елді мекен жерлері – 105125,5 га;

            - өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері – 3 196, 07 га;

            - ерекше қорғалатын табиғи жерлер – 117 565 га;

            - орман қорының жерлері-117 565 га;

            - су қорының жерлері – 3 102 га;

            - қордағы жерлер –115036,6га.

           

Өсімдік шаруашылығы

        2019 жылғы егіс алқабы 148,9 мың га құрады (2018 жылмен салыстырғанда - 137,6 мың га, бұл – 108,2% құрайды), оның ішінде: бидай – 78,2 мың га, арпа – 13,4 мың га, сұлы – 1,34 мың га, тары – 7,56 мың га қарақұмық – 8,83 мың га, жасымық – 1,62 мың га, астық қоспасы – 0,9 мың га, күздік қара бидай – 0,68 мың га, күнбағыс – 29,23 мың га,қыша – 1,12 мың га, жылдық шөптер– 2,02 мың га, сүрлемдік дақылдар (сүрлемдік жүгері) – 1,66 мың га, еркекшөп – 1,4 мың га, тәтті беде – 0,44 мың га, эспарцет – 0,02 мың га, картоп – 0,4 мың га, көкөніс – 0,121 мың га

Ағымдағы жылы  дәнді – бұршақты және майлы дақылдарды жинау көлемі – 142,9 мың га (112,3% – 2018 жылы 127,3 мың га).

Дәнді және дәнді – бұршақты дақылдар 111,8 мың га көлемінде шабылды, орташа өнімділік – 10,3 ц/га, оның ішінде: бидай – 78,1 мың га, арпа – 13,3 мың га, сұлы – 1,3 мың га, тары – 7,6 мың. га, қарақұмық – 8,9 мың.га, дәнді – бұршақты дақылдар (жасымық) -1,6 мың га, астық қоспасы-1,0  мың га. Жиналған картоп – 0,38 мың. га, көкөністер – 0,115 мың.га. Май дақылдары 30,3 мың га алқаптан кесіліп алынды,оның ішінде: қыша – 1,1 мың га, күнбағыс – 29,2 мың га.

         Ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен 2019 жылы жағдай бойынша  86 бірлік (116,2 % 2018 жылы - 74 бірлік) ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жалпы сомасы – 1274,4 млн. теңге 192,0% (2018 жылы - 663,6 млн. теңге) сатып алды.

Мал шаруашылығы.

         Ірі қара мал басының саны 30,4  мың басты құрайды (109,7 %), қой – 26,9 мың бас, ешкі – 1,8 мың бас, жылқы – 5,7 мың бас, шошқа – 9,1 мың бас, құс – 389,6 мың бас құрайды.

         Сүт – 39854,4 тонна, тірідей салмақта ет – 5858 тонна, жұмыртқа –79068,6 мың дана өндірілді.

                 

           Қайта өңдеу

           Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен 20 қайта өңдеу нысаны, 3 жартылай фабрикат цехы, 2 диірмен, 1 жарма,1 май жуу, қарақұмық жармасын қайта өңдеу цехы, киіз бұйымдар цехы, ет консервілері цехы, бұлақ суын өндіру цехы іске қосылды және 9 наубайхана жұмыс істейді.

           ӘКК

           Ауданда 11 ауыл шаруашылық кооперативі жұмыс істейді. Оның 4-уі сүт өндірісі бойынша ӘКК және 7-уі бұқаларды бордақылау бойынша ӘКК.

            Дайындау

        Ауданда 22 дайындау кешендері жұмыс істейді:сүт дайындау бойынша - 12, ет дайындау бойынша - 9 және тері дайындау бойынша - 1.         1.3. Құрылыс

           Құрылыс жұмыстарының көлемі 4337,5 млн. теңге немесе  101,8 % құрайды.

           2019 жылдан бастап Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Шалдай, Алексеевка, Жаңа-ауыл, Орловка 4 елді мекеніне 1731,0 млн.теңге сомасында сумен жабдықтау жүйесін салу жұмыстары жүргізілді.

       

Тұрғын үйлерді енгізу

Пайдалануға 2047 м2 тұрғын үйлер берілді, НКИ(103,7%).

 

  1. Инвестиция

         Негізгі капиталға инвестициялар көлемі – 5177,6 млн.теңге НКИ (106,9 %), оның ішінде жеке инвестициялар 2932,4 млн.теңге құрайды.

 

  1. Шағын және орта кәсіпкерлік

         Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 999 бірлікті құрайды, қолданыстағылар 914.

 

  1. Сауда

         Бөлшек сауда айналымы 7084,6 млн.теңге немесе 100,2 % құрады.

              

  1. Бюджет

Есеп беру кезеңінде аудан бюджетіне жоспар бойынша 629,9 млн. теңге жоспар бойынша 550,1 млн. теңге немесе 114,5% меншікті кіріс жұмылдырылды.

         2019 жылғы 1 желтоқсандағы аудан бойынша бюджетінің шығыс бөлігі, есеп беру кезеңге жоспар бойынша 6212,5 млн. теңге болғанда жалпы 99,5% орындалды, орындалуы 6182,6 млн. теңгені құрайды.

        

  1. Әлеуметтік орта

         6.1. Еңбек нарығы

         Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша келіп тіркелген азаматтар саны 925 .

         Жұмыспен қамтуда 748 азаматқа көмек көрсетілді.

Жоспар жылына  376 жұмыс орны (281 үнемі, уақытша 95) болғанда 357 жұмыс орны құрылды

         Жаңа форматтағы МАӘК сомасы 136,4 млн. теңге 269 (1329 адам) отбасына  көрсетілді (2018 жылы -117 отбасы, 533 адам сомасы 14,9 млн.теңге).

Тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі 1,6%.

 

         Қоныс аудару бағдарламасы

         Қоныс аудару бағдарламасына сәйкес, бүгінгі таңда ауданға 35 отбасы/153 адам келді.

 

         6.2 Еңбек төлемі

         2019 жылы қаңтар-қыркүйек  айларындағы бір жұмыскердің орташа айлық номиналды жалақысы 99340 теңгені немесе 119,6 % құрайды.

 

  1. Білім беру

Шарбақты ауданының білім беру жүйесіне 33 білім беру ұйымдары енеді: 24 жалпы білім беретін мектеп (олардың 15-сі орта, 7-і негізгі және 2-уі бастауыш), 1 колледж, 1 отбасы үлгісіндегі балалар үйі, 1 БЖСМ, 1 музыкалық мектеп, 1 «Радуга» мектептен тыс жұмыс орталығы, 1 психологиялық-педогогикалық түзеу кабинеті, 1 мектепке дейінгі мекеме, Хмельницкий санаторлық типтегі мектеп-интернаты.

 Орта жалпы білім беру мектептерінде 4 мектеп жанындағы интернат және 23 шағын орталық жұмыс істейді (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту үшін).

Оқушылар контингенті 2892 адамды құрайды.

Барлығы аудан бойынша 3 тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен қамтамасыз ету 100 % құрайды.

2019 жылы ұлттық бірыңғай тест тапсыруға 119 түлектің 74-і қатысты, оның ішінде «Алтын белгіге» 5 үміткер және 1 түлек өте жақсы бағаларымен аттестат алды.

 

  1. Денсаулық сақтау

Ауданның денсаулық сақтау жүйесі емдеу-алдын алу  ұйымдары желісімен ұсынылады: құрылымдық бөлімшелері бар аудандық орталық аурухана: 37 төсекке арналған стационар, 63 төсекке арналған күндізгі стационар, ауысымына 200 адам қабылдайтын поликлиника, 5 дәрігерлік амбулатория, 21 медициналық пункттері бар.

Халықтың тууы 257 адамды құрайды, қайтқан адамдар саны198.

 

  1. Жолдар

Жалпы қолданыстағы аудандық маңызы бар автомобильдік жолдардың жалпы ұзақтығы 429,4 км құрайды, олардың  65,0 км – республикалық маңызы бар, 98,0 км – облыстық маңызы бар және 272,4 км – аудандық маңызы бар, оның ішінде қара ұсақ таспен төселгені – 100,7 км, таспен төселгені – 141,7 км, топырақпен төселгені – 30,0 км. Шарбақты ауданының елді мекендеріндегі ауыл ішіндегі автомобиль жолдарының жалпы ұзақтығы 243,7  км құрайды.

Аудандық маңызы бар автомобильдік жолдар: жақсы жағдайдағы жолдар – 30,1%, қанағаттанарлық жағдайдағы – 53,9 % және қанағаттанарлық емес жағдайдағы жолдар – 16,0 %. 

Облыстық бюджет есебінен:           

- Шарбақты-Галкино-Мақпал автомобиль жолының 51,2- 65,4 (14,2 км) орташа жөндеуіне 417,6 млн.теңге.

- Шарбақты-Галкино-Мақпал автомобиль жолына 0-30 (30 км) 155,0 млн. теңгеге орташа жөндеу жұмыстары басталды.

 

 

  1. Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі

Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес  ауданда құқық тәртібін нығайту үшін және азаматтардың өмірі, құқығы және бостандығы қауіпсіздігінің қажетті деңгейін сақтау бойынша 117 қылмыс тіркелді.