Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органның бірінші басшысының сыбайлас жемкорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты келесі қағидаларға негізделген
Басты Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының мемлекеттік органның бірінші басшысының сыбайлас жемкорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты келесі қағидаларға негізделген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органның бірінші басшысының сыбайлас жемкорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты келесі қағидаларға негізделген

2017 жылгы 27 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарымен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдарының бірінші басшылары үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының бірінші басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылық пен моральдық жүйесін құру арқылы мемлекеттік басқару органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікке қол жеткізу үшін бағытталған сыбайлас жемкорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты бекітілді.

     Қазақстан Республикасының мемлекеттік органның бірінші басшысының сыбайлас жемкорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты келесі қағидаларға негізделген:

  • Бағынысты қызметшілер және әріптестермен адал қарым-қатынас жасау;
  • Сенімділік-, бір-біріне сенімді қарым-қатынас негізінде жұмыс істеу;
  • Жауапкершілік — кәсіби қызмет сапасына кепілдік ету;
  • Адамның жеке басын құрметтей отырып, дарынды қызметкерлерді жұмысқа тарту және жұмыс орнында қалуына мүкіндік жасау;

         Әділдік – кызметкерлер және мүдделі тұлғалармен әдепті қарым-қатынас жасау.

     Мемлекеттік органның бірінші басшысы күнделікті кызмет бабында:

  1. мемлекеттік саясатты ұстана отырып, оны дәйекті түрде жүзеге асыруға;
  2. өзі басқарып отырған құрылымда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемкорлыққа қарсы ic-қимыл туралы заңын сақтауға және орындалуына жеке жауап беруге;
  3. «көшбасшы нені насихаттаса, соны қолданады» деген қағидаға сәйкес өзіне бағынысты қызметшілер мен әріптестеріне өзінің жеке басымен үлгі көрсете отырып, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін қатаң сақтауға;
  4. қызмет міндеттерін орындауға қатысты мәселелер, атқаратын қызмет лауазымына қарамастан, бағынысты кызметшілер үшін қол жетімді болуға;         5. мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіп және әдеп стандартын енгізу және сақталуын бақылау  үшін жеке жауап беруі тиіс.
  5. мүліктік немесе мүліктік емес пайда табу, не болмаса артықшылық көрсету мақсатында, таратуға жатпайтын қызметтік немесе басқа ақпаратты қолданбауға;
  6. жақын қарым-қатынаста болған адамдар тікелей бағынысты лауазымға тағайындалса, лауазымға тағайындалудан бас тартуы керек. Меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басының пайдасына  байланысты артықшылық көрсетпеуге;
  7. сыбайлас құқық бұзушылық пен олардың салдарынан мүдделік жанжалдың пайда болу себептері мен мүмкіндігін болдырмау үшін тұрақты негізде шара қолдану. Лауазымдық міндеттерін орындау барысында  пайда болған мүдделік дауды тәртіптке келтіру жөнінде дер кезінде жан-жақты шара қолдануға;
  8. қызмет міндеттерін орындаған кезде жемқорлық сипатта мүдделік дау немесе сыйлық алуға қатысты мүдделік дау-дамай туындаған жағдайда, осы мәселе туралы тікелей жоғары басшыға немесе уәкілетті органға дереу хабарлауға; 
  9. басқа мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз қол сұғу деректеріне жол бермеуге;
  10. саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдардың кызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға;
  11. өзіне бағыныстылардан, ақпараттау жүйесінен алуға болатын қызмет алушылардың құжаттарын сұратып алмауды талап ету;
  12. мемлекеттік қызметтерді және рұқсат құжаттарын алу жөніндегі өтініштерді қараған кезде, оларды кешіктіру немесе қарау мерзімін ұзарту деректеріне жол бермеу, белгіленген мерзімде беруді бақылауға алу;
  13. өзге тұлғаларды сыбайлас жемқорлық әрекет етуге мәжбүрлемеуге;
  14. өзіне тікелей бағынысты тұлғалар жемқорлық жасаған жағдайда, жұмыстан шығару туралы дереу өтініш беруге міндетті;
  15. қызмет лауазымына орналасқан күннен бастап кіріс-шығысы, жылжымалы және жылжымайтын мүлік туралы мәліметтерін жариялауға тиіс. Одан әрі өзінің табысы мен шығысы және мүлкі туралы мәліметтерді жыл сайын жария етуге міндетті;
  16. БАҚ үшін ашық болуы тиіс, журналистерге, олардың қызығушылық білдірген мәселелері бойынша дереу ақпарат, жауап және түсініктеме беруге;

            18. оған жария түрде дәлелсіз айып тағылған жағдайда, осы тағылған айыпты теріске шығару үшін шара қолдану. Теріске шығарылмайтын болса жария түрде тағылған айыппен келіскен болып саналады.