Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік қызмет өткеру мәселелері «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығымен белгіленген.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығымен бекітілген Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң қағидасына сәйкес конкурстардың ұйымдастыру және өткізу жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес Министрлікте лауазымдардың сәйкестi санаттарына резервшiлер тiзiмi қаралғаннан кейiн белгіленген тәртіппен конкурс жарияланады.

Конкурстың бірқатар тізбекті кезеңдері бар:

* конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау;

* конкурстық комиссияны құру;

* белгіленген біліктілік талаптарының сәйкестігіне конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдайды және талдайды;

* үміткерлерді тестілеу;

* әңгiмелесу;

* конкурстық комиссияның қорытынды мәжілісі.

Орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволарда конкурс өткізу кезінде хабарландырулар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады. Жергілікті мемлекеттік органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің ресми www.kyzmet.kzинтернет-сайтында орналастырады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар Ережеде көрсетілген құжаттарды (анкета, конкурсқа қатысуға өтініш) конкурс өткізуші мемлекеттік органға тапсырады, олар конкурстық комиссияда қаралады.

Мемлекеттік қызметке орналасу кезінде біркелкі көзқарасты қамтамасыз ету және үміткерлерді конкурстық іріктеу кезінде бұданда кеңірек таңдау үшін жағдай жасау мақсатында Типтік біліктілік талаптарын басшылыққа алады.

Конкурс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күні ішінде конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тиісті мемлекеттік органға хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органның мекен-жайына ұсынады.

Ұсынылған құжаттарға талдау жасаудың негізінде конкурстық комиссия конкурсқа қатысушыны тестіден өтуге жіберу туралы шешім қабылдайды. Тестілеудің мақсаты үміткерлердің қабылеттілігіне әділ баға беру болып табылады.

Әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың санаттарына байланысты түрлі тестілеу бағдарламасы қойылуға тиісті.

Қазіргі уақытта тестілеу бағдарламасында заңдарды білу, сондай-ақ, қисынды ауызша емес (санаттарына байланысты) сынақ түрлері бар.

Тестілеуге қатысуға жіберілген үміткерлер оны белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінде немесе еліміздің барлық 16 аумақтарындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің аумақтық тестілеу орталықтарында, құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтеді.

Тестілеудің қашықтық жүйесі Агенттіктің орталық серверіне қосылған компьютерлерде өтеді, бұл тестілеу рәсімдері талаптарының бір ізділігіне және барынша шынайылығына кепілдік береді, конкурстық іріктеудің сапасын бақылауға жағдай туғызады.

Тест бойынша алғашқы қадамдары табысты болған үміткерлер конкурстық іріктеудің келесі кезеңі - әңгімелесуге жіберіледі.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны, тестілеу өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органда өтеді.

Әңгімелесудің мақсаты - үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттеріне баға беру болып табылады.

Қорытынды мәжілісте конкурстық комиссия ұсынылған құжаттардың, тестілеу нәтижелерінің және өткізілген әңгімелесудің негізінде әкімшілік мемлекеттік лауазымның бос орнына орналасу үшін үміткерлерді іріктеуді жүзеге асырады. Тек бір ғана үміткер қанағаттанарлық қорытындыға ие бола алады, екінші үздік үміткерді кадр резервіне есепке алу үшін ұсынуы мүмкін.

Егер бос лауазымға орналасуға лайықты үміткерлер анықталмаған жағдайда, мемлекеттік орган қайта конкурс жариялай алады. Конкурстық комиссияның қанағаттанарлық қорытындысын алған үміткер әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін заңда көзделген талаптарды сақтай отырып, конкурсқа шығарылған лауазымға ие болуға құқылы.