Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Павлодар облысының медициналық ұйымдарына сегіз ай ішінде жасалған мониторинг қорытындысы   
Басты Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Павлодар облысының медициналық ұйымдарына сегіз ай ішінде жасалған мониторинг қорытындысы   

 

 Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары көрсетілетін медициналық көмек сапасына жүйелі түрде мониторинг жүргізеді. Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу мамандарға емделушілерге қашықтан сараптама жүргізіп, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бекітілген кесте бойынша нысандарда жоспарлы мониторинг өткізіліп, медициналық ұйымдардың келісімді міндеттемелерінде бұзушылықтар орын алған жағдайда жоспардан тыс бақыланады.

2019 жылдың сегіз айында халыққа тегін медициналық көмек көрсететін барлық ауруханалар мен емханаларға мониторинг жасалды.  Павлодар облысында мемлекеттік тапсырыс аясында 63 медициналық ұйым тегін медициналық көмек көрсетеді, оның жартысы жекеменшік.  

Қор филиалының медициналық қызметтер сапасын мониторингілеу бөлімінің басшысы Алмагүл Ахметжанованың айтуынша, мониторинг көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін бақылайды. Медициналық сақтандыру қоры қызметтің нақты көрсетілген-көрсетілмегенін, емдеу хаттамаларының талапқа сай толтырылуын және осы манпуляциялардың нәтижесін тексереді.

Қандайда бір олқылықтарға жол берген медицина ұйымына айыппұл салынады. Ал, емдеу барысында өрескел заң бұзушылықтар орын алған жағдайда істі құқық қорғау органдары мен қадағалау органдарына жібереді.

 «Тәулік бойғы стационарлық көмектің сапасына жасалған мониторинг нәтижесінде жіберілген ақаулар бойынша 61,4 млн. теңге шешіп алынды. Күндізгі стационарда көрсетілетін көмек сапасына жасалған талдау қорытынысы бойынша шамамен екі млн. теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда ақаулар саны мен сомаларды шешу  40% қысқарды. Бұл қызмет көрсетушілерге экономикалық тұрғыда қолданылған шаралар нәтижесі мен олардың азаматтарға көрсеткен медициналық көмек сапасының жақсарғанын көрсетеді», - деп атап өтті Алмагүл Ахметжанова.

Айта кету керек, Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада, Екібастұз қаласының ауруханасында, Павлодар қаласының №1 және №3 қалалық ауруханаларында ең көп ақау анықталды. Емдеу шараларын сақтамау, медициналық құжаттарды сапасыз толтыру мониторинг барысында анықталған негізгі кемшіліктер болып табылады.

Медициналық көмек көрсетуде ақаулардың алдын алу үшін айыппұлдық ықпалшарадан бөлек, қор сарапшылары медициналық қызметкерлер арасында түсіндіру, оның ішінде медициналық қызметтердің сапасын сараптау, емделушілердің құқығын қорғау мен ауруларды басқару бағдарламасын жүргізу сұрақтары бойынша жұмысын жүргізеді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры көрсетілген медициналық көмектің сапасын мониторингілеу нәтижесін тұрақты түрде жариялап отыруды жоспарлауда. Қор мамандары бұл шараның дәрігерлерді тәртіпке шақырып, халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуге ынталандыра түседі деген сенімде.

 

 «Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

Павлодар облысы бойынша филиалы