Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Павлодарлықтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 9,3 млрд теңге аударды  
Басты Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Павлодарлықтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 9,3 млрд теңге аударды  

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры соңғы айда түскен қаржының көлемін атады. Павлодар облысының жұмыс берушілері мен жеке кәсіпкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша 9,3 млрд. теңге төледі. Өңірге қарасты қалалар арасында Павлодар қаласы көш бастап тұр. Аудандар арасында Баянауыл, Шарбақты және Павлодар аудандары үздіктер қатарында.       

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Айдар Ситказиновтың айтуынша, 2017 жылғы 1 шілдеден бері барлық жұмыс берушілер өз жұмыскерлері үшін қаржы ауда­рып келеді. Жеке кәсіпкерлер де қарамағында жұмыскерлері бол­са, төлем жасайды. Жинақталған қаржы Ұлттық Банкте сақталады. Қаржы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтер пакетін қаржыландыруға бағытталады.

Қазіргі күнге дейін медициналық сақтандыру қорына 205,1 млрд теңгеден астам жарна түскен. Оның 196,2 млрд теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары, ал 8,9 млрд теңгесі жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. 

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап аударымдар мен төлемдерді жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалығы басшылары, жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар, жалға жұмыс істеушілер, ерікті төлемшілер және мемлекет жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін төлем жасайды.

Міндетті әлеуметтік медициалық сақтандыру туралы толық ақпаратты Қордың fms.kz сайтынан ала аласыз.

 

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

Павлодар облысы бойынша филиалы