Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Павлодар облысында медициналық қызметтердің сапасы тексерілуде  
Басты Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Павлодар облысында медициналық қызметтердің сапасы тексерілуде  

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Павлодар облыстық филиалы медициналық ұйымдарда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында азаматтарға көрсетілетін медициналық көмек сапасын жүйелі түрде бақылап, ай сайынғы қызметтерін төлейді. Төлем көрсетілген қызметтердің сапасын мониторингілеудің қорытындысы бойынша жүргізіледі.

Қор филиалының медициналық қызметтер сапасын мониторингілеу бөлімінің басшысы Алмагүл Ахметжанованың айтуынша, мониторинг көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін бақылайды. Медициналық сақтандыру қоры қызметтің нақты көрсетілген-көрсетілмегенін, емдеу хаттамаларының талапқа сай толтырылуын және осы манпуляциялардың нәтижесін тексереді.

Қандайда бір олқылықтарға жол берген медицина ұйымына айыппұл салынады. Ал, емдеу барысында өрескел заң бұзушылықтар орын алған жағдайда істі құқық қорғау органдары мен қадағалау органдарына жібереді.

 Павлодар облысында 63 медициналық ұйым тегін медициналық көмек көрсетеді, оның 28-і – жекеменшік.

«Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында стационарлық көмектің сапасына жасалған мониторинг нәтижесі бойынша ақаулар саны 37%-ға, ол үшін салынған айыппұл сомасы 19%-ға төмендеді. Сондай-ақ, стационарды алмастыратын көмек бойынша ақаулар саны 2 есе азайған. Бұл қызмет көрсетушілерге экономикалық тұрғыда қолданылған шаралар нәтижесі мен олардың азаматтарға көрсеткен медициналық көмек сапасының жақсарғанын көрсетеді», - деп атап өтті Алмагүл Ахметжанова.

Медициналық көмек көрсетуде ақаулардың алдын алу үшін айыппұлдық ықпалшарадан бөлек, қор сарапшылары медициналық қызметкерлер арасында түсіндіру, оның ішінде медициналық қызметтердің сапасын сараптау, емделушілердің құқығын қорғау мен ауруларды басқару бағдарламасын жүргізу сұрақтары бойынша жұмысын жүргізеді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры көрсетілген медициналық көмектің сапасын мониторингілеу нәтижесін тұрақты түрде жариялап отыруды жоспарлауда. Қор мамандары бұл шараның дәрігерлерді тәртіпке шақырып, халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуге ынталандыра түседі деген сенімде.

 

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры»КЕАҚ

Павлодар облысы бойынша филиалы