Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Медициналық сақтандыру қоры Ертіс өңірінің медициналық ұйымдарына 21,8 млрд теңге төледі  
Басты Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Медициналық сақтандыру қоры Ертіс өңірінің медициналық ұйымдарына 21,8 млрд теңге төледі  

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылы енгізілетін әлеуметтік медициналық сақтандыруға қаржы жинап қана қоймай, ағымдағы жылға тегін кепілдендірілген медициналық  көмек көлемі аясында медициналық қызметтерді сатып алады.

2019 жылдың басынан Қор Қазақстанның медициналық ұйымдарына халыққа көрсеткен қызметі үшін 487 млрд теңге төледі. Ағымдағы жылы медициналық сақтандыру қоры кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 889 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл 2018 жылы бөлінген қаржыдан 6 пайызға артық.

Павлодар облысында медициналық қызметтер көрсетуде келісімшарттардың жалпы сомасы 2019 жылы 40,5 млрд теңгені құрады. Жыл басынан медициналық ұйымдарға көрсеткен қызметтері үшін 21,8 млрд теңге төленді (53,8%).

«Жұмыс уақытылы әрі кесте бойынша жалғасуда. Бөлінген қаржы медициналық мекемелердің операциялық шығындарын жабуға жеткілікті. Қор медициналық ұйымдар алдындағы барлық келісімшарт міндеттемелерін толық көлемде атқаруда», - деп атап өтті Павлодар облысы бойынша Қор филиалының директоры Айдар Ситказинов.

Павлодар облысында 63 медициналық ұйым мемлекеттен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қызмет көрсетеді. Оның 30 жекеменшік. 2018 жылмен салыстырғанда жеке қызмет берушілер саны 5 ұйымға артты.

«Жекеменшік медициналық ұйымдар Қормен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді әрі өзгермелі жағдайда жұмыс істеуге дайын екендерін көрсетті. Медициналық қызмет көрсету нарығында бәсекенің артуы медициналық көмектің қолжетімді болуына, сапаға оң ықпал етері сөзсіз», - деп атап өтті А.Ситказинов.

Естеріңізге сала кетейік, Қордың медициналық қызметтерді сатып алу шартын жасасқан облыстың медициналық ұйымдар тізімі www.fms.kz сайтында орналастырылған. («ТМККК қызмет берушілер» тізімі бөлімінде). 

 

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

 Павлодар облысы

 бойынша филиалы