Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Медициналық сақтандыру қоры Павлодар облысының медициналық ұйымдарына 2019 жылдан бастап 20 млрд теңгеден астам қаржы төледі    
Басты Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Медициналық сақтандыру қоры Павлодар облысының медициналық ұйымдарына 2019 жылдан бастап 20 млрд теңгеден астам қаржы төледі    

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылы енгізілетін әлеуметтік медициналық сақтандыруға қаржы жинап қана қоймай, ағымдағы жылға тегін кепілдендірілген медициналық  көмек көлемі аясында медициналық қызметтерді сатып алады.

2019 жылдың басынан Қор Қазақстанның медициналық ұйымдарына халыққа көрсеткен қызметі үшін 464 млрд теңге төледі. Ағымдағы жылы медициналық сақтандыру қоры кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 868 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 6 пайызға артық.

Павлодар облысында медициналық қызметтер көрсетуде келісімшарттардың жалпы сомасы 2019 жылы 38,9 млрд теңгені құрады. Жыл басынан медициналық ұйымдарға көрсеткен қызметтері үшін 20,4 млрд теңге төленді (52,4%). «Жұмыс уақытылы әрі кесте бойынша жалғасуда. Бөлінген қаржы медициналық мекемелердің операциялық шығындарын жабуға жеткілікті. Қор медициналық ұйымдар алдындағы барлық келісімшарт міндеттемелерін толық көлемде атқаруда», - деп атап өтті Павлодар облысы бойынша Қор филиалының директоры Айдар Ситказинов.

Биыл Павлодар облысында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында  64 медициналық ұйым медициналық қызмет көрсетеді. Оның 31-і жекеменшік. 2018 жылмен салыстырғанда жеке қызмет берушілер саны 5 ұйымға артты.

Естеріңізге сала кетейік, Қордың медициналық қызметтерді сатып алу шартын жасасқан облыстың медициналық ұйымдар тізімі www.fms.kz сайтында орналастырылған. («ТКМКК қызмет берушілер» тізімі бөлімінде).

 

 

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

 Павлодар облысы

 бойынша филиалы