Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
«Медицина жақын» акциясы жалғасуда              
Басты Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру «Медицина жақын» акциясы жалғасуда              

Павлодар облысы шалғай ауылдарының тұрғындары үшін салалық мамандардың медициналық көмегі «Медицина жақын» акциясы аясында айтарлықтай қолжетімді бола түсті. Осы аптада Павлодар облыстық ауруханасының мамандандырылған бригадасы мен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары Железин ауданының Жаңа Жұлдыз ауданына табан тіреді.

Ауыл облыс орталығынан 300 километр жерде орналасқандықтан, тұрғындардың салалық мамандардан медициналық көмек алуға мүмкіндігі болмай жатады.  Акция аясында отбасылық-дәрігерлік амбулатория ғимараты алдында жаңа құрылғылармен жабдықталған қозғалмалы медициналық кешен жұмыс істеді (УЗИ, стоматологиялық және акушерлік креслолар, рентген мен лабораториялық құрылғылар). Таңертеңнен терапевт, лор, стоматолог, окулист, гинеколог дәрігерлері және лаборанттар пациенттерді қабылдады. Олардың басты мақсаты – қаралушыларды тексеріп, аурулардың алдын алу.

Медициналық зерттеуден бөлек, ауыл тұрғындары 2020 жылдың            1 қаңтарынан енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы ақпарат алып, сақтандыру медицинасы аясында қандай көмек қолжетімді болатыны жайында білді.  Әзірше, Қор азаматтар үшін мемлекетпен кепілдендірілген тегін медициналық көмекті сатып алуда.  «Медицина жақын» акциясы тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылай қолдауымен өткізілуде.

Жаңа Жұлдыз ауылының байырғы тұрғыны – зейнеткер Нұрғайым Есенова жыл сайын келіп тұратын салалық дәрігерлердің тексеруінен өтіп тұратынын айтады. Бүгін де ол жүздеген шақырымды бағындырмай-ақ, бір жерде бірнеше білікті дәрігердің қабылдауына кірді. «Бұл қозғалмалы медициналық кешен біз үшін таптырмас мүмкіндік. Әсіресе, көп балалы аналардың қуанышында шек жоқ», - дейді қария.  

Бұл жолы 300-ден астам ауыл тұрғыны мен 142 бүлдіршін келген дәрігерлердің профилактикалық бақылауынан өтті. Шараға қатысушылардың барлығы ақ халаттылардың кеңесін алып, кейбіреуі облыс орталығында толық тексерілуге жолдама берілді.    

«Ауыл тұрғындары көбіне жүрек-қан тамырларының аурулары, несеп-жыныс жүйесі, асқазан-ішек жолы белгілерімен көп жүгінеді. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» - деп дана халқымыз айпақшы, кез келген аурудың алдын алған әлде қайда тиімді. Бұл акция келешекте де жалғасын табады деген ойдамыз. Себебі біз бұдан айтарлықтай нәтиже көріп, күн сайын шалғай ауылдардың тұрғындарынан алғыс сөздер естіп келеміз», - дейді Павлодар облыстық ауруханасының жалпы тәжірибе дәрігері   Гүлнар Имағұлова.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры дәрігерлердің еліміздің әр тұрғынын қолжетімді әрі сапалы медицинамен қамтамасыз ету бастамасын қуана қолдайды.

 

Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

Павлодар облысы бойынша филиалы