Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Павлодарда 64 медицина ұйымымен келісімшарт жасалды
Басты Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Павлодарда 64 медицина ұйымымен келісімшарт жасалды

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді көрсету үшін 2019 жылға Павлодар облысына бекітілген бюджеттік қаражат  сомасы  39 млрд теңгені құрады.    

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Айдар Ситказиновтың айтуынша, медициналық қызметтерді сатып алуға өткен жылмен салыстырғанда бюджеттен 5%-ға артық қаржы бөлініп, амбулаторлық-емханалық көмекті дамытуға бағытталды, учаскелік қызметкерлерге қосымша ынталандыру ақысын төлеу, жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын өсіріп, онкологиялық ауруларды емдеуге кешендік жоспар құру көзделіп отыр. 

Тегін көмек көрсететін медициналық ұйымдарды таңдау арнайы аймақтық комиссиямен жүзеге асырылды. Павлодар облыстық комиссиясына әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры қызметкерлері, денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы және пациенттердің құқықтарын қорғау бойынша қоғамдық бірлестік басшылары кірді. Сондай-ақ, комиссия жұмысына «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасы қызметкері қатысты.

Биылғы жылдың басында облыста 90 медицина ұйымы тіркелген болса, оның 39 мемлекеттік, 51 жеке меншік клиникалар. Өткен жылмен салыстырғанда, мемлекеттік тапсырысты орындауға өтініш білдірген жеке меншік клиникалар саны 10-ға артып отыр.

Медициналық сақтандыру Қоры 2019 жылдың қаңтар айында мемлекеттік тапсырысты алу туралы келісімшарт бекіткен 64 медицина ұйымымен келісімшарт бекітті. Оның 30 жеке меншік клиникалар.

Павлодар облысы бойынша медициналық көмек көрсететін жеткізуші-ұйымдармен бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 37,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде мемлекеттік емханалармен  33,3 млрд теңгенің, жеке меншік клиникалармен  4,3 млрд теңгенің келісімшарты бекітілді. Жеке клиникаларды қаржыландыру көрсеткіші өткен жылмен салыстырғада екі есе артқан.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін медициналық көмек көрсетуге ниет білдірген жеке клиникалардың саны 4 ұйымға артты. 2018 жылы Қормен 26 жеке клиника қызмет істесе, биыл оның саны 30-ға жетті. Тегін медициналық қызмет көрсетуге шарт жасасқан ауруханалар мен емханалардың толық тізімімен Қордың www.fms.kz сайтынан қарауға болады.

Жалпы, халыққа тегін медициналық көмек Үкімет қаулысымен бекітілген «Кепілді тегін медициналық көмек көлемі» тізіміне сәйкес көрсетіледі. Бұл қызметті еліміздің тұрғындары, оралмандар, елімізде тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар ала алады. Уақытша келген шетелдіктерге шұғыл медициналық көмек тегін көрсетіледі.

 

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

Павлодар облысы бойынша филиалы