21 Сентября
, 05:16
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Тегін дәрі-дәрмек беру процесін бақылау нәтижесі
Басты Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Тегін дәрі-дәрмек беру процесін бақылау нәтижесі

        Өткен жылдың соңында Денсаулық сақтау министрлігі, медициналық сақтандыру қоры мен «СҚ-Фармация» ЖШС бірлесіп SMS-хабарлама жүйесін іске қосқан болатын. 2018 жылдың қараша-желтоқсан айларында тегін дәрі-дәрмек алғандар тізіміне енген пациенттердің телефондарына SMS-хабарлама жіберілді. Барлығы 191 мың SMS жіберілген. Хабарламада рецепт нөмірі мен дәрінің берілген күні көрсетілді. Препараттар шын мәнінде қолына тимеген пациенттерге SMS-хабарламаға жауап ретінде «0» цифрын жолдау немесе «СҚ-Фармация» ЖШС-нің 1439 байланыс нөміріне қоңырау шалу ұсынылған болатын.

        SMS-хабарлама қорытындысы бойынша, қорға 2881 пациенттен жауап келді. Оның ішінде 441 пациенттің дәрі-дәрмек алмағаны белгілі болды. Тағы 32 адам диспансерлік есепте тұрмайды және ешқашан тегін дәрі алмаған болса, 10 адамға дәрі-дәрмек ішінара берілген.

        Дәрі-дәрмек қолға тимегені туралы хабарламаның басым бөлігін Атырау, Қызылорда, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары, Алматы және Астана қалаларының тұрғындары жолдаған.

        Естеріңізге сала кетсек, медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдың басында кепілдендірілген тегін  көмек пакеті шеңберінде берілетін дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарына ақы төлеу тәртібін өзгерткен болатын. Яғни, қор былтыр дәрі қолма-қол берілген және «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесіне енгізілген рецептілерге ғана ақы төлеуге көшті.

         «SMS-хабарламалар жүйеге пациенттердің өздерін тартуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде ақпараттық жүйедегі мәліметтер мен дәрі-дәрмекпен нақты қамтамасыз ету көрсеткіші арасында едәуір алшақтық бары анықталды», - деп түсіндірді қордың басқарма төрағасының м.а. Ботагөз Жақселекова.   

         Медициналық сақтандыру қоры республикалық бюджеттен қаржыландырылатын тегін медициналық көмек пакетінің және жұмыс берушілер, азаматтар мен мемлекет жарнасы есебінен қаржыландырылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінің операторы. 2018 жылдан бастап Қор тегін медициналық кепілдендірілген көмек көрсету пакеті шеңберінде қызметтер ақысын төлеп келеді. Ал, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті бойынша қызмет көрсету 2020 жылы басталмақ.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы