Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Павлодар облысының МӘМС үшін төлемдері 6,04 млрд. теңгені құрады
Басты Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Павлодар облысының МӘМС үшін төлемдері 6,04 млрд. теңгені құрады

Павлодар облысының жұмыс берушілері мен жеке кәсіпкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша 6,04 млрд. теңге (немесе 4,54%) төледі.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 133 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың желтоқсан айында міндеті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 10,4 млрд теңгеден астам жарна түсті.

Оның 124,3 млрд теңгесі (шамамен 93,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 млрд теңге (6,5% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы (21,10%), Астана (12,62%) қалалары мен Қарағанды (8,20%) облысы көш бастап тұр.  Павлодар облысында қалалар арасында Павлодар қаласы (62,91%) көш бастап тұр. Аудандардан – Баянауыл (2,30%), Шарбақты (1,49%) және Павлодар аудандары (1,39%) үздіктер қатарында.

Барлық келіп түскен қаражаттар Ұлттық Банкте сақталады және одан кейін МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге бағытталады. МӘМС пакеті шеңберінде медициналық қызметтерді ұсыну 2020 жылы басталады.

 

 

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

Павлодар облысы бойынша филиалы