19 Сентября
, 03:48
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Қазақстанда тұрғындарды емханаға тіркеу науқаны аяқталды
Басты Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қазақстанда тұрғындарды емханаға тіркеу науқаны аяқталды

Қазақстанда тұрғындарды емханаға тіркеу науқаны аяқталды. 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өткен кампания барысында 300 мыңға жуық адам медицина ұйымын еркін таңдау құқығын пайдаланған.

«Кампания нәтижесі бұл бастаманың Астана, Алматы сынды ірі қалалар үшін ғана емес, аймақтар үшін де маңыздылығын көрсетіп берді», - деді Медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Забира Оразалиева.

Науқанға қатысқан қазақстандықтардың басым бөлігі емханаға өздері барып тіркелсе, 13,5 мыңға жуығы онлайн қызметті таңдаған (egov.kz порталы арқылы).

Алдағы уақытта емхананың тіркеу бөлімдері арқылы тіркелу тоқтатылады. Бұл шешім жүйелі проблемаларды жойып, қызметті асыра пайдалану және фальсификация фактілерінің алдын алу мақсатында қабылданып отыр.

Павлодар облысында 785 858 адам емханаларға тіркелген, оның 3049-ы медицина ұйымын еркін таңдау құқығын пайдаланған. Бүгінде есепке тұрғызу бойынша келесі ұйымдарға көп тұрғын жазылған: «МиТ-ФАРМ+» ЖШС - 1082 адам, «Данель» МҰ - 738 адам және «Павлодар теміржол ауруханасы» ЖШС - 249 адам. Науқан кезінде аймақ аудандары арасында Баянауыл, Ертіс және Качир аудандарының тұрғындары белсенділік танытқан.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Айдар Ситказиновтың айтуынша, тіркеуге өтініш берген павлодарлықтардың бестен бірі egov порталы арқылы тіркелген. Бұл жұртшылықтың енгізіліп отырған жаңа бастамаларға дайындық деңгейі жоғары екенін көрсетсе керек. Биылғы тіркеу науқанына барлығы 27 медицина ұйымы қатысты. Оның 9-ы – жекеменшік. Бұл емханалар келер жылы кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде халыққа қызмет көрсетпек.

 

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

Павлодар облысы бойынша филиалы