Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Павлодарда қант диабетімен ауыратындар саны 1779 адамға артты
Басты Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Павлодарда қант диабетімен ауыратындар саны 1779 адамға артты

1505139874706718718_1200x630

Биылдан бастап ел мектептерінде газдалған тәтті сусындар мен шоколад сатуға тыйым салынды. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, енгізілген жаңа стандарттар балалардың зиянды тағамдарды пайдалануын шектемек. Министр жұртшылықты орын алған кемшіліктер жайында Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне хабарлауға шақырды.

Жоғарыда атап өткен газдалған сәтті сусындар мен шоколад, басқа да зиянды тағамдар қант диабетін қоздырады. Диабеттің негізгі симптомдарының бірі – гипергликемия немесе қандағы қант деңгейінің көтерілуі. Оған шалдыққан адам үнемі шөлдеп жүреді, кіші дәретке шектен тыс көп барады, шаршағыш келеді, себепсіз аза бастайды. Аяқ-қолдың жансызданып, ауыруы да – сусамыр белгілерінің бірі.

Қан құрамында қант көбейіп кеткеннен кейін жүйке жүйесі зақымданып, диабеттік нейропатияға ұласады. Дер кезінде дұрыс диагноз қойылса мұны тоқтатуға, тіпті, емдеп жазуға да болады. Уақтылы емделмесе, аяқ-қолдың ауруы күшейіп, жазылып болмайтын жаралар пайда болады. Екінші типтегі диабет басталғанда науқастың көру қабілеті нашарлап, көз алды тұманданады. Ал емделмесе, пациент көз жанарынан мүлдем айырылып қалуы мүмкін.

Ұлттық қант диабеті регистрінің мәліметінше, жыл басында еліміз бойынша қант диабеті деген диагнозбен есепте тұрғандар саны 309 мыңға жетіп жығылған. Оның 18 мыңы бірінші типтегі диабетпен, 291 мыңы екінші типпен ауырады. Екінші типтегі диабетке шалдыққандардың 65 пайызы – әйелдер. Сусамырға шалдыққан отандастарымыздың 6 мыңға жуығы катарактадан зардап шексе, 3 мыңы инфаркт алған. 1 мың адамның аяғы немесе қолы кесілген.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Айдар Ситказиновтың айтуынша, жыл басында аймағымызда 17 860 адам диспансерлік есепте тұрса, қараша айында бұл көрсеткіш 1779 адамға артқан. Осыған орай кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде диабетке шалдыққан пациенттерге 48 түрлі дәрі мен медицина бұйымдары беріледі. Оның ішінде шприц, тест-жолақша, глюкометр, инсулин помпалары мен 22 түрлі инсулин бар.

Диабетті диетаның, жаттығулар мен дәрі-дәрмектің көмегімен емдеуге, сол арқылы оның асқынуына жол бермеуге болады. Ең алдымен әр пациент өз денсаулығы үшін өзі жауапты: ол арнайы күнделік ашып, күн сайы қан мен несептегі қант деңгейін, несептегі ацетон мөлшерін, салмағы мен қан қысымын жазып жүруі тиіс. Бұл науқастың ахуалын анықтап, емдеу схемасын ауыстыруға, терапияны, диета мен физикалық жаттығулар бағытын реттеп отыруға көмектеседі.

Диабеттің алдын алу үшін: салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, шектен тыс тәтті немесе майлы тамақтардан бас тарту, спортпен айналысу, темекіден бас тарту, дәрігерге уақтылы қаралып, қандағы қант мөлшерін анықтап отыру қажет.

 

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

Павлодар облысы бойынша филиалы