Нашар көретіндерге арналған нұсқа
0 1 2
0 °C
Біздің телефонымыз +7 (71836) 21-650 WhatsApp +7 (705) 385 14 44 reception.ashr@pavlodar.gov.kz

«Ұлы дала елі»

Павлодарда өткен «Ұлы дала елі» этнофестивалін тамашалауға 70 мың халық жиналған. Ертіс өзені алқабында ұйымдастырылған мерекеге Қазақстаннан ғана емес, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия, Ресей және Қытай елдерінен де келген.

Этноауылда 110 астам киіз үй тігіліп, екі күн бойы есіктерін айқара ашты. Киіз үй қалашығы ерекше безендірілген, соның бірі 10 метрлік домбыра, оның негізі металдан, ал үстіңгі жағы жасанды гүлзармен көмкерілген.  

  

 

Этнофестиваль қонақтарына арналып ауыл шаруашылық жануарларының көрмесі ұйымдастырылды, мұнда Павлодар облысының асыл тұқымды мал өсіретін шаруаларының ірі және ұсақ қара малдары көрсетілді. Сонымен қатар аң аулайтын иттер мен құстарды тамашалап, суретке түсті.

Қазақстанның белгілі ақындары Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек Имашев пен Жандарбек Бұлғақов фетиваль мен оның қонақтарына арналған арнау орындады. Балалар жеке аймақтарда ойындар ойнап, суреттер салып, түрлі қолөнер туындыларын көзбен көріп, ерекше әсерге ие болды. Көшпенді халықтың тағамдарын дайындау бойынша арнайы аллея жұмыс істеді.

– Биылғы ауқымды шара Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Президент сөзімен айтар болсақ, «Біз бәрін де көрген халықпыз, бәріне көнген халықпыз». Бүгінгі таңда рухымызды тіктеп, жарқын болашаққа бет түзедік, – деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов.


Сондай-ақ Павлодарға Франциядан мотоциклмен келген ерлі-зайыптылар Фредерик пен Мария Пеонсарт өз ойларымен бөлісті. Әсіресе оларды ат үстіндегі каскадерлар ерекше таң қалдырыпты.  

– Осындай жоғары деңгейде өтіп жатқан фестивалді өз көзімізбен көргенімізге қуаныштымыз, – деді Мария. – Мүмкін келесі жылы да келеміз бе деген ойдамыз.

Бас сахна төрінде 300 өнерпаз Жаяу Мұсаның «Құм жылан» күйін, сонымен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбеков «Көңіл толқыны», «Жанымнам тәтті өмір» және «Ұлы дала елі» күйлерін орындады. Бұдан басқа, Төреғали Тореәлі, Нұрлан Әлімжан мен фестиваль әнұранының түсауын кескен «Музарт» тобы секілді қазақстандық жұлдыздардың өнерлерін тамашалады. Этноауыл аймағына жиналғандарға жеті парашютист аспаннан шашу шашты.

Спорттық іс-шаралар аймағында көкпар, аударыспақ жарыстары өтті. «Тас көтеру» және «Бұқа көтеру» ұлттық ойындарына кез келген адам қатыса алды. «Қыз қуу» сайысына қатысқан ат құлағында ойнайтын қыздар мен жігіттер жиналғандарға әдемі көрініс сыйлады. Девушки и джигиты устроили шоу во время конкурса «Қыз қуу». Жұртшылық назарына тері және күміспен әшекейленген бес ғасырдың 50 ұлттық костюмі ұсынылды.

Фестиваль орталық жағалауда «Ertys Promenade» қазақ эстрадасы жұлдыздарының концертімен және отшашумен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыз

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан 2050 Стратегиясы
ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
EXPO 2017
100 нақты қадам
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Отаu ТV
Казтелерадио
Павлодар облысының әкімдігі
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»
"Работа"
Қазақстан-Павлодар
Казахстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі