Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

}
Навигация
Шарбақты ауданның инвестициялық жобалар
Басты Инвестициялық жобалар Шарбақты ауданның инвестициялық жобалар

Шарбақты ауданы Қазақстанның Павлодар облысының шығыс бөлігінде орналасқан. Аудан аумағы  6,9 мың м2.

Облыс орталығынан арақашықтық 80 км. Солтүстікте Успен ауданымен, солтүстік-шығыста – Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Лебяжі және батыста – Павлодар ауданымен шекаралас.

Аудан орталығы арқылы Павлодар-Ресей Федерациясы теміржолы, республикалық маңызы бар арақашықтығы 65 км автомобиль жолы өтеді. Автомобиль жолының бойында 1 қонақ үй, 6 кафе, 1 ТҚС, 2 шиномонтаж шеберханасы, 3 АҚС, 1 автотұрақ және 7 дүкен орналасқан.

Аудан тартымдылығы:  Ресей, Монғолия және Қытайға өткізу нарығы.

Шарбақты ауданында көлдер мен саздар жоқ, олардың көбі ұсақ тұзды көлдер.Сондықтан тұщы жерүсті суларына жетіспеушілік жағдайында  жерасты суларының рөлі маңызды. Ауданда ірі көлдер -7, жалпы алаңы  8182 га. Жерасты суларының маңызы жоғары. Олар елді мекендерді, тұрғындар мен кәсіпорындарды қоса сумен жабдықтау көздері (ұңғыма, құдық) болып саналады.

Ауданның басты көрікті жерлерінің бірі қарағайлы орман болып саналады, әлемдік көлемдегі, табиғат ескерткіші, артық айтылған емес, - суреттерде космостан қарағанда олар Обь және Ертіс екі көлдің жүз шақырымына тартылған, өте әсерлі көрінеді. Жер телімінің алаңы 352392 га, 9 орманшылық бар. Павлодар қаласынан арақашықтығы  180 км.

Қажылыққа бару үшін  Ғабдылуахит Хазрет Кесенесі бар,  «Астана-ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің маршрутына енгізілді. Аумағы қоршалған, жалпы алаңы 0,3 га. Объектіге дейін арақашықтық: Павлодар қаласынан Шарбақты ауылы арқылы 127 км; Павлодар қаласынан Чигиринов-Мақпал ауылдары арқылы 128 км; және Павлодар қаласынан Чигиринов-Ботабас, Арбиген ауылдары арқылы 113 км.

Тарихи-өлкетану мұражайы бар.  1999 жылы құрылды. 2000 жылы 1 қаңтарда ашылды. Мұражай экспонаттары бар. Павлодар қаласынан арақашықтығы 79 км.

Әлеуметтік объектілер: Дене-Шынықтыру Сауықтыру Кешені, қонақ-үй, дүкендер, кафе,  сонымен қатар  8 мешіт және  3 шіркеу бар.

Шарбақты ауданынан 4 жоба ұсынамыз:

  1. Шарбақты ауылында өнеркәсіп комбинаты.

Инвестиция сомасы: 250 млн. теңге.

Комбинаттың аумағында жиһаз жасау цехы, 2 тігін және пішу цехымен 2 қабат ғимараты, 100 орындық клуб, су мұнарасы, өрт тоғандары, сыйымдылығы 50 м³ автомай құю станциясы, 20 автомашинаға арналған гараж, жинақталған жабдықпен шеберхана, 1 қойма ангар, 50 орындық асхана, 2 қабаты бар кеңсе,  қойма үй-жайлары орналасқан. Барлық аумақ бетонды тақта және декоративті шойын қоршаумен қоршалған.

Жобада кәсіпорынды қайта қалпына келтіру көзделіп отыр  (күрделі жөндеу, жабдықты жөндеу, тігін және жиһаз ісінің мамандарын оқытып шығару,  өндірістік кезең  (өнім өткізу нарығын зерттеу, фурнитура, жиһаз бөліктерінің өнім берушілерімен байланысты жақсарту, өнім өндірісі, өнімді өткізу).

Жобаның келешегі: 100 аса жұмыс орындарын құру,  тауардық өзіндік құны нарықтық бағалардан төмен, 50 тауардан аса атаулар.

Кемшіліктер: тозығы жеткен жиһаз, жөндеу қажет.

 

2. Жылы-Бұлақ ауылында артезиан және бұлақ суларын өндіру және құтыларға құю, жобаның қосымша қатысушысы «Gily Bulak» ЖШС. Инвестиция сомасы – 15 млн теңге.

Инвестицияны пайдалану бағыты – жабдық сатып алу.

Өткізу нарығы: Казақстан, Ресей.

Жұмыс орындарының саны: құрылыс уақытында  4 адам, пайдалану уақытында 15 адам.

Жоспарланған қуаттылығы - 10 000 л (5000 л бұлақ және 5000 л артизиан суы).

Перспективасы: тұрғындарды төмен баға бойынша сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Табиғи бұлақтың жақын орналасуы (2,5 км), меншікте 2,0 жер телімі бар.

Материалдық-техникалық базасы: Жылы-Бұлақ ауылында алаңы 200 ш.метр  өндірістік ғимарат бар.

Қазіргі күні Маралды-Жылы-Бұлақ автожолын күрделі жөндеу бойынша жобаны әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

3. Маралды көлінің аумағында демалу аймағын салу.

Инвестиция көлемі – 100 млн. теңге.

Инвестицияны пайдалану бағыты– жағажай аймағын абаттандыру және жайластыру, туризм объектілерін салу.

Қазіргі күні көлден арақашықтығы 5 км өтетін Маралды-Жылы-Бұлақ автожолын күрделі жөндеу бойынша жобаны әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көл жағына қарай (500 метр санитарлық қорғау аймағы қалды)  ауыл аумағын кеңейтумен Көл-Бұлақ ауылының бас құрылысының салу жоспары әзірленді, Көл-Бұлақ ауылының аумағында қазіргі күні тұрғын үй салу үшін 30 жер телімі берілді.

Қол жағасында тұщы судың өздігінен құйылатын ұңғымасы бұрғыланды.  2017 жылы жолды жөндеу және электр желісін салу жоспарлануда. Көл құрамының сапасын зерттеу жүргізілуде, Маралды көліне паспорттау жүргізіледі.

 

4. Қазақстан Республикасы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Галкино ауылында Шалдай қарағайлы тоғайында орналасқан «Лесная сказка» сауықтыру лагері.

Осы сауықтыру кешені Павлодар қаласынан 130 км орналасқан.

Жер телімінің аумағы – 18,0 га.

Барлық қажетті жабдық және керек-жарақ бар.

Сауықтыру кешенінің аумағында мыналар бар: Әкімшілік-тұрмыстық корпус;

6 (алты) қонуға арналған корпус ( 30 бөлмеден);

Клуб ғимараты  (дискозал, кітапхана, ойын бөлмелері);

Спорт кешені (2 ашық жүзу бассейні, бильярд, үстел теннисі, үсел ойындарына арналған ойын бөлмелері);

Спорт және ойын алаңдары: футбол, баскетбол, волейбол;

Гараж;

Кір жуу және жуыну бөлмелері;

2 қабат қонақ үйі (4, 5 орындық нөмірлер,  "люкс" нөмірі);

Асхана (2 қабат).

Бірінші қабатта – 200 орынға арналған кафе және қосалқы үй-жайлар.

Екінші қабатта – 600 орынға арналған түскі ас ішу залы, банкет залы - 30 орын, өндірістік және қосалқы үй-жайлар;

Медициналық пункт;

1 қабатты қонақ-үй (1, 2, 3, 4 орынды нөмірлер);

Қоймалар;

Монша;

Сауна;

КНС;

Қазандық;

Фильтрация алаңы.

Тәулігіне сыйымдылық: жазғы маусым - 670 адам, қысқы маусым - 120 адам. Кеңейту мүмкіндігі бар.

Осы уақытта кешен демалу үйі мен жазғы балалар лагері ретінде пайдаланылады. Бірақ оны санаторий, профилакторий, мүгедек балалар үшін емделу мекемесі мен өзге де ұқсас мекемелерге қайта бағыттау мүмкіндігі бар. Кіру және ерекше қорғалатын аймақтарды пайдалану үшін төлем алынбайды.

ӘЛЕУЕТТІК МҮМКІНДІГІ:

- Балалар сауықтыру жасақтары

- Егде адамдар үшін сауықтыру демалысы

- Демалыс күндері отбасымен демалу

- Қазір: 600 адамнан 5 маусым – 135 млн. теңге (жазғы маусым).

- Толық жүктемеде (қысқы маусымда) айналым  100 млн. 800 мың теңгені құрайды.

- Жылына барлығы  235 млн. 800 мың.

-Перспективасы: Жазғы корпустарды жылыту лагерь толымдылығын қысқы маусымда 500 орынға арттыруға мүмкіндік туғызады– 504 млн. теңге

- Сауатты әлеуметтік-болжалды жарнама кампаниясымен бірге белсенді қысқы демалыс үшін қажетті жабдықты жеткілікті көлемде сатып алу кешенді 100% жүктей алады.

- Кешенді санаторийге қайта жабдықтау жылына 891 млн. теңге табыс алуға мүмкіндік туғызады.

- Кешеннің сатылатын бағасы  180 000 000 (жүз сексен млн.) теңге, (саудаласу мүмкін.)

 Безымянный 1 2 3 4 5