18 Сентября
, 20:55
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары
Басты Экономика ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары

 Базалық макрокөрсеткіштер

Сала

Болжам

(меморандум бойынша)

НАҚТЫ

2018 ж. қаңтар-тамыз

Ед. изм.

НКИ

место

по области

Өнеркәсіп

102,0%

5186,8

млн. теңге

124,7%

2

Ауыл шаруашылығы

104,1%

7769,1

млн. теңге

100,8%

8

Инвестиция

5000,0

млн. теңге

3084,9

млн. тенге

170,3%

4

Құрылыс

101,0%

3235,5

млн. теңге

216,9%

5

Тұрғын үйді пайдалануға енгізу

2,8

тыс. ш. м

1,0

тыс. ш. м

106,7%

8

Бөлшек сауда

104,0%

4604,2

млн. теңге

143,5%

4

Қолданыстағы ШОК субъектілерінің саны

94,0%

852

бірлік

90,1%

3

 

  1. Экономиканың нақты секторы

         1.1 Өнеркәсіп

         2018 жылғы 1 қыркүйекке өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5186,8 млн. теңгені, НКИ – 124,7% құрайды.

         - өңдеу өнеркәсібінің НКИ 134,7% (5051,0 млн. теңге);

         - электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны желдетудің НКИ –  103,4% (108,2 млн. тенге);

         - сумен жабдықтаудың НКИ – 82,9% (26,4 млн. тенге). Төмендеу -  «Шарбақты құс» ЖШС.

         01.10.2018 ж. болжамды НКИ – 125,4%.

 

         1.2 Ауыл шаруашылығы

         Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 7769,1 млн. теңгені немесе 100,8%.

         01.10.2018 ж. болжамды НКИ – 100,1%.

 

         Жер

         Аудан жерлерінің жалпы ауданы 684 866 га құрайды,

         оның ішінде:

         - ауыл шаруашылық жерлер-298 158,8 га

         - елді мекен жерлері – 106 014 га;

         - өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері – 3 196 07 га;

         - ерекше қорғалатын табиғи жерлер – 117 565 га;

         - орман қорының жерлері-117 565 га;

         - су қорының жерлері – 3 102 га;

         - қордағы жерлер – 165 986 га.

         2018 жылдың 1 қыркүйекке пайдаланылмаған 9,3 мың га жер ауыл шаруашылығы айналымына тартылды.

        

         Өсімдік шаруашылығы

        Шабындықтар алаңынан - 100,0 мың га., астықты жинау жоспары - 80,0 мың тонна, 123,0 мың га (123,0%) орылды, 120,0 мың тонна (150%) жиналды, орташа өнімділігі 9,8 ц / га болатын 95,6 мың тонна шөп әкелінді.

        Жыл сайынғы шөптерді жинау алаңы 3,4 мың гектарды құрайды, 0,8 мың га (23,7%) орылды, 0,8 мың тонна шөп жиналды.

         01.09.2018 жылға ауданда 126,6 мың га жаздық дәнді дақылдар егілді, (2017 жылмен салыстырғанда – 95,2 га, бұл 132,9 % құрайды), оның ішінде: бидай – 72,07 мың га, арпа – 10,91 мың га, сұлы – 1,34 мың га, тары – 4,89 мың га, қарақұмық – 10,38 мың га, жасымық – 3,27 мың га, астық қоспасы – 0,42 мың га. Майлы дақылдар -24,3 мың га, оның ішінде: күнбағыс – 23,3 мың га, (95,9%), соя – 0,50 мың га (2,1%), қыша -0,51 мың га (2,0%)

         Топырақ құнарлылығын сақтау үшін, ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен 933 тонна минералды тыңайтқыш сатып алынды, соның ішінде: "Аммофос" - 520 тонна, "Аммиакты Селитра" - 345 тонна, «Азотты-фосфорлы-калийлі тыңайтқыш» – 28 тонна, «Күрделі азотты-фосфорлы тыңайтқыш» - 40 тонна.

         Өсімдіктерді қорғау мақсатында 28,0 мың литр гербицидтер сатып алынды.

         Ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 2018 жылдың 1 қыркүйегіне жеке қаражат есебінен сомасы 478,9 млн. теңгеге 66 бірлік ауылшаруашылық техникаларын және жабдықтар.сатып алды.

         Көктемгі дала жұмыстары үшін Шарбақты ауданының ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне 2481 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. 01.09.2018 жылға ауылшаруашылық тауар өндірушілер 1591 тонна дизель отыны үшін келісімшарт жасады, 1392 тонна үшін төлем жасады және 1311 тонна шығарды.

 

         Мал шаруашылығы. 2018 жылғы 1 қыркүйекке  ірі қара мал басының саны 30,9 мың басты құрайды (101,2%), қой – 27,3 мың бас (99,5 %), ешкі – 2,2 мың бас (98,2 %), жылқы – 6,2 мың бас (100,7 %), шошқа – 7,8 мың бас (102,8%), құс – 424,7 мың бас (106,5 %) құрайды.

         Халықтың арасында қойларды 0,5% -ға және ешкілерді 1,8% -ға төмендеді.

         Сүт – 28466,7 тонна (108,5 %), тірідей салмақта ет – 3844,2 тонна    (98,7 %), жұмыртқа – 63149,8 мың дана (109,0%) өндірілді.

             «Абай» ЖШС-нің мал басының санын азайту есебінен 1,9 пайызға төмендеді.

 

         Қайта өңдеу

         Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен 19 қайта өңдеу объетілері айналысады, оның ішінде 2 диірмен, өсімдік майын өндіретін 1 цех, 9 наубайхана, 1 жарма жарғыш, етті жартылай дайындайтын 3 цех, ет консервілерін дайындайтын 1 цех, жүнді қайта өңдейтін 1 цех, шөлмектелген және артезиан ауыз суын өндіретін 1 цех.

        

ӘКК

Ауданда 11 ауыл шаруашылық коперативі жұмыс істейді. Оның 4-і сүт өндірісі бойынша ӘКК және 7-і бұқаларды бордақылау бойынша ӘКК.

         Сүт дайындау бойынша:

Галкино ауылдық округінде «Әділет-Сенім» ӘКК.

Жылы-Бұлақ ауылдық округінде «Целинный» ӘКК.

Александровка ауылдық округінде «Жаңа-Ауыл» ӘКК.

Сосновка ауылдық округінде «Союз СВ» ӘКК

         Бұқаларды бордақылау бойынша:

Алексеевка ауылдық округінде «Туыстық» ӘКК.

Алексеевка ауылдық округінде «Еламан» ӘКК.

Галкино ауылдық округінде «Арбиген» ӘКК.

Жылы-Бұлақ ауылдық округінде «Қос Құдык» ӘКК.

Красиловка ауылдық округінде «Сәттілік» ӘКК.

Хмельницкий ауылдық округінде «Маралды» ӘКК.

Чигиринов ауылдық округінде «Есілбай» ӘКК.

 

ДАЙЫНДАУ

Ауданда 22 дайындау кешендері жұмыс істейді:

сүт дайындау бойынша - 12, ет дайындау бойынша - 9 және тері дайындау бойынша - 1.

 

         1.3. Құрылыс

         2018 жылғы 1 қыркүйекке құрылыс жұмыстарының көлемі 3235,5 млн. теңгені немесе  өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 216,9 % құрайды.

            Құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі  объектілер құру және қайта жаңарту, жөндеу есебінен болды: 561,1 млн. теңгеге Чернорецк-Ольгино-Успенка-Шарбақты 103-149 (46 км), 943,3 млн. теңгеге Шақат-Восточное - Шалдай қайта жаңарту, 260,5 млн. теңгеге Александровка ауылында, 230,5 млн. теңгеге Шалдай ауылында,  78,1 млн. теңгеге Алексеевка ауылында, 66,9 млн. теңгеге Орловка ауылында, 66,5 млн. теңгеге Жаңа-ауыл ауылында су құбырының құрылысы, 562,1 млн. теңгеге аудандық маңызы бар жолдарды күрделі жөндеу (Галкино - Жаңа-ауыл - Алексеевка 24 км), 301,8 млн. теңгеге "Маралды-Жылы-Бұлақ" 0-13,5 км  автомобиль жолдарын күрделі жөндеу. 45,5 млн. теңгеге  Александровка, Хмельницкий және Шалдай  ауылдарында ветеринарлық кешендер құрылысы.   14,7 млн. теңгеге Маралды  көліне дейін электр беру желісінің құрылысы. 30,0 млн. теңгеге Орловка АМҮ күрделі жөндеу.

            2018 жылдың басынан бастап меншік иесімен дербес түрде пайдалануға жалпы сомасы 72,5 млн. теңгеге 5 тұрғын үй, 2 пәтер және 7 үйге жапсарлана салынған құрылыс енгізілді (Шарбақты, Көл-бұлақ, Орловка, («Победа» ЖШС) Чигиринов, Жылы-Бұлақ, Шалдай ауылдары).

            01.10.2018 ж. болжамды НКИ – 183,3%

 

Ауданда жаңа алты объектінің құрылысы жүріп жатыр, оның ішінде:

Электрмен жабдықтайтын бір объект:

- сомасы 24,2 млн. теңгеге Көл-бұлақ ауылында Маралды көліне электр беру желісінің құрылысы, жеткізуші - "СтройБиоРесурс" ЖШС. Жұмыстың басталуы –2018 жылғы сәуір. Жұмыстың аяқталуы –2018 жылғы қараша. Қазіргі уақытта 75 тіректер орнатылған, 1 ЖТС, ЭТЖ ұзындығы – 2,5 км; құрылыс Маралды көліндегі демалыс аймағын қажетті электр энергиясымен қамтамасыз етті..

Сумен жабдықтаудың бес объектісі:

- Александровка ауылында су құбырын салу - жеткізуші "Фирма Ай-Су-Мелиорация" ЖШС, 2018 жылға арналған келісімшарт сомасы - 248439,9 мың теңге, жасалған шарттарға сәйкес жұмыстардың басталуы – 2018 жылғы сәуір. Жұмыстардың аяқталуы - 2019 жылғы қыркүйек (9 ай).

- Шалдай ауылында су құбырын салу - жеткізуші "Фирма Ай-Су-Мелиорация" ЖШС, 2018 жылға арналған келісімшарт сомасы – 163651,0 мың теңге, жасалған шарттарға сәйкес жұмыстардың басталуы – 2018 жылғы сәуір. Жұмыстардың аяқталуы - 2019 жылғы қыркүйек (9 ай).

- Орловка ауылында су құбырын салу - жеткізуші "Таир" ЖШС, 2018 жылға арналған келісімшарт сомасы – 147,9 млн. теңге, жасалған шарттарға сәйкес жұмыстардың басталуы – 2018 жылғы шілде. Жұмыстардың аяқталуы - 2019 жылғы маусым (6 ай).

-Жаңа ауыл ауылында су құбырын салу - жеткізуші "KazConstructionGtoup" ЖШС, 2018 жылға арналған келісімшарт сомасы – 99,7 млн. теңге, жасалған шарттарға сәйкес жұмыстардың басталуы – 2018 жылғы шілде. Жұмыстардың аяқталуы - 2019 жылғы маусым (6 ай).

-Алексеевка ауылында су құбырын салу - жеткізуші "KazConstructionGtoup" ЖШС, 2018 жылға арналған келісімшарт сомасы – 99,676 млн. теңге, жасалған шарттарға сәйкес жұмыстардың басталуы – 2018 жылғы шілде. Жұмыстардың аяқталуы - 2019 жылғы маусым (6 ай).

         Үш ауыл шаруашылығы нысанының құрылысы аяқталды:- Шалдай ауылында 16,9 млн. теңгеге, Александровка 16,7 млн. теңгеге, Хмель-ницкийге 15,6 млн. теңгеге ветеринариялық станциялар салынды.(мердігер «Промжилстройкомплекс» ЖШС).

 

Тұрғын үйлерді енгізу

Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы аумағы 977 ш.м.

            Енгізілді: Галкино ауылында тұрғын үйді екі пәтер үшін қайта жаңарту, 12,0 млн. теңге,169 шаршы метр, Шарбақты ауылында сомасы 10,0 млн. теңгеге 110 ш. м. тұрғын үйдің құрылысы, Шарбақты ауылында 2 2,0 млн. теңгеге 56,0 ш.м. жапсарлас үй құрылысы, Шарбақты ауылында 1,0 млн. теңгеге 23,0 ш.м. жапсарлас үй құрылысы. Жылы-Бұлақ ауылында 1,0 млн. теңгеге 38,8 ш.м. жапсарлас үй құрылысы, Шарбақты ауылында 3,0 млн. теңгеге 50,0 ш.м. жапсарлас үй құрылысы, Орловка ауылында 16,0 млн. теңгеге 90,2 ш.м. тұрғын үй құрылысы, Чигиринов ауылында 5,0 млн. теңгеге 88,9 ш.м.тұрғын үй құрылысы, Шарбақты ауылында 16,5 млн. теңгеге 165,8 ш.м. 2 пәтерлі тұрғын үй құрылысы, Көл-бұлақ ауылында 3,0 млн. теңгеге аумағы 55,3 ш.м. тұрғын үй құрылысы, Шалдай ауылында 1,0 млн. теңгеге аумағы 32,7 ш.м. жапсарлас үй құрылысы, Жылы-Бұлақ ауылында 1,0 млн. теңгеге аумағы 43,2 ш.м. жапсарлас үй құрылысы, Шарбақты ауылында 2 1,0 млн. теңгеге 54,0 ш.м. жапсарлас үй құрылысы

01.10.2018 ж. болжам – 1127 ш.м.

           

  1. Инвестиция

         2018 жылғы 1 қыркүйекке негізгі капиталға инвестициялар көлемі – 3084,9 млн. теңге (170,3 %).

01.10.2018 ж. болжам – 3836,9 млн. теңге

 

  1. Шағын және орта кәсіпкерлік

         Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 946 бірлікті құрайды, қолданыстағылар 852 немесе 90,1 %.

 

  1. Сауда

         Бөлшек сауда айналымы 4604,2 млн. теңгені (143,5 %) құрайды.

01.10.2018 ж. болжамды НКИ – 107,5%

 

         Бюджет

         Есеп беру кезеңінде аудан бюджетіне жоспар бойынша 376,6 млн. теңге немесе 108,9% болғанда 410,2 млн. теңге меншікті кіріс жұмылдырылды.

         2018 жылғы 1 қыркүйекке аудан бюджетінің шығыс бөлігі, есеп беру кезеңіне жоспар 4833,2 млн. теңге болғанда жалпы 99,9 % орындалды, орындалу 4827,7 млн. теңгені құрайды.

          2018 жылғы 1 қыркүйекке аудан бюджетінің көлемі 6272,2 млн. теңгені құрайды. Бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттер мен кредиттердің үлес салмағы   88,5 % немесе 5553,3 млн. теңгені құрайды.

 

Бюджеттің 4 деңгейі

         2018 жылғы 1 қыркүйек бойынша 2018 жылға Шарбақты ауылдық округі бюджетінің көлемі 340,7 млн. теңгені құрайды. Ауылдық округ бюджетіндегі нысаналы трансферттердің көлемі – 247,1 млн. теңге, бұл – бюджеттің жалпы көлемінен 72,5 % құрайды. Аудан бюджетіне меншіктік салықтар және өзге де міндетті төлемдер түсімдері жоспар 28,1 млн. теңге болғанда 25,6 млн теңгені немесе 91 % құрайды.

         Бюджеттің шығыс бөлігі жоспар 247,1 млн. теңге болғанда 100 %  орындалды, кассалық орындалу 247,1 млн. теңгені құрайды.

 

  1. Әлеуметтік орта

         6.1. Еңбек нарығы

         Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша келіп тіркелген азаматтар саны 815 адамды құрайды.

         Жұмыспен қамтуда 643 азаматқа көмек көрсетілді. Жоспар жылына 355 жұмыс орны болғанда 344 жұмыс орны құрылды (олардың 212-і тұрақты 132-сі уақытша).

         Жаңа форматтағы МАӘК сомасы 8837,0 мың теңгеде 81 отбасына (366 адам) көрсетілді.

         2018 жылғы 1 қыркүйекке тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі – 1,4 %.

        

         Қоныс аудару бағдарламасы

         2018 жылға жоспар – 40 отбасы. Осы күнге дейін ауданға 16 отбасы /57 адам (3 отбасы/11 оралман және 13 отбасы/46 қоныс аударушы адам) келіп квотаға енгізілді.

 

 

         6.2 Еңбек төлемі

         2018 жылғы қаңтар-маусым айларына бір жұмыскердің орташа айлық номиналды жалақысы 83566 теңгені немесе өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 101,6% құрайды.

 

  1. Білім беру

Шарбақты ауданының білім беру жүйесіне 38 білім беру ұйымдары енеді: 24 жалпы білім беретін мектеп (олардың 15-сы орта, 7-і негізгі және 2-еуі бастауыш), 1 колледж, 1 отбасы үлгісіндегі балалар үйі, 1 БЖСМ, 1 ДЖК, 1 музыкалық мектеп, 1 «Радуга» мектептен тыс жұмыс орталығы, 1 психологиялық-педогогикалық түзеу кабинеті, 6 мектепке дейінгі мекемелер, Хмельницкий санаторлық типтегі мектеп-интернаты.  Орта жалпы білім беру мектептерінде 4 мектеп жанындағы интернат және 18 шағын орталық жұмыс істейді (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту үшін).

Оқушылар контингенті 2866 адамды құрайды.

Жарақтандырудың орташа көрсеткіші бойынша бір компьютерге 5 адамнан келеді.

Барлығы аудан бойынша 2 ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен қамтамасыз ету 96,8 % құрайды, 3 тен 6 дейін – 100 %.

2018 жылы ұлттық бірыңғай тест тапсыруға 140 түлектің 83-і қатысты. Оның ішінде «Алтын белгіге» 5 үміткер және 2 түлек өте жақсы бағаларымен аттестат алды.

 

  1. Денсаулық сақтау

Ауданның денсаулық сақтау жүйесі емдеу-алдын алу  ұйымдары желісімен ұсынылады: құрылымдық бөлімшелері бар аудандық орталық аурухана: 37 төсекке арналған стационар, 63 төсекке арналған күндізгі стационар, ауысымына 200 адам қабылдайтын поликлиника, 5 дәрігерлік амбулатория, 21 медициналық пункттері бар.

2018 жылғы 1 қыркүйекке дем алу органдарының туберкулез ауруымен 6 жағдай немесе 100 мың тұрғынға шаққанда 45,6 % тіркелді (2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда – 4 жағдай, көрсеткіш – 30,2). Онкологиялық аурулар көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 296,4% (2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда – 36 жағдай, көрсеткіш – 271,5).

Халықтың тууы 179 туылған адамды құрайды, өлім 140 жағдай.

 

  1. Жолдар

Жалпы қолданыстағы аудандық маңызы бар автомобильдік жолдардың жалпы ұзақтығы 429,4 км құрайды, олардың  65,0 км – республикалық маңызы бар, 92,0 км – облыстық маңызы бар, және 272,4 км – аудандық маңызы бар, оның ішінде қара ұсақ таспен төселгені – 101,5 км, таспен төселгені – 140,9 км, топырақпен төселгені – 30,0 км. Шарбақты ауданының елді мекендеріндегі ауыл ішіндегі автомобиль жолдарының жалпы ұзақтығы 231,7  км құрайды.

Аудандық маңызы бар автомобильдік жолдар: жақсы жағдайдағы жолдар – 27,4 %, қанағаттанарлық жағдайдағы – 55,6 % және қанағаттанарлық емес жағдайдағы жолдар – 17,0 %. 

Облыстық бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 122,3 млн. теңгеге 12,4 км кентішілік жолдарды жөндеу жоспарланды. 

Оның ішінде:

- Хмельницкое ауылында кентішілік жолдарды ағымдағы жөндеу, сметалық құны 18,2 млн. теңге (мердігер «Шығыс жолдары» ЖШС) (100,0% игерілді );

- Шарбақты ауылында кентішілік жолдарды ағымдағы жөндеу, жалпы сметалық құны 18,7 млн. теңге мердігер «Мироторг» ЖШС (100,0%);

- Шарбақты ауылында 85,4 млн. теңгеге 12,4 км кентішілік жолдарды ағымдағы жөндеу (Гагарина, Победа, Чайко, Орджоникидзе көшелері), мердігер «Шығыс жолдары» ЖШС;

аудандық маңызы бар жолдар: сомасы 962,4млн. теңге.

Маралды-Жылы-Булак, км 0-4,7 (4,7 км)» а/ж күрделі жөндеу, сомасы 301,8 млн. теңге;

«Галкино-Жаңа-ауыл-Алексеевка, км 31-55 (24,0 км)» а/ж күрделі жөндеу, сомасы 660,6 млн. теңге.

 

  1. Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі

Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес, ауданда, құқық тәртібін нығайту үшін және азаматтардың өмірі, құқығы және бостандығы қауіпсіздігінің қажетті деңгейін сақтау бойынша 2018 жылғы 1 қыркүйекке 124  қылмыс тіркелді (2017 жылдың 7 айында – 154).

Көшелерде жасалған қылмыстың үлес салмағы: 104 қылмыс жасалды, оның ішінде көшелерде – 7, индикатор 6,7 %.

100 зардап шегушіге шаққанда ЖКО-да қаза тапқандар саны төмендеді: 11 ЖКО, қаза тақандар – 1, жапа шегуші – 15, индикатор – 6,3%.

 

 

 

 

 

Аудан әкімінің орынбасары                                  Х.Хабылбеков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орынд. М. Бойко

Тел.(871836)21140