Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ 2018 жылдың қаңтар-маусымындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары
Басты Экономика ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ 2018 жылдың қаңтар-маусымындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары

 Базалық макрокөрсеткіштер

Сала

Болжам

(меморандум бойынша)

НАҚТЫ

2018 ж. қаңтар-маусым

Ед. изм.

ИФО

место

по области

Өнеркәсіп

102,0%

3731,1

млн. теңге

136,9%

2

Ауыл шаруашылығы

104,1%

5183,5

млн. теңге

104,9%

4

Инвестиция

5000,0

млн. теңге

2109,2

млн. тенге

187,5%

3

Құрылыс

101,0%

2312,4

млн. теңге

263,9%

5

Тұрғын үйді пайдалануға енгізу

2,8

тыс. ш. м

0,8

тыс. ш. м

102,5%

8

Бөлшек сауда

104,0%

3175,4

млн. теңге

149,1%

4

Қолданыстағы ШОК субъектілерінің саны

94,0%

855

бірлік

90,4%

3

 

  1. Экономиканың нақты секторы

         1.1 Өнеркәсіп

         2018 жылға өнеркәсіп өндірісінің НКИ болжамы – 102,0 %.

         2018 жылғы 1 маусымға өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3731,1 млн. теңгені, НКИ – 136,9 % құрайды.

         - өңдеу өнеркәсібінің НКИ 144,1% (3629,3 млн. теңге);

         - электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны желдетудің НКИ –  107,3% (84,9 млн. тенге);

         - сумен жабдықтаудың НКИ – 85,0% (16,8 млн. тенге). Снижение ТОО «Шарбакты кус».

         01.08.2018 ж. болжамды НКИ - 124,9%.

 

         1.2 Ауыл шаруашылығы

         Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 5183,5 млн. теңгені немесе 104,9%.

         01.08.2018 ж. болжамды НКИ – 101,8%.

 

         Жер

         Аудан жерлерінің жалпы ауданы 684 866 га құрайды,

         оның ішінде:

         - ауыл шаруашылық жерлер-298 158,8 га (ауыл шаруашылық маңызы бар жерлер санатындағы аумақ қорда тұрған жерлерді беру есебінен 5800 га ұлғайды);

         - елді мекен жерлері – 106 014 га;

         - өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері – 3 196 07 га;

         - ерекше қорғалатын табиғи жерлер – 117 565 га;

         - орман қорының жерлері-117 565 га;

         - су қорының жерлері – 3 102 га;

         - қордағы жерлер – 165 986 га.

         2018 жылдың 1 шілдесіне пайдаланылмаған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына 5,8 мың га тартылды.

        

         Өсімдік шаруашылығы

         2018 жылға болжанған егістік алқаптарының құрылымы 135,7 мың га құрайды (2017 жылмен салыстырғанда – 127,3 га, бұл 106,6 % құрайды), оның ішінде: дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 104,8 мың гектар, масақ қоспасы (астық қоспасы) – 0,5 мың га, дәндік жүгері – 0,4 мың га, майлы дақылдар -24,2 мың га, азықтық дақылдар – 5,6 мың га.

         Көктемгі дала жұмыстары үшін Шарбақты ауданының ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне 1851 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, наурыз айына - 453 тонна, сәуір - 744 тонна, мамыр - 658 тонна.

         Топырақ құнарлылығын сақтау үшін, ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен 756 тонна минералды тыңайтқыш сатып алынды, соның ішінде: "Аммофос" - 500 тонна, "Аммиакты Селитра" - 256 тонна.

         Өсімдіктерді қорғау мақсатында 28,0 мың литр гербицидтер сатып алынды.

         Ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 2018 жылы жеке қаражат есебінен сомасы 297,3 млн. теңгеге 40 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтар.сатып алды.

         "Рассвет" ЖШС кредиттік серіктестігі көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылық тауарлар өндірушілерге сомасы 64,1 млн. теңге кредиттер берілді.

         01.07.2018 ж. бойынша ауданда 129,5 мың га жаздық дақылдар егілді, оның ішінде: бидай – 72,1 мың га (99,0%), арпа – 10,9 мың га (109,0%), сұлы – 1,3 мың га (131,0%), тары – 4,9 мың га (123,7%), қарақұмық – 10,4 мың га (92,0%), жасымық – 3,0 мың га (60,0%), астық қоспасы – 3,4 мың га (567,0%). Майлы дақылдар – 24,25 мың га, оның ішінде: күнбағыс – 23,3 мың га (99,6%), соя – 0,450 мың га (150,0%). Жоспар бойынша 1,5 мың га, біржылдық шөптер – 3,4 мың га(115,6%), жүгері, 1,3 мың га (101,0%) болғанда 3,3 мың га көпжылдық шөптер егілді. Барлығы жаздық егіс 138,5 мың га құрайды, бұл 2018 жылға болжанған алқап (102,1%).

         Ылғал ресурс сақтау технологиясы бойынша 54,0 мың га егілді.

 

         Мал шаруашылығы. 2018 жылғы 1 маусымға  ірі қара мал басының саны 34,9 мың басты құрайды (95,1%), қой – 39,8 мың бас (101,0 %), ешкі – 3,3 мың бас (100,0 %), жылқы – 6,1 мың бас (100,0 %), шошқа – 9,3 мың бас (103,9%), құс – 435,4 мың бас (93,4 %) құрайды.

         Төмендеу себептері: ІҚМ – 95,1%, ауыл шаруашылық кәсіпорындарында төмендеу  «Абай» ЖШС мал басының саны 01.07.2017 жылмен салыстырғанда 2433 басқа төмендеді. «Рассвет» ШҚ тарату есебінен шаруа қожалықтарында өткен жылдың  осы кезеңімен салыстырғанда 233 басқа төмендеді.

            Құс – 93,4%, өткен жылдың  осы кезеңімен салыстырғанда «Шарбақты Құс» ЖШС құс фабрикасында  ата-аналық құс тобын іріктеу есебінен төмендеді.

         Сүт – 18293,3 тонна (106,9 %), тірідей салмақта ет – 3000,3 тонна    (104,6 %), жұмыртқа – 47198,3 мың дана (105,2%) өндірілді.

        

         Қайта өңдеу

         Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен 19 қайта өңдеу объетілері айналысады, оның ішінде 2 диірмен, өсімдік майын өндіретін 1 цех, 9 наубайхана, 1 жарма жарғыш, етті жартылай дайындайтын 3 цех, ет консервілерін дайындайтын 1 цех, жүнді қайта өңдейтін 1 цех, шөлмектелген және артезиан ауыз суын өндіретін 1 цех.

        

ӘКК

Ауданда 10 ауыл шаруашылық коперативі жұмыс істейді. Оның 3 ӘКК сүт өндірісі және 7 ӘКК бұқаларды бордақылау бойынша.

         Сүт дайындау бойынша:

Галкино ауылдық округінде «Әділет-Сенім» ӘКК.

Жылы-Бұлақ ауылдық округінде «Целинный» ӘКК.

Александровка ауылдық округінде «Жаңа-Ауыл» ӘКК.

         Бұқаларды бордақылау бойынша:

Алексеевка ауылдық округінде «Туыстық» ӘКК.

Алексеевка ауылдық округінде «Еламан» ӘКК.

Галкино ауылдық округінде «Арбиген» ӘКК.

Жылы-Бұлақ ауылдық округінде «Қос Құдык» ӘКК.

Красиловка ауылдық округінде «Сәттілік» ӘКК.

Хмельницкий ауылдық округінде «Маралды» ӘКК.

Чигиринов ауылдық округінде «Есілбай» ӘКК.

Бордақыланған бұқалар ет үшін әлі  сатылған жоқ. Жылдың соңына дейін 1 ӘКК ашу жоспарланды.

 

ДАЙЫНДАУ

Ауданда 22 дайындау кешендері жұмыс істейді:

сүт дайындау бойынша - 12, ет дайындау бойынша - 9 және тері дайындау бойынша - 1.

 

         1.3. Құрылыс

         2018 жылғы 1 шілдеге құрылыс жұмыстарының көлемі 2312,4 млн. теңгені немесе  өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 263,9 % құрайды.

Құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі  объектілер құру және қайта жаңарту, жөндеу есебінен болды: 440,7 млн. теңгеге Чернорецк-Ольгино-Успенка-Шарбақты 103-149 (46 км), 725,8 млн. теңгеге Шақат-Восточное - Шалдай қайта жаңарту, 75,2 млн. теңгеге Александровка ауылында, 59,6 млн. теңгеге Шалдай ауцылында  су құбырының құрылысы, 344,3 млн. теңгеге аудандық маңызы бар жолдарды күрделі жөндеу (Галкино - Жаңа-ауыл - Алексеевка 24 км), 301,8 млн. теңгеге "Маралды-Жылы-Бұлақ" 0-13,5 км  автомобиль жолдарын күрделі жөндеу. 32,2 млн. теңгеге  Александровка, Хмельницкий және Шалдай  ауылдарында ветеринарлық кешендер құрылысы.   14,7 млн. теңгеге Маралды  көліне дейін электр беру желісінің құрылысы. 30,0 млн. теңгеге Орловка АМҮ күрделі жөндеу. 22,0 млн. теңгеге 2 үй.

            01.08.2018 ж. болжамды НКИ - 249,7%

 

Ауданда 7 объектінің құрылысы жүріп жатыр, оның ішінде ауыл шаруашылық маңызы бар 3 объект:

- Шалдай ауылында – 16,9 млн. теңгеге, Александровка ауылында – 16,7 млн. теңгеге, Хмельницкий ауылында 15,6 млн. теңгеге ветеринарлық кешендер құрылысы. Мердігер - "Промжилстройкомплекс" ЖШС  (Александровка –20.02.2018 ж. №55 келісімшарт, Шалдай - договор 20.02.2018 ж. №54 келісімшарт, Хмельницкий 23.02.2018 ж. №56 келісімшарт). Мамыр айына игерілді - Александровка – 3,5млн. теңге, Шалдай – 2,9 млн. теңге,  Хмельницкий - 2,7 млн. теңге. Жұмыстың басталуы – 2018 жылғы сәуір. Жұмыстың аяқталуы – 2018 жылғы маусым.

 

Электрмен жабдықтайтын бір объект:

- сомасы 24,2 млн. теңгеге Көл-бұлақ ауылында Маралды көліне электр беру желісінің құрылысы, жеткізуші - "СтройБиоРесурс" ЖШС. Мамыр айына игеру - 5,0 млн. теңге. Жұмыстың басталуы –2018 жылғы сәуір. Жұмыстардың аяқталуы –2018 жылғы мамыр.

 

Сумен жабдықтаудың екі объектісі:

- Александровка ауылында су құбырын салу - жеткізуші "Фирма Ай-Су-Мелиорация" ЖШС, 2018 жылға арналған келісімшарт сомасы - 248439,9 мың теңге, жасалған шарттарға сәйкес жұмыстардың басталуы – 2018 жылғы сәуір. Жұмыстардың аяқталуы - 2019 жылғы қыркүйек (9 ай). 10.05.2018 ж. игеру – 31,6 млн. теңгені құрайды, АН-400,0 мың теңге, ТН - 400,0 мың теңге.

- Шалдай ауылында су құбырын салу - жеткізуші "Фирма Ай-Су-Мелиорация" ЖШС, 2018 жылға арналған келісімшарт сомасы – 163651,0 мың теңге, жасалған шарттарға сәйкес жұмыстардың басталуы – 2018 жылғы сәуір. Жұмыстардың аяқталуы - 2019 жылғы қыркүйек (9 ай). 10.05.2018 ж. игеру – 31,6 млн. теңгені құрайды, АН-400,0 мың теңге, ТН - 300,0 мың теңге.

 

Тұрғын үйлерді енгізу

Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы аумағы 847 ш.м.

            Енгізілді: Галкино ауылында тұрғын үйді екі пәтер үшін қайта жаңарту, 12,0 млн. теңге,169 шаршы метр, Шарбақты ауылында сомасы 10,0 млн. теңгеге 110 ш. м. тұрғын үйдің құрылысы, Шарбақты ауылында 2 2,0 млн. теңгеге 56,0 ш.м. жапсарлас үй құрылысы, Шарбақты ауылында 1,0 млн. теңгеге 23,0 ш.м. жапсарлас үй құрылысы. Жылы-Бұлақ ауылында 1,0 млн. теңгеге 38,8 ш.м. жапсарлас үй құрылысы, Шарбақты ауылында 3,0 млн. теңгеге 50,0 ш.м. жапсарлас үй құрылысы, Орловка ауылында 16,0 млн. теңгеге 90,2 ш.м. тұрғын үй құрылысы, Чигиринов ауылында 5,0 млн. теңгеге 88,9 ш.м.тұрғын үй құрылысы, Шарбақты ауылында 16,5 млн. теңгеге 165,8 ш.м. 2 пәтерлі тұрғын үй құрылысы, Көл-бұлақ ауылында 3,0 млн. теңгеге аумағы 55,3 ш.м. тұрғын үй құрылысы.

01.08.2018 ж. болжам – 994,3 ш.м.

           

 

         2.Инвестиция

         2018 жылғы 1 шілдеге негізгі капиталға инвестициялар көлемі – 2109,2 млн. теңге (187,5 %).

01.08.2018 ж. болжам – 3867,3 млн. теңге

 

  1. Шағын және орта кәсіпкерлік

         Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 946 бірлікті құрайды, қолданыстағылар 855 немесе 90,4 %.

 

  1. Сауда

         Бөлшек сауда айналымы 3175,4 млн. теңгені (149,1 %) құрайды.

01.08.2018 ж. болжамды НКИ – 138,1%

 

         Бюджет

         Есеп беру кезеңінде аудан бюджетіне жоспар бойынша 275,9 млн. теңге немесе 108,9 % болғанда 300,6 млн. теңге меншікті кіріс жұмылдырылды.

         2018 жылғы 1 шілдеге аудан бюджетінің шығыс бөлігі, есеп беру кезеңіне жоспар 3228,3 млн. теңге болғанда жалпы 100,0 % орындалды, орындалу 3227,7 млн. теңгені құрайды.

          2018 жылғы 1 шілдеге аудан бюджетінің көлемі 6273,7 млн. теңгені құрайды. Бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттер мен кредиттердің үлес салмағы   88,5 % немесе 5554,8 млн. теңгені құрайды.

 

Бюджеттің 4 деңгейі

         2018 жылғы 1 шілде бойынша 2018 жылға Шарбақты ауылдық округі бюджетінің көлемі 340,7 млн. теңгені құрайды. Ауылдық округ бюджетіндегі нысаналы трансферттердің көлемі – 162,2 млн. теңге, бұл – бюджеттің жалпы көлемінен 47,6 % құрайды. Аудан бюджетіне меншіктік салықтар және өзге де міндетті төлемдер түсімдері жоспар 9,7 млн. теңге болғанда 12,8 млн теңгені немесе 131,8 % құрайды.

         Бюджеттің шығыс бөлігі жоспар 172,9 млн. теңге болғанда 100 %  орындалды.

 

  1. Әлеуметтік орта

         6.1. Еңбек нарығы

         Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша келіп тіркелген азаматтар саны 166 адамды құрайды.

         Жұмыспен қамтуда 483 азаматқа көмек көрсетілді. Жоспар жылына 355 жұмыс орны болғанда 318 жұмыс орны құрылды (олардың 201-і тұрақты 117-сі уақытша).

         Жаңа форматтағы МАӘК сомасы 6397,0 мың теңгеде 77 отбасына (346 адам) көрсетілді.

         2018 жылғы 1 шілдеге тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі – 1,4 %.

        

         Қоныс аудару бағдарламасы

         2018 жылға жоспар – 40 отбасы. Осы күнге дейін ауданға 11 отбасы /43 адам (3 отбасы/11 оралман және 8 отбасы/32 қоныс аударушы адам) келіп квотаға енгізілді.

 

 

         6.2 Еңбек төлемі

         2018 жылғы қаңтар-наурыз айларына бір жұмыскердің орташа айлық номиналды жалақысы 79269 теңгені немесе өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 102,5% құрайды.

 

  1. Білім беру

Шарбақты ауданының білім беру жүйесіне 40 білім беру ұйымдары енеді: 26 жалпы білім беретін мектеп (олардың 16-сы орта, 8-і негізгі және 2-еуі бастауыш), 1 колледж, 1 отбасы үлгісіндегі балалар үйі, 1 БЖСМ, 1 ДЖК, 1 музыкалық мектеп, 1 «Радуга» мектептен тыс жұмыс орталығы, 1 психологиялық-педогогикалық түзеу кабинеті, 6 мектепке дейінгі мекемелер, Хмельницкий санаторлық типтегі мектеп-интернаты.  Орта жалпы білім беру мектептерінде 4 мектеп жанындағы интернат және 19 шағын орталық жұмыс істейді (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту үшін).

Оқушылар контингенті 2840 адамды құрайды.

Жарақтандырудың орташа көрсеткіші бойынша бір компьютерге 5 адамнан келеді.

Барлығы аудан бойынша 2 ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен қамтамасыз ету 96,8 % құрайды, 3 тен 6 дейін – 100 %.

2018 жылы ұлттық бірыңғай тест тапсыруға 140 түлектің 83-і қатысты. Оның ішінде «Алтын белгіге» 5 үміткер және 2 түлек өте жақсы бағаларымен аттестат алды.

 

  1. Денсаулық сақтау

Ауданның денсаулық сақтау жүйесі емдеу-алдын алу  ұйымдары желісімен ұсынылады: құрылымдық бөлімшелері бар аудандық орталық аурухана: 37 төсекке арналған стационар, 63 төсекке арналған күндізгі стационар, ауысымына 200 адам қабылдайтын поликлиника, 5 дәрігерлік амбулатория, 21 медициналық пункттері бар.

2018 жылғы 1 шілдеге дем алу органдарының туберкулез ауруымен 3 жағдай немесе 100 мың тұрғынға шаққанда 30,4 % тіркелді (2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда – 4 жағдай, көрсеткіш – 40,2). Онкологиялық аурулар көрсеткіші 40,2 % өсіп, 100 мың тұрғынға шаққанда 324,2 % (2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда – 23 жағдай, көрсеткіш – 231,2).

2018 жылғы 1 шілдеге халықтың тууы 129 туылған адамды құрайды, өлім 98 жағдай (1 шілдеге статистика деректері жоқ).

 

  1. Жолдар

Жалпы қолданыстағы аудандық маңызы бар автомобильдік жолдардың жалпы ұзақтығы 429,4 км құрайды, олардың  65,0 км – республикалық маңызы бар, 92,0 км – облыстық маңызы бар, және 272,4 км – аудандық маңызы бар, оның ішінде қара ұсақ таспен төселгені – 96,78 км, таспен төселгені – 121,62 км, топырақпен төселгені – 54,0 км. Шарбақты ауданының елді мекендеріндегі ауыл ішіндегі автомобиль жолдарының жалпы ұзақтығы 272,4 км құрайды.

Аудандық маңызы бар автомобильдік жолдар: жақсы жағдайдағы жолдар – 18,3 %, қанағаттанарлық жағдайдағы – 64,2 % және қанағаттанарлық емес жағдайдағы жолдар – 17,5 %. 

Облыстық бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 122,3 млн. теңгеге 12,4 км кентішілік жолдарды жөндеу жоспарланды. 

Оның ішінде:

- Хмельницкое ауылында кентішілік жолдарды ағымдағы жөндеу, сметалық құны 18,2 млн. теңге (мердігер «Шығыс жолдары» ЖШС);

- Шарбақты ауылында кентішілік жолдарды ағымдағы жөндеу, жалпы сметалық құны 18,7 млн. теңге (мердігер «Мироторг» ЖШС);

- Шарбақты ауылында 85,4 млн. теңгеге 12,4 км кентішілік жолдарды ағымдағы жөндеу (Гагарина, Победа, Чайко, Орджоникидзе көшелері), мердігер «Шығыс жолдары» ЖШС;

аудандық маңызы бар жолдар: сомасы 996,8 млн. теңге.

Маралды-Жылы-Булак, км 0-4,7 (4,7 км)» а/ж күрделі жөндеу, сомасы 336,2 млн. теңге;

«Галкино-Жаңа-ауыл-Алексеевка, км 31-55 (24,0 км)» а/ж күрделі жөндеу, сомасы 660,6 млн. теңге.

 

  1. Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі

Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес, ауданда, құқық тәртібін нығайту үшін және азаматтардың өмірі, құқығы және бостандығы қауіпсіздігінің қажетті деңгейін сақтау бойынша 2018 жылғы 1 шілдеге 92  қылмыс тіркелді (2017 жылдың 6 айында – 107).

Көшелерде жасалған қылмыстың үлес салмағы: 75 қылмыс жасалды, оның ішінде көшелерде – 5, индикатор 6,7 %.

100 зардап шегушіге шаққанда ЖКО-да қаза тапқандар саны төмендеді: 7 ЖКО, қаза тақандар – 1, жапа шегуші – 11, индикатор – 8,3%.

 

 

Аудан әкімінің орынбасары                                  Х. Хабылбеков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орынд. М. Бойко

Тел.(871836)21140