Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
2018 жылғы қаңтар-сәуір айларына Шарбақты ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат
Басты Экономика 2018 жылғы қаңтар-сәуір айларына Шарбақты ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

 

  1. Экономиканың нақты секторы

         1.1 Өнеркәсіп

         2018 жылға өнеркәсіп өндірісінің НКИ болжамы – 102,0 %.

         2018 жылғы 1 мамырға өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2460,5 млн. теңгені, НКИ – 157,8 % құрайды.

         Өңдеу өнеркәсібінде 160,4 % (2408,9 млн. теңгеге), азық-түлік өндірісі 162,5 % (2209,8 млн. теңгеге), етті қайта өңдеу және ет өнімдерін өндіруде 1286,7 млн. теңгеге (312,1 %), нан-тоқаш және ұннан жасалған өнімдер өндіру – 72,8 млн. теңгеге (126,5%), басқа да азық-түлік өнімдерін өндіруде – 100 % (2,7 млн. теңгеге),  электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны желдетуде – 40,1 млн. теңгеге  (143,9%) ұлғаю байқалады, төмендеу жануарларға арналған дайын жем өндіруде – 347,6 млн. теңгеге (99,4%) және сумен жабдықтауда – 11,5 млн. теңгеге (85,0%) байқалады.

 

         1.2 Ауыл шаруашылығы

         2018 жылға ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің НКИ болжамы – 104,1 %.   

         Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдері көлемі 2849,5 млн. теңгені немесе 100,3 % құрайды.

         Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен 19 қайта өңдеу объетілері айналысады, оның ішінде 2 диірмен, өсімдік майын өндіретін 1 цех, 9 наубайхана, 1 жарма жарғыш, етті жартылай дайындайтын 3 цех, ет консервілерін дайындайтын 1 цех, жүнді қайта өңдейтін 1 цех, шөлмектелген және артезиан ауыз суын өндіретін 1 цех.

         2018 жылғы 1 101,1 (112,0 %) тонна ұн, 340,0 тонна (103,0 %) нан және нан-тоқаш өнімдері, 4,0 тонна (125,0 %) жартылай ет өнімдері, 1800,0 тонна (101,1 %) жарма, 3,0 тонна (142,8 %) ет консервілері өндірілді.

 

         Мал шаруашылығы. 2018 жылғы 1 мамырға ірі қара мал басының саны 35,7 мың басты құрайды (94,1%), қой – 39,7мың бас (100,1 %), ешкі – 3,2 мың бас (100,3 %), жылқы – 6,0 мың бас (100,0 %), шошқа – 10,5 мың бас (105,1%), құс – 392,2 мың бас (95,5 %) құрайды.

         Сүт – 8642,1 тонна (105,0 %), тірідей салмақта ет – 1764,0 тонна    (94,2 %), жұмыртқа – 30338,6 мың дана (105,8%) өндірілді.

 

         Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер Павлодар қаласында өткен ауыл шаруашылық жәрмеңкелерге қатысты, онда жыл басынан ауылшаруашылық өнімдер 23,3 млн. теңге сомаға сатылды. Шарбақты ауылында жәрмеңкелер үнемі өткізіліп тұрады, өнімдері 3,0 млн. теңге сомаға сатылды.

 

         1.3. Құрылыс

         2018 жылға құрылыс жұмыстарының НКИ болжамы – 101,0%.

         2018 жылғы 1 мамырға құрылыс жұмыстарының көлемі 820,7 млн. теңгені немесе  өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 12,5 % құрайды.

         Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы көлемі – 169 шаршы метр.

 

  1. Инвестициялар

         2018 жылға болжам – 5000,0 млн. теңге.

         2018 жылғы 1 мамырға негізгі капиталға инвестициялар көлемі – 949,2 млн. теңге (244,1 %).

         Қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражатының көлемі – 26,8% (254,4 млн. теңге), жергілікті бюджет қаражатының көлемі – 41,1% (390,4 млн.теңге), кәсіпорындардың меншікті қаражаты – 30,5% (289,7 млн.теңге), қарызға алынған қаражат – 1,5% (14,7 млн.теңге).

        

  1. Шағын және орта кәсіпкерлік

         Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 936 бірлікті құрайды, қолданыстағылар 836 немесе 89,3 %.

         Шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар саны – 3715 адам.

        

  1. Сауда

         Бөлшек сауда айналымы 1953,7 млн. теңгені (149,0 %) құрайды.

Өсу себебі: тауар сату динамикасы азық-түлікке сұраныстың ұлғаюын көрсетеді.

         Сауда желісі. Ауданда 135 сауда объектілері жұмыс істейді, 17-і қоғамдық тамақтандыру және 116 қызмет көрсету саласының  объектілері.

         Негізгі азық-түлік бағалары: 1 сұрыптық ұннан жасалған бидай наны 1 кг -120 теңге, 1 сұрыптық бидай ұны – 80 теңге, тазаланған күріш – 190 теңге, тауық еті – 600 теңге, сиыр еті (жауырын-кеуде бөлігі) –1200 теңге, зарарсыздандырылған сүт (2,5% ) -  175 теңге, тауық жұмыртқасының 1 ондығы (1,2 категориялы) – 205 теңге, тұздалмаған сары май – 1450 теңге, картоп – 85 теңге.

 

         Бюджет

         Есеп беру кезеңінде аудан бюджетіне жоспар бойынша 172,3 млн. теңге немесе 112,4 % болғанда 193,6 млн. теңге меншікті кіріс жұмылдырылды.

         2018 жылғы 1 мамырға аудан бюджетінің шығыс бөлігі, есеп беру кезеңіне жоспар 1845,6 млн. теңге болғанда жалпы 99,6 % орындалды, орындалу 1839,2 млн. теңгені құрайды.

          2018 жылғы 1 мамырға аудан бюджетінің көлемі 5657,0 млн. теңгені құрайды. Бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттер мен кредиттердің үлес салмағы   87,8 % немесе 4960,8 млн. теңгені құрайды.

 

  1. Әлеуметтік орта

         6.1. Еңбек нарығы

         Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша келіп тіркелген азаматтар саны 138 адамды құрайды.

         Жұмыспен қамтуда 278 азаматқа көмек көрсетілді. Жоспар жылына 350 жұмыс орны болғанда 179 жұмыс орны құрылды (олардың 173-і тұрақты).

         Жаңа форматтағы МАӘК сомасы 3374,5 мың теңгеде 62 отбасына (273 адам) көрсетілді.

         2018 жылғы 1 мамырға тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі – 1,2 %.

         2018 жылы бірінші бағыт «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және мамандандырылған біліммен және қысқа мерзімді мамандандырылған оқумен қамтамасыз ету» аясында техникалық және мамандандырылған білім берумен 58 адамды қамту, қысқа мерзімдік мамандандырылған оқумен 40 адамды қамту жоспарланды.  2018 жылғы 1 сәуірден бастап оқуға 40 азамат жолданды (10 адам – бухгалтер, 10 адам – сатушы, 10 адам – дәнекерлеуші, 10 адам – тракторист-машинист).

         2018 жылы  Бағдарламаның екінші бағыты «Бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» бойынша «Бастау Бизнес»         жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқытумен 134 адамды қамту жоспарланды. Бағдарлама аясында 12 азаматты микрокредиттеу, 49 адамға 100 АЕК-ге дейін гран беру жоспарланды.

         2018 жылғы 1 мамырға үшінші бағыт «Халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында 17 келісімшарт жасалып, 29 жұмыссыз адам жұмыспен қамтылды. ТжМО және ЖОО-ның 17 түлегі үшін жастар  тәжірибесін ұйымдастыру жоспарланды, 2018 жылғы 1 мамырға Бағдарламаның 4 қатысушысы жұмыспен қамтылды. Жылдың басынан 72 жұмыссыз азамат қоғамдық жұмыстарға жолданды (жоспар бойынша 170).

 

         6.2. Еңбек төлемі

         2018 жылғы қаңтар-наурызда бір жұмыскердің орташа айлық номиналдық еңбекақысы өткен жылға қарағанда 79269 теңге немесе 102,5 % құрайды.

 

  1. Білім

Шарбақты ауданының білім беру жүйесіне 40 мемлекеттік білім беру ұйымдары енеді: 26 жалпы білім беру мектептері (олардың 16-сы орта, 8-і негізгі және 2-еуі бастауыш), 1 колледж, 1 отбасы үлгісіндегі балалар үйі, 1 БЖСМ, 1 БЖК, 1 музыкалық мектеп, 1 «Радуга» мектептен тыс жұмыс орталығы, 1 психологиялық-педогогикалық түзеу кабинеті, 6 мектепке дейінгі мекемелер, Хмельницкий санаторлық типтегі мектеп интернаты.  Орта жалпы білім беру мектептерінде 4 мектеп жанындағы интернат және 19 шағын орталық жұмыс істейді (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту үшін).

Оқушылар контингенті 2840 адамды құрайды.

Жарақтандырудың орташа көрсеткіші бойынша бір компьютерге 5 адамнан келеді.

Барлығы аудан бойынша 2 ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен қамтамасыз ету 96,8 % құрайды, 3 тен 6 дейін – 100 %.

2017 жылы ұлттық бірыңғай тест тапсыруға 86 түлектің 45-і қатысты. ҰБТ орташа баллы 91,5 (2016 жылы – 82,03), облыстық орта балл – 91,9.

 

  1. Денсаулық сақтау

Ауданның денсаулық сақтау жүйесі емдеу-алдын алу  ұйымдары желісімен ұсынылады: құрылымдық бөлімшелері бар аудандық орталық аурухана: 37 төсекке арналған стационар, 63 төсекке арналған күндізгі стационар, ауысымына 200 адам қабылдайтын поликлиника, 5 дәрігерлік амбулатория, 21 медициналық пункттері бар.

2018 жылғы 1 мамырға дем алу органдарының туберкулез ауруымен 3 жағдай немесе 100 мың тұрғынға шаққанда 45,6 % тіркелді. Онкологиялық аурулар көрсеткіші 51,2% өсіп, 100 мың тұрғынға шаққанда 319,1 % құрайды, 21 жағдай.

2018 жылғы 1 сәуірге халықтың тууы 82 туылған адамды құрайды, өлім 63 жағдай (1 мамырға статистика деректері жоқ).

 

  1. Жолдар

Жалпы қолданыстағы аудандық маңызы бар автомобильдік жолдардың жалпы ұзақтығы 429,4 км құрайды, олардың  65,0 км – республикалық маңызы бар, 92,0 км – облыстық маңызы бар, және 272,4 км – аудандық маңызы бар, оның ішінде қара ұсақ таспен төселгені – 96,78 км, таспен төселгені – 121,62 км, топырақпен төселгені – 54,0 км. Шарбақты ауданының елді мекендеріндегі ауыл ішіндегі автомобиль жолдарының жалпы ұзақтығы 272,4 км құрайды.

Аудандық маңызы бар автомобильдік жолдар: жақсы жағдайдағы жолдар – 18,3 %, қанағаттанарлық жағдайдағы – 64,2 % және қанағаттанарлық емес жағдайдағы жолдар – 17,5 %. 

2018 жылғы 17 қаңтарда «Шығыс Жолдары» ЖШС автомобиль жолдарын қамту үшін сомасы 59589,989 мың теңгеге №2 келісімшарт жасалды. Оның ішінде жолдардың қысқы жағдайы үшін – 19895,761 мың теңге. Қысқы қамту бойынша негізгі жұмыстар түрі болып жолдардың жүру бөлігін қардан тазалау, қардан қорғайтын ор қазу, су өткізгіш құбырлардың тесіктерін ашу және жабу, қардан және мұздан тазарту.

Соның ішінде жазғы қамту үшін 39694,228 мың теңге бөлінді.

 

  1. Мәдениет

Аудан бойынша мәдениет мекемелерінің жалпы желісі – 41, олардың ішінде клубтық мекемелер – 18, кітапхана – 21, қозғалмалы мәдени-сауық кешендер – 2 және тарихи-өлкетану мұражайы.

2018 жылғы 1 мамырға ауданда барлығы 36 мәдени-бұқаралық шаралар өткізілді, оларға 16619 адам қатысты.

 

  1. Спорт

Ауданда спорт және дене шынықтырумен айналысу үшін 195 спорттық ғимараттар бар, оның ішінде 1 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 1 жүзу бассейні, 2 стадион, синтетикалық жабындысы бар 13 шағын футбол алаңы, 32 спорт залдары, 2 кірістірілген зал, 2 шаңғы трассалары, 10 ату тирлері, 1 жабық хоккей корты, 5 ашық хоккей қорабы және 126 жай тегіс құрылыстар.

Шарбақты ауданы бойынша Жылы-Бұлақ, Арбиген, Есілбай, Жаңа-ауыл, Галкино, Орловка, Чигиринов, Сосновка және Александровка ауылдарында  БЖСМ  бар.

2018 жылғы 1 мамырға спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оларға 3225 адам  қатысты, сондай-ақ 20 облыстық спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оларға 297 адам қатысты.

 

 

  1. Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі

Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес, ауданда, құқық тәртібін нығайту үшін және азаматтардың өмірі, құқығы және бостандығы қауіпсіздігінің қажетті деңгейін сақтау бойынша 2018 жылғы 1мамырға 62  қылмыс тіркелді (2017 жылдың 4 айында – 53).

Қоғамдық жерлерде қылмысқа жол бермеу үшін, үнемі күндізгі және түнгі рейд шаралары жүргізіледі, сондай-ақ кезекшілік және патрульдеу. Қоғам тәртібін күзетуге «Сақшы» құқық қорғау бағытындағы қоғамдық қалыптасулар тартылады.

Аудан аумағында үнемі «Қауіпсіз жол», «Іздеу салу», «Мак», «Нелегал», «Тұрғын үйден тыстағы балалар», «Жаяу жүргінші», «Мигрант» және т.б. жедел-алдын алу шаралары өткізіледі.

 

 

 

Аудан әкімінің орынбасары

 

  Х. Хабылбеков

 

 

 

 

 

 

 

 

Орынд. М. Бойко

тел. (8718 36) 2 11 40