Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
2018 жылғы қаңтар-наурыз айларына Шарбақты ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат
Басты Экономика 2018 жылғы қаңтар-наурыз айларына Шарбақты ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат
  1. Экономиканың нақты секторы

         1.1 Өнеркәсіп

         2018 жылға өңдеу өнеркәсібінің НКИ болжамы - 102,0 %.    2018 жылғы 1 cәуірге өңдеу өнеркәсібінің көлемі 1707,7 млн. теңге, НКИ – 158,1%

         Өңдеу өнеркәсібінде 160,7% (1669,0 млн. теңге), азық-түлік өндіруде 162,8% (1526,7 млн. теңге),  етті қайта өңдеу және ет өнімдерін өндіруде – 879,2 млн. теңге (295,8%), нан-тоқаш және ұн өнімдерін өндіруде – 50,6 млн. теңгеге (141,7%), өзге де азық-түлік өнімдерін өндіруде – 100,0% (1,9 млн. теңге), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны тазартуда – 29,8 млн. теңгеге (117,8%) өсу байқалады.

            Төмендеу  жануарларға арналған дайын жем өндіруде 260,4 млн. теңгеге (99,4%) және сумен жабдықтауда – 8,9 млн. теңгеге (81,9%) байқалады.

         1.2.  Ауыл шаруашылығы

         2018 жылға  ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерінің НКИ болжамы – 104,1%.        

         Ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерінің көлемі 2231,4 млн. теңге немесе 101,8 %.

         Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен 19 өңдеу объетілері айналысады, оның ішінде 2 диірмен, өсімдік майын өндіретін 1 цех, 9 наубайхана, 1 жарма жарғыш, етті жартылай дайындайтын 3 цех, ет консервілерін дайындайтын 1 цех, жүн өңдейтін 1 цех, шөлмектерлген және артезиан ауыз суын өндіретін 1 цех.

         2018 жылғы 1 сәуірге 54,3 (104,0%) тонна ұн, 338,1 тонна (102,5 %) нан және нан-тоқаш өнімдері,  жартылай ет өнімдері – 2,0 тонна (133,0 %), жарма – 1723,0 тонна (101,0%), ет консервілері – 1,7 тонна  (106,3%) өндірілді.

                Мал шаруашылығы. 2018 жылғы 1 сәуірге ірі қара мал басының саны 33,8 мың басты құрайды (93,4 %), қой – 39,7 мың бас (100,0 %), ешкі – 2,9 мың бас (100,0%), жылқы – 5,6 мың бас (100,0 %), шошқа – 10,0 мың бас (100,2 %), құс – 399,7 мың бас (107,7%) құрайды.

         Сүт – 6171,4 тонна (104,7 %), тірідей салмақта ет – 1546,8 тонна    (101,0 %), жұмыртқа – 21446,0 мың дана (102,7 %) өндірілді.

         Ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер Павлодар қаласындағы ауыл шаруашылық жәрмеңкелерге қатысты, онда жыл басынан сомасы 16,7 млн. теңгеге ауылшаруашылық өнімдер сатылды. Шарбақты ауылында үнемі жәрмеңкелер өткізіліп тұрады, онда өнімдер сомасы 2,1 млн. теңгеге сатылды.

 

         1.3. Құрылыс

         2018 жылға құрылыс жұмыстарының НКИ болжамы – 101,0%.

         2018 жылғы 1 сәуірге құрылыс жұмыстарының көлемі 674,3 млн. теңгені немесе  өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 1544,7 % құрайды.

 

  1. Инвестициялар

         2018 жылға арналған болжам – 5000,0 млн. теңге.

         2018 жылғы 1 сәуірге негізгі капиталға инвестициялар көлемінің болжамы – 708,3  млн. теңге (299,6 %).

         Қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражатының көлемі – 35,9% (254,3 млн.теңге), жергілікті бюджет қаражатының көлемі – 40,6 % (287,4 млн. теңге), кәсіпорындардың меншікті қаражаты – 21,4 % (151,8 млн.теңге), қарызға алынған қаржы – 2,1 % (14,7 млн. теңге).

        

  1. Шағын және орта кәсіпкерлік

         Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 939 бірлікті құрайды. Қолданыста – 829 немесе 88,3%.

         Шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар саны – 3697 адам.

 

  1. Сауда

         Бөлшек сауда айналымы 1456,8 млн. теңгені (151,7 %) құрайды Өсу себебі: тауар сату динамикасының өсуі азық-түлікке деген сұранысты көрсетеді.

         Сауда желісі. Ауданда 135 сауда объектілері жұмыс істейді, 17-і қоғамдық тамақтандыру және 116 қызмет көрсету саласының  объектілері.

         Негізгі азық-түлік бағалары: 1 сұрыптық ұннан жасалған бидай наны 1 кг -120 теңге, 1 сұрыптық бидай ұны – 80 теңге, тазаланған күріш – 190 теңге, тауық еті – 600 теңге, сиыр еті (жауырын-кеуде бөлігі) –1200 теңге, зарарсыздандырылған сүт (2,5% ) -  175 теңге, тауық жұмыртқасының 1 ондығы (1 категориялы) – 205 теңге, тұздалмаған сары май – 1450 теңге, картоп – 85 теңге.

 

         Бюджет

         Есеп беру кезеңінде аудан бюджетіне жоспар бойынша 122,9 млн. теңге немесе 115,1 % болғанда 141,5 млн. теңге меншікті кіріс жұмылдырылды.

         2018 жылғы 1 сәуірге аудан бюджетінің шығыс бөлігі, есептік кезеңге жоспар бойынша 1355,1 млн. теңге болғанда жалпы 100,0 % орындалды, орындалу 1354,7 млн. теңгені құрайды.

          2018 жылғы 1 сәуірге аудан бюджетінің көлемі жалпы 5504,0 млн. теңгені құрайды. Бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттердің үлес салмағы   92,9 % немесе 5114,7 млн. теңге.

 

  1. Әлеуметтік сала

         6.1. Еңбек нарығы

         Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша келіп тіркелген азаматтар саны 124 адамды құрайды.

         Жұмыспен қамтуда 129 азаматқа көмек көрсетілді. Жоспар бойынша жылына 350 жұмыс орны болғанда 55 жұмыс орны құрылды (олардың 55-і тұрақты).

         Жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек сомасы 1948,3 мың теңге көлемінде 52 отбасына төленді (228 адам). 

         2018 жылғы 1 сәуірге тіркелген еңбек нарығында жұмыссыздық деңгейі 1% құрайды.

         2018 жылы бірінші бағыт «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және мамандандырылған біліммен және қысқа мерзімді мамандандырылған оқумен қамтамасыз ету» аясында 58 адамды техникалық және мамандандырылған біліммен қамту, қысқа мерзімді мамандандырылған оқуға 40 адамды жіберу жоспарланды. 2018 жылғы 1 наурыздан оқуға 20 азамат жіберілді (10 адам бухгалтер, 10 адам сатушы).

         Екінші бағыт «Бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 2018 жылы «Бастау Бизнес»      жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 134 адамды оқыту жоспарланды. Бағдарлама аясында 12 азаматқа микрокредит беру, 49 азаматқа 100 АЕК дейін грант беру жоспарланды.

         Үшінші бағыт «Халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында 2018 жылғы 1 сәуірге 15 келісімшарт жасалып, 27 жұмыссыз азамат жұмыспен қамтылды. Жастар практикасын ұйымдастыру ТжМО және ЖОО-ның 17 түлегі үшін  жоспарланды, 2018 жылғы 1 сәуірге Бағдарламаның 4 қатысушысы жұмыспен қамтылды. Жыл басынан 55 жұмыссыз азамат қоғамдық жұмыстарға бағытталды (жоспар бойынша 170 болғанда).

 

         6.2 Еңбек төлемі

         2017 жылы бір жұмыскердің орташа айлық номиналды жалақысы 81393 теңгені немесе өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 102,6% құрайды.

 

  1. Білім беру

Шарбақты ауданының білім беру жүйесіне 40 білім беру ұйымдары енеді: 26 жалпы білім беретін мектеп (олардың 16-сы орта, 8-і негізгі және 2-еуі бастауыш), 1 колледж, 1 отбасы үлгісіндегі балалар үйі, 1 БЖСМ, 1 ДЖК, 1 музыкалық мектеп, 1 «Радуга» мектептен тыс жұмыс орталығы, 1 психологиялық-педогогикалық түзеу кабинеті, 6 мектепке дейінгі мекемелер, Хмельницкий санаторлық типтегі мектеп-интернаты.  Орта жалпы білім беру мектептерінде 4 мектеп жанындағы интернат және 19 шағын орталық жұмыс істейді (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту үшін).

Оқушылар контингенті 2840 адамды құрайды.

Жарақтандырудың орташа көрсеткіші бойынша бір компьютерге 5 адамнан келеді.

Барлығы аудан бойынша 2 ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен қамтамасыз ету 96,8 % құрайды, 3 тен 6 дейін – 100 %.

 

  1. Денсаулық сақтау

Ауданның денсаулық сақтау жүйесі емдеу-алдын алу  ұйымдары желісімен ұсынылады: құрылымдық бөлімшелері бар аудандық орталық аурухана: 37 төсекке арналған стационар, 63 төсекке арналған күндізгі стационар, ауысымына 200 адам қабылдайтын поликлиника, 5 дәрігерлік амбулатория, 21 медициналық пункттері бар.

2018 жылғы 1 ақпанға дем алу органдарының туберкулез ауруымен 2 жағдай немесе 100 мың тұрғынға шаққанда 40,5% тіркелді. Онкологиялық аурулар көрсеткіші 30,9 % ұлғайып 263,4 % құрайды, 100 мың тұрғынға 13 жағдай.

2018 жылғы 1 наурызға халықтың тууы 56 туылған адамды құрайды, өлім жағдайы - 42 (1 сәуірге статистикалық деректер жоқ).

 

  1. Жолдар

Жалпы қолданыстағы аудандық маңызы бар автомобильдік жолдардың жалпы ұзақтығы 429,4 км құрайды, олардың  65,0 км – республикалық маңызы бар, 92,0 км – облыстық маңызы бар, және 272,4 км – аудандық маңызы бар, оның ішінде қара ұсақ таспен төселгені – 96,78 км, таспен төселгені – 121,62 км, топырақпен төселгені – 54,0 км. Шарбақты ауданының елді мекендеріндегі кентішілік автомобиль жолдарының жалпы ұзақтығы 272,4 км құрайды.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары: жағдайы жақсы жолдар – 18,3%, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар – 64,2 %, қанағаттанарлық емес жағдайдағы жолдар – 17,5%.

 «Шығыс Жолдары» ЖШС-мен автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін сомасы 59589,989 мың теңгеге 17.01.2018 ж. №2 келісімшарт жасалды. Оның ішінде қысқы күтіп ұстау үшін 19895,761  мың теңге бөлінді. Қысқы күтіп ұстау бойынша жұмыстың негізгі түрлері, жолдардың жүру бөліктерін қардан тазалау, қардан қорғайтын орлар салу, су өткізгіш құбырлардың тесіктерін жабу және ашу, қар мен мұздан тазарту болып табылады.

Оның ішінде жазғы күтіп ұстау үшін 39694,228 мың теңге бөлінді.

 

  1. Мәдениет

Аудан бойынша мәдениет мекемелерінің жалпы желісі – 41, олардың ішінде клубтық мекемелер – 18, кітапхана – 21, қозғалмалы мәдени-бос уақыттық кешендер – 2 және тарихи-өлкетану мұражайы.

 

2018 жылғы 1 сәуірге  ауданда 248 мәдени-бұқаралық шаралар өткізілді, оларға 14290 адам қатысты.

 

  1. Спорт

Ауданда спорт және дене шынықтырумен айналысу үшін 195 спорттық ғимараттар бар, олар: дене шынықтыру-сауықтыру кешені -1,  жүзу бассейні - 1, стадион – 2, синтетикалық жабындысы бар шағын футбол алаңы - 13, спорт залдар - 32, кірістірілген залдар - 2, шаңғы трассалары – 2, ату тирлері – 10, жабық хоккей корты – 1, ашық хоккей қорабы – 5 және жай тегіс құрылыстар - 126.

Шарбақты ауданы бойынша Жылы-бұлақ, Арбиген, Есілбай, Жаңа-ауыл, Галкино, Орловка, Чигиринов, Сосновка және Александровка елді мекендерінде БЖСМ бөлімшелері бар.

2018 жылғы 1 сәуірге 24 жаппай-спорттық шаралар өткізілді, оларға 2430 адам қатысты, сондай-ақ 16 облыстық жаппай-спорттық шаралар өткізілді, оларға 237 адам қатысты.

 

  1. Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі

Жедел деректерге сәйкес, ауданда, құқық тәртібін нығайту үшін және азаматтардың өмірі, құқығы және бостандығы қауіпсіздігінің қажетті деңгейін сақтау бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2018 жылғы 1 сәуірге тіркелген қылмыс саны - 43, (2017 жылдың  3 айында – 39).

Қоғамдық орындарда қылмысқа жол бермеу үшін, үнемі күндізгі және түнгі рейд шаралары, сондай-ақ кезекшілік және патрульдеу жүргізіледі. Қоғам тәртібін күзетуге «Сақшы» құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылым тартылады.

Аудан аумағында «Қауіпсіз жол», «Іздеу салу», «Мак», «Нелегал», «Тұрғын үйден тыстағы балалар», «Жаяу жүргінші», «Мигрант» және т.б. жедел-алдын алу шаралары үнемі өткізіліп тұрады.

 

 

 

Аудан әкімінің

орынбасары

 

         Х. Хабылбеков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орынд. М. Бойко

тел.(8718 36)21140