Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шарбақты ауданының қоғамдық кеңесінің бюджет және әлеуметтік–экономикалық даму жөніндегі комиссиясының отырысы
Басты Қоғамдық кеңес Шарбақты ауданының қоғамдық кеңесінің бюджет және әлеуметтік–экономикалық даму жөніндегі комиссиясының отырысы

2016 жылы 15 сәуірде комиссия төрағасы – Паванов Бақыт Пәуенұлының төрағалығымен,  Шарбақты ауданының қоғамдық кеңесінің  бюджет және әлеуметтік–экономикалық даму жөніндегі комиссиясының бірінші отырысы өткізілді.

Қатысқандар: 5 адам, комиссияның барлық мүшелері, 100%.

Комиссия отырысында келесі мәселелер тыңдалды:

1. 2015 жыл және 2016 жылғы 1-ші тоқсан бойынша аудан бюджетін орындау  жөніндегі атқарылған жұмысы туралы.

«Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» ММ басшысы – Т.М.Ахметова есептік ақпарат ұсынды.

2. Бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру жөніндегі шаралар, болжал, келешек жоспар туралы.

«Шарбақты ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ басшысы – Татваева Б.Ю есептік ақпарат ұсынды.

Талқылау барысында Б.Татваеваға, комиссия мүшесі Ю.Е.Литвинюк 1 сұрақ қойды. Абай Құнанбаев атындағы мектептің ескі ғимаратын жөндеуге, сонымен қатар жөндеуден кейін бала-бақша болатын, орталық аудандық кітапхана ғимаратын күрделі жөндеуге қаржы ескерілді ме?

Жауап: Ағымдағы жылы осы ғимараттарды жөндеуге СЖҚ әзірлеу қажет осыған байланысты күрделі жөндеу 2017 жылы жүргізілетін шығар.

«Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» ММ және «Шарбақты ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ басшыларының есептіліктерін мәліметке алу туралы шешім қабылданды.

Шарбақты ауданы қоғамдық кеңесінің  бюджет және әлеуметтік–экономикалық даму жөніндегі комиссиясының барлық 5 мүшесі осы шешімге бірауыздан дауыс берді.

 

2015 жылға  және 2016 жылдың I тоқсанына арналған

 аудандық бюджетті орындау жұмысы туралы ақпарат

 

 2015 жылға және 2016 жылдың I тоқсанына аудандық бюджеттің орындалуы мыналарды құрады:

Кірістер. 2016 жылдың 1 қаңтарына жергілікті бюджетке кірістер бойынша түсім болжамы 100,3% орындалды, нақты түсім 2 501 264,3 мың теңге, жоспар барысында 2 493 077,0 мың теңге, кірістің артық орындалуы 8 187,3 мың теңге.

2016 жылдың 1 сәуіріне жоспар 769524,0 мың теңгені құрайды.

Түсімдер 796527,8 мың теңгені құрады, жоспар 27003,8 мың теңгеге асыра орындалғаны немесе 103,5%.

Шығындар.2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудан бюджеті 99,8% орындалды, жоспар барысында 2 585 890,0 мың теңге, кассалық орындалу 2 575 801,6 мың теңгені құрады, орындалмау 5 088,4 мың теңгені құрады, оның ішінде:

республикалық бюджеттен трансферттер 100,0% орындалды, игерілмегені 48,7 мың теңге, оның ішінде:

Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін және еңбекақы жүйесінің жаңа үлгісі бойынша ай сайынғы үстемақы төлеуге облыстық маңызы бар қалалар  мен аудан бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттер 35,8 мың теңге-еңбекақы төлеу қоры бойынша үнемдеу;

Елді мекендерді жұмыспен қамту орталығының қызметімен қамтамасыз ету 1,1 мың теңге аударылымнан қалдық;

Облыстық бюджетке, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне әлеуметтік қорғау көрсетуге және елді мекендерге көмектесуге ағымдағы нысаналы трансферттер 0,8 мың теңге мемлекеттік сатып алудан үнемдеу;

Облыстық бюджетке, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне агроөнеркәсіп кешенінің жергілікті атқарушы орган бөліністерін қамтамасыз етуге ағымдағы нысаналы трансферттер 0,4 мың теңге (еңбекақы төлем қоры бойынша үнемдеу);

Азаматтық мазмұндағы актілерді тіркеу бөлімінің штат санын ұстауға облыстық бюджетке, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер,еңбекақы төлеу қоры бойынша үнемдеу 0,2 мың теңге.

облыстық бюджеттен трансферттер 81,3% орындалды, игерілмегені 3588,1 мың теңге,оның ішінде:

Алынатын және жойылатын ауру малдарды, малдардан алынған өнімдер мен шикізат құнын иелеріне қайтаруға 3585,0 мың теңге жоғары тұрған бюджеттен трансферттер түскен жоқ.

Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеру және елді мекендерге психологиялык -дәрiгерлiк-педагогикалық кеңес беруге 3,1 мың теңге аударылымнан қалдық.

жергілікті бюджет 99,9% орындалды, игерілмегені 1427,5 мың теңге, оның ішінде:

Елді мекендерді абаттандыру мен көгәлдандыру 894,0 мың теңге атқарылған жұмыс актісі ұсынылған жоқ;

Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру бойыш қызметтер 264,2 мың теңге ЕТҚ бойынша үнемдеу;

«Аумақты дамыту»  Бағдарлама аясында аумақтарды экономикалық дамуына жәрдемдесу бойынша шараны іске асыру 95,9 мың теңге мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу;

Жалпы білімберуге оқыту 62,7 мың теңге

(коммуналдық қызмет және байланыс қызметтерден 39,0 мың теңге үнемдеу,

салықтар мен ЕТҚ бойынша 21,6 мың теңге үнемдеу,

 қажететілмеген қаражат есебінен қалдық 2,1 мың теңге);

Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтер 41,9 мың теңге

(коммуналдық қызметтер бойынша үнемдеу 14,6 мың теңге,

 мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу 2,1 мың теңге,

 салық және еңбек төлемдері қоры бойынша  үнемдеу 23,5 мың теңге,              қажететілмеген қаражат есебінен қалдық 1,7 мың теңге);

Жастар саясаты аясында ісшараны іске асыру 19,0 мың теңге байланыс қызметі бойынша үнемдеу;

Төлемдер, аударылымдар бойынша төлем қызмет және жәрдемақыны жеткізу және басқа да әлеуметтік төлемдер 10,3 мың теңге жоспарланғанға қарсы бюджеттік қаражатты алатындардың нақты санының кемуі;

         Үйде әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға көмек көрсету 9,6 мың теңге еңбек төлем қоры бойынша үнемдеу;

         Ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелер және ұйымдардың күрделі шығындары 8,2 мың теңге қажет етілмеген қаражаттан қалдық;      

Оқушыларды мектептке дейін және қайтадан елді мекенге тегін жеткізуді ұйымдастыру 6,5 мың теңге ЕТҚ бойынша үнемдеу;

Жұмыспен қамту бағдарламасы 2,3 мың теңге жоспарланғанға қарсы бюджеттік қаражатты алатындардың нақты санының кемуі;

Коммуналдық шаруашылықты дамыту 2,1 мың теңге пайдаланылмаған қаражаттан қалдық;

 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық елді мекендерде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға  отын сатып алуға әлеуметтік қолдау көрсету 2,0 мың теңге қажет етілмеген қаражат;

Мемлекеттік органның күрделі шығындары 1,2 мың теңге, мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу;

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы 0,9 мың теңге жоспарланғанға қарсы бюджеттік қаражатты алатындардың нақты санының кемуі;

Қалалар мен елді мекен кенттеріндегі абаттандыруды дамыту 0,7 мың теңге қажат етілмеген қаражаттан қалдық;

Аудан аумағында (облыстық маңызы бар қалалар) жер қатынастарын реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер 0,7 мың теңге пайдаланылмаған қаражаттан қалдық;

Білім беру объектілерін салу және қайта құру 0,7 мың теңге қажат етілмеген қаражаттан қалдық;

Аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі 0,7 мың теңге қажат етілмеген қаражаттан қалдық;

Аудан әкімінің (облыстық маңызы бар қалалар) қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтер 0,6 мың теңге пайдаланылмаған қаражаттан қалдық;

Құрылыс, облыс қалаларының, аудандарының және елді мекендерінің сәулеттік бейнесін жақсарту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және ауданның аумағын оңтайла және тиімді қала құрылыстық игеруді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер  0,5 мың теңге қажат етілмеген қаражат.

Ветеринария аумағында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер 0,5 мың теңге қажат етілмеген қаражат.

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы 0,4 мың теңге қажат етілмеген қаражат.

Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша шараны іске асыру 0,2 мың теңге қажат етілмеген қаражат.

Елді мекендер үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер 0,1 мың теңге толық пайдаланылмаған қаражаттан қалдық;

Жалпыға бірдей әскери міндеттерді орындау шеңберіндегі ісшара 0,1 мың теңге пайдаланылмаған қаражаттан қалдық;

2016 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша аудан бюджеті 99,1% орындалды, жоспар барысында 770165,0 мың теңге, кассалық орындалу 763451,9  мың теңгені құрады, орындалмау сомасы 6713,1 мың теңге пайда болды, сонымен қатар:

республикалық бюджеттен трансферттер 99,1% орындалды, игерілмегені 1770,7 мың теңге, оның ішінде:

Үкметтік ұйымдарға жатпайтын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орналастыруға Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне, облыстық бюджетке ағымдағы нысаналы трансферттер 752,0 мың теңге (конкурс ресімдерін өткізудің ұзақтығы);

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақы төлемі деңгейінің артуына Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне, облыстық бюджетке ағымдағы нысаналы трансферттер 430,0 мың теңге (қаржыландыру жоспарына өзгертулер енгізу қажеттілігі);

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық қызметкерлердің еңбекақы төлем жүйесінің жаңа жүйесіне көшу, сонымен қатар ерекше еңбек қызметі үшін лауазымдық жалақыларына ай сайын үстемақы төлеу үшін Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне, облыстық бюджетке ағымдағы нысаналы трансферттер 399,7 мың теңге (қаржыландыру жоспарына өзгертулер енгізу қажеттілігі);

Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы іс шарасын іске асыруға Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне, облыстық бюджетке ағымдағы нысаналы трансферттер 157,3 мың теңге.

(75,5 мың теңге-мемлекеттік сатып алудан үнемдеу,

79,1 мың теңге- ала күтімі демалысында отырған  маманның есебінен еңбекақы төлем қоры бойынша үнемдеу,

2,7 мың теңге-аударылымнан қалдық);

Өрлеу жобасы бойынша ақшалай көмекті алдын ала енгізуге Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне, облыстық бюджетке ағымдағы нысаналы трансферттер 26,0 мың теңге (төлемдерді өткізу бойынша әкімшілермен құжаттар дұрыс ресімделмеген);

Азаматтық жағдай актілерін тіркеу бөлімінің штат санын ұстауға Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне, облыстық бюджетке ағымдағы нысаналы трансферттер 5,7 мың теңге (еңбекақы төлем қоры бойынша үнемдеу).

облыстық бюджеттен трансферттер 98,6% орындалды, игерілмегені 445,1 мың теңге,оның ішінде:

Жалпы білім беру мектептерінің интернет жүйесіне қорғалатын қол жетімділікпен қамтамасыз етуге облыстық маңызы бар қалалар мен аудандар бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер 223,0 мың теңге (мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу);

Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағуға 222,1 мың теңге (бюджеттік қаражатты алушылардың нақты санының кемуі);

жергілікті бюджет 99,2% орындалды, игерілмегені 4497,3 мың теңге, оның ішінде:

 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 2033,2 мың теңге

(73,3 еңбекақы қоры бойынша үнемдеу,

820,2 мың теңге мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілмеген конкурс (бензин),

18,7 мың теңге нақты көрсетілген қызмет көлеміне төлем жүргізілді,

1089,1 мың теңге негізгі төлемді растайтын құжаттарды ұсынбау (үйлерге құжаттарды рәсімдеу),

31,9 мың теңге қажет етілмеген бюджеттік қаражат);

Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару 591,3 мың теңге бюджетті нақтылау барысында шығындарды оңтайландыру қарастырылуда;

Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 584,7 мың теңге

(16,5 мың теңгееңбекақы қоры бойынша үнемдеу,

568,2 мың теңге нақты көрсетілген қызмет көлеміне төлем жүргізілді);

Ауылдық жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру 401,5 мың теңге

(1,4 мың теңгееңбекақы қоры бойынша үнемдеу,

372,3 мың теңгееңбекақы қоры бойынша үнемдеу,

22,8 мың теңге нақты көрсетілген қызмет көлеміне төлем жүргізілді (көлікті жалға алу,

5,0 мың теңге қаражат қалдығы);

Жалпы білім беру 226,4 мың теңге

(17,5 мың теңгееңбекақы қоры бойынша үнемдеу,

54,7 мың теңге нақты көрсетілген қызмет көлеміне төлем жүргізілді,

127,7 мың теңге өнім берушілермен тауарды уақытылы жеткізбеуі,

26,5 мың теңге қажет етілмеген бюджеттік қаражат);

Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету  80,0 мың теңге

(75,1 мың теңге мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша қаражат қалдығы,

4,9 мың теңге нақты көрсетілген қызмет көлеміне төлем жүргізілді (қимыл тілі маманының қызметі));

Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 70,8 мың теңге

(2,6 мың теңгееңбекақы қоры бойынша үнемдеу,

67,0 мың теңге өнім берушілермен тауарды уақытылы жеткізбеуі,

1,2 мың теңге қаражат қалдығы);

Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 54,9 мың теңге

(53,0 мың теңгееңбекақы қоры бойынша үнемдеу,

1,9 мың теңге қаражат қалдығы);

Шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізуді ұйымдастыру 51,8 мың теңге нақты көрсетілген қызмет көлеміне төлем жүргізілді;

Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру 33,7 мың теңге

(16,3 мың теңге еңбекақы қоры бойынша үнемдеу,

17,0 мың теңге нақты көрсетілген қызмет көлеміне төлем жүргізілді (байланыс қызметі),

0,4 мың теңге қаражат қалдығы);

Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 27,7 мың теңге мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша қаражат үнемі;

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы 13,2 мың теңге жоспарланғанға қарсы бюджеттік қаражатты алатындардың нақты санының кемуі;

Үйде әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға көмек көрсету 7,1 мың теңге еңбек төлем қоры бойынша үнемдеу;

Жалпыға бірдей әскери міндеттерді орындау шеңберіндегі ісшара 1,3 мың теңге қаражат қалдғы;

Коммуналдық шаруашылықты дамыту 0,9 мың теңге қаражаттан қалдық;

Балаларға қосымша білім беру 0,2 мың теңге қаражат қалдғы;

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету 0,1 мың теңге қаражат қалдғы.

Бюджеттін игерілмегені объективті себептерге байланысты болғандықтан, бюджеттік бағдарлама әкімгерлеріне әкімшілік шара қолданылған жоқ.

 

Бюджеттің кіріс бөлігін, болжамын және перспективаларын

 толықтыру жөніндегі шаралар туралы

2016 жылға Шарбақты ауданының бюджеті Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 73 бабына, «Бюджеттік өтінімдерді жасау және ұсыну Ережелеріне» енгізілген өзгертулер, бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының құрылым ерекшелігінің өзгеруі есебімен Салықтық кодекс және нормативтік актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 шілдедегі  «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» № 827 Жарлығына сәйкес, 2014-2018 жылдарға ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және бюджеттік параметрлер негізінде 2014-2018 жылдарға дамудың кешенді жоспарларына сәйкес жоспарланып әзірленді.

2015 жылға бюджеттің кіріс бөлігі 100,3 % орындалды, бұл нақты 2501264,3 мың теңгені құрады. Меншікті кірісті асыра орындау, бір жолғы түсімдер және өткен жылғы берешекті орындау барысы есебінен 50584,0 мың теңгені құрады.

2016 жылға бюджеттің кіріс бөлігі жалпы 2987504,0 мың теңге сомасымен бекітілді, оның ішінде меншікті кірістер 492374 мың теңгені құрайды, оларға 478547,0 мың теңге салықтық түсімдер енеді, ал салықтық емес түсімдер 10642,0 мың теңгені және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 2885 мың теңгені құрайды.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында бюджетті нақтылау кезінде бюджеттің кіріс бөлігі салықтық емес түсімдерді асыра орындау есебінен  жалпы сомасы 16796 мың теңгеге ұлғайды. Екінші тоқсанда еңбек төлемінің жаңа моделі бойынша жалақының өсуі есебінен және мемлекеттік қызметкерлер жалақысының 30 %-ға өсуі, сол сияқты өткен жылғы берешектерді орындау есебінен бюджеттің кіріс бөлігінің ұлғаюы болжануда.

Бюджеттің кіріс бөлігі болжамының және перспективаларының толықтыру мақсатында 2016 жылғы 23 ақпандағы №40/2 қаулыға сәйкес болжамдық көрсеткіштерді орындауды қамтамасыз ету жөніндегі және қосымша салық және басқа да міндетті төлемдер, жергілікті бюджетке аударылатын салықтық емес түсімдер резервтерін іздестіру бойынша комиссия құрылды, сол сияқты бюджеттің кіріс бөлігін толықтыруды ұлғайтуға бағытталған шаралар жоспары қойылды;

1) Салық төлеушілер және жұмыс берушілермен жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық есептілігі бойынша толықтығын және дұрыстығын көрсететін түсіндірме әңгімелер өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы құрылды;

2) коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілері және тұрғын үйді жалға беретін,  мүліктіктік  табыс алған жеке тұлғалардың жеке табыс салығын төлеуге анықтау бойынша бірлескен іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы;

3) нақты пайдаланылатын бірақ тіркелмеген коммерциялық жылжымайтын мүлік және тұрғын үй объектілеріне, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметінде заңсыз тіркелген тұрғын үй қоры объектілеріне түгендеу жүргізуді қамтамасыз ету және ұйымдастыру және оларды кейін меншік иелерінің салығына тарту бойынша жұмыс тобы;

4) түгендеу бойынша, нысаналы мақсатта қолданылмайтын жер учаскелерін анықтау және заңдастыру және сондай учаскелер бойынша құқықтық құжаттарды олардың жер салығын есептеу үшін нысаналы мақсаттарымен сәйкес келтіру бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету және ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобы;

5) салық бойынша салықтық міндеттердің және жергілікті бюджетке мемлекеттік сатып алу субъектілерімен, «Индустриялық-инновациялық дамуды еңсеру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама», «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламалары қатысушыларымен есептелетін басқа да міндетті төлемдердің уақытында орындалуы және толықтығына талдау жүргізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс тобы;

Жұмыс топтары болжамдық көрсеткіштерді орындауды қамсыздандыру және жергілікті бюджетке аударылатын қосымша түсімдер резервтерін іздестіру бойынша сапалы жұмысты қамтамасыз етуге міндетті. 

Комиссия ай сайын атқарылған жұмыстар туралы жұмыс топтары басшыларын тыңдайды.

Сондай-ақ 2016 жылға ең маңызды перспективалардың бірі 2016-2017 жылға инвестициялық жобалар болып табылады.

2016 жылы ауданда келесідей инвестициялық жобалар жүзеге асырылады.       

         «Абай» ЖШС – «364 га аумағында Суармалы учаске құрылысы (жобаның жобалық бағасы 346,7 млн. теңге)» Жобаны жүзеге асыру мерзімі – 2016 жыл. ЖСҚ әзірленді. 2015 жылы 4 құдық қазылды, су жинақтауышқа жиналады, суару құралы жасалған, ор қазу жұмысы жүріп жатыр.

         2015 жылы «Победа» ЖШС сауу залы бар сиыр қорасының құрылысы басталды. Жоспарланған аяқтау мерзімі – 2016 жыл. 240 басқа арналған «Елочка» типті сауу қондырғысын орнату жоспарлануда. Өндірістік күші жылына 200 тонна. ЖСҚ әзірленді. Құрылғы сатып алу үшін кредит алуға  «Казагрофинанс» АҚ арқылы құжаттар әзірленуде.Жоба құны 110 млн теңге.

         2016 жылы «Gily Bulak» ЖШС «Бұлақ суын шөлмекке құйып өндіру бойынша цех ұйымдастыру» жобасы жүзеге асырылады. Меншікті қаражатқа Ресейден ауысымына 100 литрлік күші бар құрылғы сатып алынды. Қазіргі уақытта цех үшін ғимарат ресімделуде. Объектіні енгізу мерзімі – 2016 жыл. Объект бағасы АҚШ 80 доллары

2016 жылы «Победа» ЖШС етті консервілеуге арналған цехты іске қосу жоспарлануда.

Құрылғы берушімен шарт жасалды, құрылғы үшін ақша төленді. Болашақ цех үшін бұрынғы сүт блогының ғимараты қайта жаңартылуда.Жоба бағасы – 10 млн. теңге (меншікті қаражат). Құрылғының жоспарланған күші – ауысымына 150 кг.

«Абай» ЖШС бұршақталған қатты биоотын өндіретін құрылғы сатып алу үшін құжаттар әзірленуде.Қаржыландыруды «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жүргізілу жоспарлануда. Жобаның жоспарланған бағасы 30 млн. теңге. Объекті құрылысының мерзімі 2017 жыл.

«АТО Щербактинский элеватор» ЖШС көкөніс қоймасының құрылысы жоспарлануда. «ДКБ 2020» кредиттеу бағдарламасына қатысу үшін құжаттар пакеті әзірленуде. Болашақ объект үшін ғимарат бар, ол қайта жаңартылады. Құрылғыларды сатып алу жоспарлануда. Жобаның жоспарланған мерзімі – 2016-2017 жылдар. Бизнес-жоспар әзірлеуде болғандықтан, жобаның бағасы әлі анықталған жоқ.

Бұл инвестжобалар таяу жылдарда бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру бойынша маңызды перспективалардың бірі болып табылады.