Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
«2016 жылғы ветеринарлық-профилактикалық іс шаралар жоспарын орындалуы және 2017 жылға міндеттері туралы» ақпарат
Басты Қоғамдық кеңес «2016 жылғы ветеринарлық-профилактикалық іс шаралар жоспарын орындалуы және 2017 жылға міндеттері туралы» ақпарат

 

Ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын қалыптасқан жағдайға байланысты қауіпті ауруларға қатысты ветеринарлық-профилактикалық іс шаралар өткізіледі.

2016 жылы профилактикалық шаралар жоспарына сәйкес ауыл шаруашылық жануарларына 100% екпе егілді: сібір жарасына қарсы: ІҚМ-4900 бас, ұсақ қара мал -35500 бас, 4700 бас жылқы, 11850 бас шошқа, 5400 бас ІҚМ –ға, 3000 бас ұсақ қара малға, 400 бас жылқыға, 300 бас итке, 100 бас мысыққа құтыруға қарсы; Сап (маллеинизация)- 4500 бас; Эхинококкоз плотоядных – 1750 бас; құс тұмауы -427600 бас ; 4900 бас ІҚМ, 3600 бас ұсақ қара мал, 300 бас жылқы, 2200 бас шошқаға Пастереллезге қарсы; 2900 бас ҰҚМ-ға оспа; 3600 бас брадзот; 34700 бас ІҚМ эмкар; 4300 бас ІҚМ-ға, 3000бас ұсқ малға, 2450 бас жылқыға, 3300 бас шошқаға лептоспироз; 3000 бас ІҚМ-ға, 3900 бас ұсақ қара малға, 800 бас шошқаға листериоз.

36466 бас ІҚМ-ға (73 бас ауру мал анықталды), 54284 бас ұсақ малға, 40 бас жылқыға, 3900 бас шошқаға, 50 бас итке бруцеллезге диагностикалық тексеру жүргізілді. Ауру малдар анықталған жоқ.

ИФА бруцулезді анықтау үшін 7110 бас ірі қара мал төліне тексеру жүргізілді, 1 бас ауру мал анықталды.

Бруцеллез ауруы анықталған барлық жануарлар ет өңдейтін өнеркәсптерге тапсырылды.

047 бағдарламасы бойынша «Алып қоюсыз зарасыздандырылған, жұқтырылданған және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат құнын иелеріне өтеу», адам және жануарлар саулығы үшін қауіп төндіретін. Бруцеллез ауру жануарлар санитарлық мал союға жіберіліп 2016 жылы иелеріне 8 887 000 теңге (50 пайызға дейін) құны төленді, (2015 жылы 82 бас ІҚМ, 24 бас ұсақ мал, 2016 жылы 41 бас ІҚМ).

48500 бас (100%) ІҚМ-ға туберкулезға қарсы аллергиялық тексеру жүргізілді олардың ішінде Орловка ауылдық округінде бір бас ПДД туберкулинге оң реаксия берді; 12000 бас шошқаға жүргізілді (100%).

Жергілікті бюджеттен АЖС базасы үшін 2 080 000 теңге бөлінді, КазАгроМаркетингпен келісім шарт түзілді. Ауыл шаруашылық жануарларына сәйкестендіру жоспарына сәйкес 2016 жылы 10 000 бас ІҚМ, 11000 бас ұсақ мал, 1000 бас жылқы, 3950 бас шошқа сәйкестендірілді.

АЖС базасымен электронды шаруа қожалықтарының кітабының 2017 жылғы 15 наурыздағы айырмашылығы:

ІҚМ: 1335 бас (+4%)

Жылқы: 1063 бас (+18%)

Шошқа: 387 бас (+5%)

Ұсақ мал -479 басты құрайды (-2%)

2016 жылы «Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 007 бағдарламасы бойынша «Иесіз иттермен мысықтарды аулау және жоюды ұйымдастыруға 1 461 000 теңге бөлінді. 2016 жылы «Шарбақты ауданының ветеринарлық стансасы» ҚМК ПХВ –мен келісім шарт жасалды. 100 пайызға игерілді, Шарбақты ауданы бойынша 914 ит атылды.

2016 жылы қаңтарда Шарбақты ауылы Ленина көшесі 6 үйде ІҚМ (2 бас ІҚМ) құтыру ауруы шықты. 2016 жылы Шарбақты ауылдық округі Шарбақты ауылында ауылшаруашылық жануарларында құтыруды жою бойынша ветеринарлық-санитарлық және санитарлық- эпидемиологилық шаралар жоспарын өткізу және шұғыл жоспары әзірленді. Қойылған шектеулер алынып тасталды.

Ауданда кадастрға сәйкес 10 сібір жарасының ошағы тіркелген, солардың ішінен 9-ы қорымдары бар (олардың барлығы анықталған). Сібір жарасы қорымдарының шекараларын белгілеу және топографилық картаға енгізу жөніндегі жұмыстары барлық 9 қорымға аяқталды. Барлық 9 қорым қоршалған, жер кадастрына сәйкес, сонымен бірге барлық жер телімдері рәсімделген және мемлекеттік актілер алынған.

Шарбақты ауданыны аумағында 33 мал көму шұңқырлары бар. Олар «Шарбақты ауданының ветеринария стансасы» ҚМК ПХВ-ға рәсімделеген, 29-на жер телімдеріне мемлекеттік актілері бар.

2017 жылғы 1 жартыжылдыққа белгіленген міндеттер: барлық мал қорымдарын қоршау жоспарланып отыр. Бөліммен 2017-2019 жылдарға әрбір ауылдық округте мал көму шұңқырлары және ветеринарлық бөлімшелер құрылысына арналған үш жылдық жоспар әзірленді.

2017 жылға ветеринарлық-профилактикалық шаралар жоспары әзірленді және бекітілді. Ауылдық округтердің ветеринарлық дәрігерлерімен 2017 жылғы бірінші жартыжылдыққа арналған ветеринарлық-профилактикалық іс шаралар жоспары 100%-ға орындау міндеттелген. Жоспарға сәйкес ауылдық округ ветеринарлық дәрігерлермен жануарларды диагностика және вакцина жасау үшін күнделікті жүргізіледі.

«Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі» ММ БАҚ арқылы және аудан тұрғындарымен азаматтар жиналыстарына қатысу, қасапхана алаңының құрылысы, құс және жануарлардың жұқпалы ауруларға қарсы іс шаралар, ауылшаруашылық жануарларды сәйкестендіру және оларды сақтау ережелері жөнінде мақала жарияланады әрі түсініктеме жұмысы жүргізіледі.

 

 

«Шарбақты ауданының

ветеринария бөлімі» ММ

басшысы М. Жиенбаев