21 Сентября
, 05:09
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шарбақты ауданында 2017 жылғы көктемгі егістік жұмыстарына дайындық барысы туралы ақпарат
Басты Қоғамдық кеңес Шарбақты ауданында 2017 жылғы көктемгі егістік жұмыстарына дайындық барысы туралы ақпарат

2017 жылғы көктемгі-егістік жұмыстарына дайындық бойынша ауданның ауыл шаруашылық тауарөндірушілерімен келесі жұмыс атқарылды.

Шарбақты ауданы бойынша ауыл шаруашылық дақылдарының егістік алқаптарының болжалды құрылымы – 127911 га құрайды, оның ішінде: дәнділер және бұршақты дақылдар – 98251 га (бидай – 68739га, арпа - 13819га, сұлы – 960га, тары – 5620га, қарақұмық – 7200га, күздік қарабидай – 593га, бұршақты дақылдар – 400га, астыққа арналған жүгері – 500га, масақтылар қоспасы - 420га), майлы дақылдар –17780га (күнбағыс – 17780га), жем-азық дақылдары – 11409га (сүрлемге арналған жүгері – 3209га, біржылдық шөптер – 5800га, көпжылдық шөптер – 2400га), картоп – 350га және көкөніс – 121га (тұрғындар).

2017 жылғы астыққа 20,4 мың га алқапта бу өңделді. Сүдігер жырту – 20,2 мың га. 50,0 мың га жалпы алқапта қар тоқтату жұмыстары жүргізлді.

2017 жылғы көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізуге «Рассвет» Несие Серіктестігі ЖШС арқылы 50,7 млн. теңге алынды, жалпы сомасы 12,95 млн. теңгеге өтінімдер қаралуда.

2017 жылғы астыққа ауданның ауыл шаруашылық тауарөндірушілерімен ауыл шаруашылық дақылдарының 10844 тонна тұқымы құйылды, оның ішінде: бидай - 8249, арпа - 1658 тонна, сұлы - 96 тонна, тары - 112 тонна, қарақұмық - 290 тонна, бұршақты дақылдар - 46 тонна, қарабидай – 71 тонна, күнбағыс – 178 тонна, судан шөбі – 116 тонна, еркекшөп – 18 тонна, эспарцет – 6 тонна, түйежоңышқа - 3 тонна.

Зерттеу жүргізудің жоспарына сәйкес «Казагрэкс» АҚ ПФ Шарбақты аудандық зертханасына толық ажырату үшін – 7041 тонна ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымы қабылданды, 7041 тонна тұқым тексеруден өтті. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде 1 класс тұқымы - 4236 тонна, 2 класс – 1836 тонна және 3 класс - 969 тонна анықталды. Тұқымдар толық талдауға қабылдануда.

Сорт жаңарту және сорт алмастыруды жүргізу үшін ауданның ауыл шаруашылық тауарөндірушілері аттестатталған тұқым өндірушілерінен 90 тонна жоғары көбейтілген тұқым сатып алды.

Топырақ құнарлылығын сақтау және ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығын арттыру үшін ауыл шаруашылық тауарөндірушілерден 632 тонна минералды тыңайтқыштар және 36,6 мың литр гербицидтер сатып алуға өтінім түсті.

Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдау мақсатында, топырақ құнарлылығын сақтау және ауыл шаруашылық дақылдарының

шығымдылығын арттыру үшін облыс бюджетінде аттестатталған тұқым өндірушілерден нақты сатып алынған бірінші көбейтілген майлы дақылдар, көпжылдық және біржылдық шөптер, арпа, жүгерінің бірінші ұрпақ будандары, күнбағыс тұқымдарын, ағымдағы жылы және алдыңғы жылғы 4 (төртінші) тоқсанда сатып алынған минералды тыңайтқыштар мен гербицидтердің шығындарын өтеу үшін қаржы ескерілген.

Көктемгі-егістік жұмыстарына қатысу үшін машина-техникалық паркінің саны 2513 бірлікті құрайды, оның ішінде: егу кешендері – 7 бірл., трактор – 1195 бірл., ауылшар. құралдары – 1288 бірл.,

2017 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша техниканың егістік жұмыстарына дайындығы 100% құрайды.

Егістік алқапқа арналған бекітілген шығыс нормасына сәйкес Шарбақты ауданына 1915 тонна арзандатылған ЖЖМ бөлінді. «Пром Сервис РV» ЖШС арқылы дизель отынын жеткізу жоспарына сәйкес ЖЖМ іріктеу наурызға 453 тоннаны құрады, сәуір – 774 тонна, мамыр – 718 тонна. Оператор қызметтерін ескере отырып, ауыл шаруашылық тауарөндірушілері үшін ЖЖМ босату бағасының литрі/129 теңгені құрайды, бұл нарық бағасынан 16% төмен.

Павлодар АШҒЗИ ұсынымы бойынша 2017 жылғы егудің оңтайлы мерзімдері:

- күнбағыс 5 мамыр және 20 мамыр аралығында;

- асбұршақ - 10-15 мамыр

- картоп отырғызу - 3-17 мамыр;

- жаздық бидай – 20 – 30 мамыр

- арпа – 25 - 30 мамыр;

- сұлы – 22 - 27 мамыр;

- тары – 25 - 30 мамыр;

- қарақұмық - 28 мамыр - 3 маусым;

- судан шөбі – 27 - 31 мамыр

- күздік қарабидай – 20 тамыз-10 қыркүйек

- сүрлемдік жүгері – 10 – 20 мамыр

- ерте көктемде пісетін еркекшөпті сәуірде егу

- кеш жазда пісетін еркекшөпті егу – 10-25 тамыз

Сапалы тұқымдармен ұсынылған егу мерзімдері мен нормаларын сақтау, басқа да агротехникалық іс-шараларды өткізу шығымдылықты арттыруға және көктемгі-егістік жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізуге ықпал етеді.

 

«Шарбақты ауданының кәсіпкерлік

және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ

басшысы Қ.Омаров