22 Сентября
, 12:29
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шарбақты ауданы әкімі Б.Ж.Ыбыраевтың ауданның қоғамдық кеңес алдында 2016 жылы әлеуметтік-экономикалық даму қортындысы бойынша есебі. (19.01.2017ж.)
Басты Қоғамдық кеңес Шарбақты ауданы әкімі Б.Ж.Ыбыраевтың ауданның қоғамдық кеңес алдында 2016 жылы әлеуметтік-экономикалық даму қортындысы бойынша есебі. (19.01.2017ж.)

 

Құрметті қоғамдық кеңес мүшелері

және қатысушылар!

 

2016 жыл елімізде маңызды оқиғаларға толы болды. Ең маңыздысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын атап өттік. Елбасының бастамашылығымен Қазақстанда бейбітшілік пен ұлтаралық келісім тұрақты сақталуда, «Казақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру жолында, біз  дамудың жаңа саяси бағытына бет бұрдық. Оның ішінде, Шарбақты ауданының да тәуелсіз мемлекеттің даму жолында қосқан үлесі мен қол жеткізген жетістіктері баршылық.

Бүгін сіздердің алдарыңызда 2016 жылы ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы есебін ұсынуға рұқсат етіңіздер.

 

Құрметті қоғамдық кеңес мүшелері

және қатысушылар!

 

        Елбасының бастамашылығымен барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беруі,  қоғамды демократияландыру,  халықтың бірлігін нығайту, азаматтардың қоғамдық белсенділігін  арттыру, әлеуметтік-экономикалық үдерісті одан әрі дамыту жолында маңызды қадамы болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жылсайын Жолдауы еліміздің қол жеткізген жетістіктерін талдау негізінде, келешекке жоспар құру, ең бастысы ортақ мақсатқа жету жолында бірігіп дұрыс таңдау жасау: мемлекетіміздің даму тұрақтылығы мен табыстары, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға негізделеді.

         Аймағымызда  қоғадық-саяси жағдай тұрақты, біздің ауданныы әлеуметтік-экономикалық дамуы жергілікті атқарушы органдарының қызметінің негізгі басымдықтары болып саналады.

        2016 жылы тұрғындардың табысын одан жоғарылату, жұмыссыздық деңгейін төмендету және толық көлемде мемлекеттік әлеуметтік міндеттерді орындауды қамтамасыз ету жөнінде өзекті мәселелер жүзеге асырылды.

        Біздің алдымызда белгіленген Елбасының ең басты міндеттері – 2050 жылға дейін әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін халқымыз бір отбасы секілді қуатты гүлденген Қазақстанды құру жолында атсалысуда.

        Оның ішінде, біз шарбақтылықтар даму жолында белгіленген бағдарламаларды жүзеге асыру, жылдан жылға қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту үшін әркім өз үлесін қосуда.

        Жыл сайын әкімдердің тұрғындар алдында есептік кездесу өткізуі және атқарылған жұмыс қортындысын шығару және келешекке жоспар құру дәстүрге айналды.

        Шарбақты ауданында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жүйелі жұмыс жүргізіледі және 2015 жылдың қортындысы бойынша жағымды өрісі байқалуда.

          Ауыл шаруашылығы

Президентіміз әсіресе ауыл шаруашылық өнімдеріне сұраныс бар кезде ауыл шаруашылығын түбегейлі түрде үнемі жаңғырту қажеттігіне назар аударуды атап өтті.

2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы табысы (жедел деректер бойынша) 13730,9 млн.теңге, 2015 жылғы өткен кезеңмен салыстырғанда таза табыс көлемі 113,6% құрайды.

Жалпы астық өнімі 90,1 мың тонна (2015 жыл -53,3 мың тонна), 2015 жылмен салыстырғанда 169,0% құрайды. Астық өнімділігі (өңдеуге дейінгі салмағы) 9,5 центнер гектарына, 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда 153,2% (2015 жыл-6,2ц/га).

Жедел деректерге сәйкес  2016 жылғы 1 қаңтарға дейін ірі қара мал басы 34,8 мың (88,8%),  оның ішінде сиыр 12,8 мың бас (102,2%), қой-ешкі -29,4 мың бас (188,0%), жылқы -6,0 мың бас (105,7%), шошқа – 9,8 мың (100,0%) бас, құс -429,8 мың (91,6%) бас.

6249,8 тонна (103,7%) ет өндірілді, 33319,2 тонна (100,4%) сүт, 81810,5 мың дана жұмыртқа (99,8%) өндірілді.

Ауданда қайта өңдейтін 18 объекті жұмыс істейді, оның ішіндле 2 диірмен, өсімдік майын өндіретін 1 цех, 10 наубайхана, 1 жармажарғыш, жартылай ет өнімдерін дайындайтын 2 цех, ет консервілерін әзірлейтін 1 цех, жүнді қайта өңдейтін 1 цех  жұмыс істейді. Орловка ауылында консервіні қайта өңдейтін цех ашылды.

2016 жыл басынан бастап қайта өңдеу объектілерімен нан және нан-тоқаш өнімдері-895,0 тонна (99,5%), күнбағыс майы - 0,7 тонна (87,5%), жарма -3690,0 тонна (2,7 есе артық),  шұжық өнімдері – 11,1 тонна (92,5%), еттен жасалған жартылай фабрикаттар - 11,9 тонна (100,0%),  ұн – 308,4 тонна (342,7%) өндірілді, жалпы сомасы 249,2 млн.теңге 2015 жылмен салыстырғанда (52,2%).

Ауданда 24 дайындау пункті бар, оның ішінде 13-ет дайындау, 9- сүт сатып алу, 2- тері сатып алумен айналысады. 3008 тонна ет (100,2%), 300091 тонна сүт (100,0%), 25108 дана тері (100,0%) дайындалды.

2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда өндіріс өнімінің көлемі 6136,6 млн.теңге өткен жылмен салыстырғанда 103,9% құрайды.

 

Инвестиция

2016 жылғы қаңтар-қарашада меншік құрылымындағы барлық кәсіпорындар және ұйымдармен негізгі капиталға 1940,3 млн. теңге немесе 101,4% инвестиция құйылды.

2017 жылғы 1 қаңтарға дейін ауданда 731 бірлік жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді, оның ішінде 487 жеке кәсіпкер, 203-шаруа қожалықтары, 41- жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері немесе   өткен жылмен салыстырғанда 112,6%7

Жұмыс істейтіндер саны -3359 адам (103,7%).

Олар 6630 млн.теңге немесе 101,6%-ға өткен жылмен салыстырғанда  өнім өндірілді, жұмыс істеп қызмет көрсетті.

        Ауданда 131 сауда объектілері, 14 қоғамдық тамақтану және 116 қызмет саласындағы объектілер жұмыс істейді.

2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда бөлшек тауарайналымы 4396,7 млн.теңге немесе 101,7%.

Олар 5987,3 млн.теңге немесе 103,1%-ға өткен жылмен салыстырғанда  өнім өндірді, жұмыс істеп қызмет көрсетті.

Бюджет

Өткен қаржы жылы бойынша түзетілген бюджет көлемі 3593,8 млн.теңге, оның ішінде   бюджеттік трансферттердің жалпы көлемі 81,4% құрайды немесе 2925,8 млн.теңге, оның ішінде субвенциялар – 1733,9 млн.теңге.

Есептік кезеңде бюджетке 560,9 млн.теңге қаржы құйылды, жоспар бойынша 550,6 млн.теңге немесе 101,9%.

Бюджеттің шығыс бөлігі 98,4%-ға орындалды, жоспар бойынша 3284,9 млн.теңге, нақты орындалғаны 3232,6 млн.теңге.

Құрылыс және жолдар

 

Шарбақты ауданы бойынша жалпы қолданыстағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының арақашықтығы 429,4 км құрайды, оның ішінде  63% аудандық, қалғандары республикалық  және облыстық маңызы бар жолдар.

2016 жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу үшін аудан бюджетінен бөлінген 21,8 млн.теңге игерілді.

Ауылдық елді мекенді кенттерде автомобиль жолдарын қолдануды қамтамасыз ету үшін 2016 жылы 45,3 млн.теңге бөлінді.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Тұрғындардың 50% артық тұратын 6 ауылдық елді мекенді кенттерде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін қолданады. Ауданда суқұбыры желісінің жалпы арақашықтығы 138,114 км. 2016 жылы Хмельницкий ауылында 7000,0 мың теңгеге су құбыры жөнделді.

Жұмыспен қамту

        2016 жылғы 1 желтоқсанға дейін жұмыспен қамту бөлімінде 69 жұмыссыз тіркелген (113,1%). Экономикалық белсенді тұрғындардың ішінен тіркеуге алынған жұмыссыздардың үлесі 0,5% (2015ж. -0,6%).

        2016 жылы 1 желтоқсанға дейін 529 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 194 тұрақты және 335 уақытша жұмыс орындары құрылған.

        2016 жылы 529 азамат, оның ішінде «ЖЖК-2020» бойынша 18 азамат жұмысқа орналастырылды.

2016 жылы қаңтар-желтоқсанда «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы бойынша  жұмыссыздар арасынан 248 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді 2015 жылмен салыстырғанда 100,0%.

2016 жылы «Кәсіптік дайындық және қайта дайындық» бағдарламасы бойынша жұмыссыз 10 азамат «тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы бойынша кәсіптік оқудан өтті және тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Жалпы сомасы 910,1 мың теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. 47 отбасына (оның ішінде -117 бала) 1648,8 мың теңге балалар жәрдемақысы тағайындалды.

2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте бір жұмыскердің орташа еңбекақысы 3,3% -ға артты, өткен жылғы кезеңге сәйкес 79795 теңгені құрайды.

 

«Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасын жүзеге асыру

Инфрақұрылымды 1 жобаларды жүзеге асыру тізбесіне ауданда  жалпы сомасы 316,2 млн.теңгеге 22 объекті іске қосылған (АБ-282,1 млн.теңге, ЖБ-34,1 млн.теңге). Конкурс қортындысы бойынша жобалардың бағасы 236,1 млн.теңге. 30.12.2016ж. дейін 156, оның ішінде ЖЖК қатысушылар үшін 80 жұмыс орны құрылды.

Бағдарламаға 33 қатысушыға 87,2 млн.теңге, оның ішінде жеке істерін ашуға 15 жоба бойынша 25,7 млн.теңге, бизнесті дамыту үшін 18 жоба бойынша 61,5 млн.теңге несие берілді. Бизнесті жаңа бастаған 22 қатысушыға кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өтті.

«Токарь және металл өңдеуші» мамандығы бойынша 6 адам кәсіптік қайта даярлаудан өтті. «Электр және электр механикалық құрал-жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша 5 адам кәсіптік оқудан өтті және тұрақты жұмысқа орналастырылды.

8 келісім шарт бекітілді және бағдарламаға қатысушы 25 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.

ТЖКо және ЖОО бітірген 18 түлектерге жастар практикасынан өту ұйымдастырылды, жоспар бойынша 17.

 

Білім беру

         Ауданда 26 жалпы білім беретін мектеп, Шарбақты аграрлы-техникалық колледжі бар, Хмельницкий ауылында көмекші түзету мектеп-интернаты жұмыс істейді.

Шарбақты ауылында «Радуга» мектептен тыс атқарылатын істер орталығы, балалар спорт мектебі және музыка мектебі, отбасы үлгісіндегі балалар үйі жұмыс істейді.

Мектепке дейін білім беру жүйесінде 5 бала-бақшада 316 орын, оның ішінде және ауылдағы жалпы орта білім беретін мектеп жанында 447 орын 19 шағын орталық бар. Мектепке дейінгі білім беруге 1-ден 6-жасқа дейін жалпы саны 86,2%, 2 жастан 6 жасқа дейін 95% және 3 жастан 6 жасқа дейін -100% бала қамтылған.

2016 жылы ҰБТ-дан орташа 82,03 балл, 2015 жылы 76,44 балл, нәтиже 5,6 баллға  жақсарды.

ЖЖК-2020 бағдарламасы аясында ауданның 4 мектепте күрделі жөндеу (Александровка, Жаңа-Ауыл, №3 ЖОМ, №2 ЖНМ) мектептеріне 83,818 млн.теңгеге күрделі жөндеу, «Чайка» сауықтандыру лагеріне 50,193 млн.теңге күрделі жөндеу жүргізілді. Ауданның барлық мектептерінде 11 млн.теңгеге жылы әжетхана орнатылды.

 

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласындаШарбақты орталық ауруханасы жұмыс істейді ауруханада тәулікбойы науқастарға арналған 37 кереует орын,  63 кереует орын күндізгі стационар, ауысымына 200 адамды қабылдайтын емхана, 5 дәрігерлік амбулатория және 21 медициналық пункті, 32 дәрігер және 91 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді.

Ауданда ана өлімі тіркелген емес. Туберкулез ауруы бойынша көрсеткіш 2015 жылғы деңгейде қалып отыр. Туберкулезден қайтыс болғандар тіркелген емес. Жаңа дан пайда болған қатерлі ісік ауруының 19,6%-ға төмендегені байқалуда.

 

Мәдениет және спорт

Мәдениет саласында 43 мекеме жұмыс істейді оның ішінде: 19-клуб мекемесі, 21-кітапхана, 2-көшпелі мәдени-сауық кешені және тарихи-өлкетану мұражайы қызмет көрсетеді.

        2016 жылғы қаңтар-қарашада ауданда 1000-ға жуық мәдени-сауық және спорт шаралары өткізілді.

         Ауданда дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін 186 спорт құрал-жабдықтары бар. Ауылдарда, БЖСМ-нің 8 спорт филалы  жұмыс істейді.

        Ауданның барлық ауылдық округтерінде хоккей алаңы дайын, жазғы кезеңде стадиондар бар.

        Ауданда 41 дене шынықтыру ұжымында 6095 адам спортпен айналысады. Сонымен қатар 4351 адам спорт секцияларына қатысады, жалпы тұрғындардың 30,6% құрайды.

        Ауданның барлық ауылдық округтерінде хоккей алаңы дайын, жазғы кезеңде стадиондар бар.

        2016 жылы ЖЖК-2020 аясында жалпы сомасы 71,703 млн.теңге Жаңа-Ауыл, Сосновка, Жылы-Бұлақ, Чигириновка, Красиловка, Алексеевка, Хмельницкий, ауылында Шарбақты № 2 ЖНМ жасанды жабындысымен бірге 8 футбол алаңы орнатылды. Сынтас ауылды мәдениет үйіне 31,484 млн.теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді, Қарабидай және Галкино ауылдық мәдениет үйлеріне жалпы сомасы 16,363 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу, 7,218 млн.теңгеге денешынықтыру-сауықтыру кешенінен бассейні жөнделді. 2016 жылы шілдеде № 3 ЖОМ аумағында шағын футбол алаңына жергілікті бюджеттен 6,200 млн.теңге шағын футбол алаңы ашылды.

 

Құрметті шарбақтылықтар!

 

Баяндаманы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Келе жатқан күрделі кезең біз үшін еңсеру кезеңі болады. Біз жаңа жаһандық дағдарысты міндетті түрде жеңеміз. Бұл үшін бізде біртұтас ерік-жігер, халық бірлігінің берік дәстүрлері бар» деген сөздерімен аяқтағым келеді.

Назарларыңызға рахмет. 

 

Дорогие щербактинцы!

 

Положительные результаты, которых добился наш район в 2016 году, стали возможными благодаря слаженной работе, сплоченности и трудолюбию всех жителей нашего района.

Нурсултан Абишевич Назарбаев в своем Послании к народу Казахстана отметил: «Впереди — большая и ответственная работа. Чтобы пройти глобальный экзамен на зрелость, мы должны быть сплоченными. Мы должны крепить доверие между всеми казахстанцами! Быть толерантными друг к другу! Это ключи к будущему Казахстана».

Главной задачей на предстоящий год остается рост социально — экономических показателей и до конца текущего года будут предприняты все исчерпывающие меры по реализации всех государственных и отраслевых программ развития района.

И я уверен, что наш район и впредь будет наращивать объемы по всем направлениям социальной и экономической жизни района.

Сейчас от всех государственных органов, общественных институтов и граждан будут востребованы слаженность действий, настойчивость, креативность и упорство. Нам необходимо принять самое активное участие в реализации Плана нации и проведении реформ, пользоваться теми возможностями, которые они открывают. Мы будем уверенно добиваться нашей казахстанской мечты и процветания Казахстана!

 

Назарларыңызға рахмет.