Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Қоғамдық кеңестің алдында аудандық мәслихат хатшысының есебі
Басты Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңестің алдында аудандық мәслихат хатшысының есебі

 

Құрметті төралқа!

Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!

 

         Мемлекеттік өкіметтің жалпы жүйесінде мәслихаттардың рөлі және орыны анықталған, олардың өкілеттіліктері бірталай кеңейтілді және, аймақтық міндеттерді шешу үшін халықпен сайланатын органдар ретінде, олар жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі болып табылады .            

         Шарбақты аудандық мәслихаттың жұмысы 2002 жылғы 5 ақпандағы №55/18 II сайланымның Шарбақты аудандық мәслихаттың XVІІІ сессияның шешіммен бекітілген, «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне  және 2015 жылғы 17 қыркүйектегі №228/64 Шарбақты аудандық мәслиханының шешіммен бектілген, Шарбақты аудандық мәслихаттың регламентіне сәйкес ұйымдастырылды.

         Аппараттың негізгі мақсаты аудандық мәслихаттың, оның органдардың және депутаттардың қызметін ұйымдастыру болып табылады.

         2016 жылы барлық деңгейдегі депутаттардың сайлауы өтті, осылайша  Шарбақты аудандық мәслихаттың депутаттық корпусы 67% жаңартылды, 50% әйелдер құрастырады.

         2016 жылы 20 сессия өткізілді,  62 шешім қабылданды.  ҚР «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, құқықтық нормаларын  белгілейтін,  сессияның 12 шешімі, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді өтті және мемлекеттік нөмірі беріліп, мемлекеттік тізіміне енгізілді,  бір шешім тіркеуде жатыр. Тіркеуде бас тарту және кері шақыру тіркелмеген.  

         Өткен сессияларында депутаттар 2016-2018 жылдарға аудан бюджетіне өзгерістер мен толықтыруларды бекітті,  әлеуметтік сфераның мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын беру, 2015 жылға аудан бюджетін орындау туралы сұрақтарды,  ауданды басқару схемасын,  жер учаскелерін толық жоспарлаудың жобасын және ауылдарды дамыту және салу схемасына енгізілген өзгерістерді қарастырды, аудан аумағын дамыту бағдарламасына енгізілген өзгерістерді қабылдады.

         Мәслихатта жоспарға сәйкес 2 тұрақты комиссия құрылды және жұмыс істейді – заңдылық және әлеуметтік саясат сұрақтары бойынша (комиссия төрағасы Қ.Х. Ибрагимова) және ауданның бюджеті және әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша (төрағасы В.Г. Лямцев).

         Мәслихаттың сессиясында қарастырылған, маңызды сұрақтардың бірі, ауданның бюджеті болып қалады.  Бюджеттік қаражаттың көп бөлігі халықтың әл-ауқатының өсуіне бағытталған,  мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруына икемделген.

         Аймақтарды дамыту басым бағдарламаларын жүзеге асырумен байланысты сұрақтарды шешуге көмектесу, депутаттық қызметтің негізгі бағыттың бірі болып табылады.

         ТКШ, абаттандыру сұрақтарын шешуде қатысу, мәслихат қызметінің бөлінбес бөлігі болып табылады. Депутаттар абаттандыру бойынша сенбіліктеріне белсенді қатысты, Шарбақты ауданның тұрғындарына үндеуді қабылдады.

         2016 жыл бойы «Жұмыспен қамту  2020» жол картасы бойынша әлеуметтік сфера объектілерін жөндеу жұмыстарын орындау барысы, от жағу маусымға дайындалу, депутаттық корпустың үнемі бақылауында болды.

         Жазғы демалыста оқушыларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін депутаттар жұмыс орындарды жасауға көмектесті, оқу мекемелердің өкілдерімен  берге, аудан мектептерінде ұйымдастырылған,  мектеп іргесіндегі лагерьлерге барып шықты.  

         Аудандық мәслихат депутаттары – Президент саясатының белсенді таратушылары.  АНТ мүшелері болып, олар ҚР заңнамасында өзгерістер бойынша, мемлекеттік бағдарламалар бойынша 30 астам түсіндіру кездесулерді өткізді. Ауданның халығымен кездескенде барлық әлеуметтік страталар қамтылды.

         Кездесулерде сайлаушылар өз мәселелерін және тілектерін айтты. Кездесулердің нәтижесінде,  депутаттардың әрқасысымен сайлау округтер бойынша күрделі сұрақтардың тізімі құрастырылды . Қызметтің барысында күрделі сұрақтар шешілді,  шешімді күтетін сұрақтар, үнемі бақылауда тұр.

         Сайлаушылардың өтініштерімен жұмыс – депутаттық қызметтің маңызды құрамдас бөлігі.

         Азаматтардың өз құқықтарын жүзеге асыру үшін жағдайларды жасау, мәселелерді анықтау мақсатында, кейін атқарушы органдарға депутаттық сауалдарды дайындаумен, депутаттар үнемі өз сайлаушылармен кездеседі. Бекітілген кестеге сәйкес,   жыл бойы депутаттар – «Нұр Отан» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың қабылдауын өткізеді.

         2016 жылға аудандық мәслихаттың депутаттарына 33 адам өтінішпен келді, өтінішпен келгендердің жалпы санынан 16 өтініш немесе 48% оң болып шешілді.

         Депутаттарға қойылған сұрақтар, негізінде тұрмыстық-коммуналдық және әлеуметтік жағдай туралы қойылды.

         Осы жыл мерекелік күндерге  бай болды. ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  депутаттардың тікелей қатысуымен және демеушілік көмегімен Есілбай ауылында «Мәңгілік Ел» стелла тұрғызылды – Қ.М. Машенов, Александровка ауылында кішкентай шіркеу – Е.Т. Арбиев, Галкино ауылында мешіт салынды – М.Т.Қолтаев. Үлкен демеушілік көмекті аудандық мәслихаттың депутаты  В.Г. Лямцев көрсетеді. 

         Барлық депутаттар «25 жұлдызды күн» акцияда белсенді қатысты. Жылдың аяғында депутаттар волейбол бойынша жарысты өткізу бастамамен шықты және  ҚР тәуелсіздік күніне арнап ауыспалы кубок ұйымдастырды.  

         Депутаттардың қызметі аудандық «Трибуна» және «Маралды» газеттерінде жарықтандырылады.  Аудандық мәслихаттың ресми сайты  жасалды, онда органның барлық қызметі көрсетілген.   

         Мәслихат депутаттарының жұмысы, біздің тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуына және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының тиімділігін  көтеруіне бағытталған,  ірі және шағын істерден тұрады. Мәслихаттың депутаттық корпусы,  заңнамамен ұсынылған, өкілеттілігін тиімді пайдаланып, мемлекетіміздің Президенті Н.Назарбаевтің стратегиясын қолдайды, аудан халығының игілігіне атқарушы өкіметпен бірге бұрыңғыдай өз қызметтерін жалғастырады және арттырады.