Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
2017 жылы қаңтарда өткізілген Шарбақты ауданының қоғамдық кеңес отырысы туралы ақапарат
Басты Қоғамдық кеңес 2017 жылы қаңтарда өткізілген Шарбақты ауданының қоғамдық кеңес отырысы туралы ақапарат

2017 жылы 19 қаңтарда ауданның қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Төлеген Ғаббасұлы Әбдрахмановтың төрағалығымен қоғамдық кеңес отырысы өткізілді.

         Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

         1. Шарбақты ауданының әкімі Балғабай Жұмағұлұлы Ыбыраевтың 2016 жылы Шарбақты ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасы.

         2. Аудандық мәслихаттың хатшысы С.В.Шпехттың 2016 жылы атқарылған жұмысы туралы қосымша баяндамасы.

         3. Ауданның қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Төлеген Ғаббасұлы Әбдрахмановтың 2016 жылы атқарылған жұмысы туралы қосымша баяндамасы.

         4. Ауданның қоғамдық кеңесінің 2017 жылға арналған Жұмыс жоспарын бекіту.

         Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Шарбақты ауданының әкімі Балғабай Жұмағұлұлы Ыбыраевтың 2016 жылы Шарбақты ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасы тыңдалды (Баяндама қоса берлді).

         Аудан әкімінің баяндамасынан кейін Әбдрахманов Т.Ғ. – қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары сұрақ қойды:

         Азық-түлік дүкендерінде, дәріханаларда әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның дереу өсуіне жол бермеу үшін қандай шара қолданылуда?

         Жауап: ауданда дағдарысқа қарсы әзірленген Шаралар жоспары бар, сонымен қатар құрылған Штаб жұмыс істейді.Сонымен қатар осы мәселе нәтижелі болу үшін кәсіпкерлермен және БАҚ арқылы осы бағытта жұмыс жүргізу қажет. Нарық  өз жұмысында бәсекелестік ортаны құру керек.

         2-ші мәселе бойынша аудандық мәслихаттың хатшысы С.В.Шпехттың 2016 жылы атқарылған жұмысы туралы қосымша баяндамасын тыңдалды (қосымша баяндама қоса берілді).

         Аудандық мәслихат хатшысына Әбдрахманов Т.Ғ. – қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары сұрақ қойды:

         Кәсіподақ ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени бірлестіктерімен депутаттық корпусының жұмысы қалай қойылған?

         Жауап: «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалымен бірлесіп есептік кезеңде  жұмыс жүргіздік,  келешекте  депутаттар азаматтық қоғамдағы өзге мекемелерімен белсенді жұмыс істейді.

         3-ші мәселе бойынша ауданның қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Төлеген Ғаббасұлы Әбдрахмановтың 2016 жылы атқарылған жұмысы туралы қосымша баяндамасы тыңдалды (қосымша баяндама қоса берілді).

         Т.Ғ.Әбдрахмановқа сұрақ қойылған емес.

         Аудан әкімінің есебі, аудандық мәслихат хатшысы және ауданның қоғамдық кеңес төрағасы орынбасарының қосымша баяндамалары мәліметке алу туралы Қаулы қабылданды.

         Осы қабылданған шешім бойынша ауданның қоғамдық кеңес мүшелері бірауыздан дауыс берді.

         4-ші мәселе бойынша Ауданның қоғамдық кеңесінің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бірауыздан қабылданды.

 

        

Шарбақты аудандық қоғамдық кеңес.