Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Қоғамдық кеңес отырысы «Ауданның елді мекенді кенттерін абаттандыру, санитарлық тазарту және жаңа жылыту маусымына әлеуметтік объектілердің дайындығы бойынша жұмыс қортындысыы туралы» ақпарат
Басты Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңес отырысы «Ауданның елді мекенді кенттерін абаттандыру, санитарлық тазарту және жаңа жылыту маусымына әлеуметтік объектілердің дайындығы бойынша жұмыс қортындысыы туралы» ақпарат

Шарбақты ауданының елді мекендерін абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмысын  жүргізу мақсатында, ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінен  9 қазан аралығында айлық жарияланды  және ағымдағы жылы 24.09.2016ж. және 15.10.2016ж. дейін күзгі сенбілік өткізілді, сонымен қатар 2016 жылғы 13 қазанда №42 «Трибуна» газетіне хабарландыру жарияланды.

Ауданның барлық мемлекеттік мекемелері, жалпы білім беретін мектеп, Шарбақты колледжі, ұйымдар және кәсіпорындар, сонымен қатар еңбекке жарамды барлық аудан тұрғындары, жеке кәсіпорындарды  қоспағанда (құс фабрикасы, элеватор, аудан орталығындағы дүкендер) тазалық сақтауға белсене қатысты. Сенбілікке қатыспаған кәсіпорындар бар, бүгін оларды атап өткім келеді (Азаматтарға арналған Үкімет (ХҚКО), Тұтынушылардың құқықтарын қорғау (СЭС), жылжымайтын мүлік,  ҒӨӨ жер, ЗТМО).

Сенбілік өткізілген күні облыстық энергетика басқармасы және ТКШ Сенбілік өткендігі туралы есеп берілді.

 «Қайнар» МКК және «Коммунсервис» ЖШС кәсіпорындарына қоқыс шығару және тасымалдау үшін техника бөлінген.

9 Мамыр көшесі бойынша түскен жапырақтар мен ескірген ағаш бұталарын жинастыру, кәсіпорындар мен ұйымдардың аумағында, сонымен қатар орталық саябақта және мемлекеттік рәміздер және еңбек даңқы аллеясында тазарту жұмысы жүргізілді.

Ауылдық округтерде абаттандыру және көгалдандыру жөнінде іс шаралар өткізілді. Ауылдық  әкімдіктерге, ауылдық мәдениет үйі, медициналық пункт, мектептерге іргелес аймақта жинастыру жұмысы жүргізілді.

Шарбақты ауданының бюджет саласындағы 38 қазандық қатты отынмен 8 объекті электр қазандықтарымен жылытылады, оның ішінде:  

23 – білім беру объекті қазандықтары және 4 электр қазандықтары;

10 – мәдениет үйі объекті қазандықтары және 4 электр қазандықтары;

3- денсаулық сақтау қазндықтары;

2 – «Қайнар» МКК қазандықтар (Шарбақты ауылында орталық қазандық, Абай атындағы ескі мектеп ғимараты).

Әлеуметтік маңызды объектілерге 2016 – 2017 жылы жылыту маусымына 14391 тонна көмір қажет, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын  көмір разрезінен 5796,0 тонна әкелінді, оның ішінде:

денсаулық сақтау объекті  -  2000 тонна,шарт жасалыд (өнім беруші – «Жалын» ЖШС) 100 тонна әкелінді.

білім беру объектілері (мектептер) – 10265 тонна, оның ішінде 7742 тоннаға шарт жасалды («Жалын» ЖШС – 4243 тонна, «Шарбақты Отын» - 3499 тонна), 5696,0  тонна әкелінді.

Мәдениет үйі, орталық кітапхана және ДСК – 3418 тонна;

Аулдық әкімшіліктер, Александровка бөбекжай бала-бақшасы және іріктеу кеңсесі – 663 тонна.

Көмірді жеткізу темір жол көлігімен жүзеге асырылады.

Бүгінгі күні барлық нысандар қатты отынмен қамтамасыз етілген.

Шарбақты ауданында 33 білім беру нысаны жұмыс істейді, олар 23 қазандықтармен және 4 электр қазандықтарымен жылытылады (Алексеевка бала-бақшасы,  Александровка мектебі, Орловка  бала-бақшасы, Сосновка мектебі).

          Ағымдағы жылы білім беру объектілеріне 10 (КВТС - 350) жылыту қазандықтары сатып алынды және орнатылды.

               Барлық қалған қазандықтар ғимараттарына  ағымды жөндеу, жөндеу және электр жабдықтарын тексеру, тежегіш арматурасын тексеру, жуып-шаю және жылыту жүйесінің қысымын сынау, сондай-ақ  барлық қазандықтардың жұмысқа дайындық  сараптама қорытындысы бар.

               Барлық білім беру объектілері тексеру кезіне дайын, Жол картасы жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша жөндеуді қоспағанда, Александровка мектебінде шатырды жөндеу жұмыстары жүргізілуде (оқу үдерісіне кедергі жасамайды).

               Мәдениет объектілері қысқы маусымға дайын, Сынтас ауылдық мәдениет үйін есепке алмағанда,  ЖҚЖК 2020 бағдарлама аясында күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуде. Объектілерде 10 қазандық және 4 электр қазандығымен жылытылады (Арбиген, Жаңа-ауыл, Александровка, Орловка) барлығы жылыту  маусымына дайын.

               27 денсаулық сақтау ұйымдарының ішінде  автономды жылытылатын ОАА қазандық бар, Александровка және Шалдай ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, қалған медициналық мекемелер пешпен жылытылады немесе жалға берілетін үй-жай бар. Шалдай ОДА қазандығы бала-бақша және мектеп жанындағы интернаты жылытады, ол «Шалдай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бойынша қабылдау-тарату балансына құжаттар дайындалуда.

«Қайнар» МКК екі қазандыққа ағымды жөндеу жүргізілді және 2016-2017 күз-қыс кезеңіне  дайын.

        

 

 

         ТКШ, АЖ және ЖК

         бөлімінің басшысы                                                    М. Темнохуд