Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
қоғамдық кеңестің отырысы
Басты Қоғамдық кеңес қоғамдық кеңестің отырысы

 

         2016 жылғы 19 қазанда ауданның қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Әбдрахманов Төлеген Ғаббасұлының төрағалығымен аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

         Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

         1. «Шарбақты ауданы қаржы бөлімі» ММ басшысы Толқын Маменқызы Ахметованың «2016 жылғы 9 айда аудан бюджетін игеру жөніндегі жұмысы туралы» есебі.

         2. Ауданның елді мекенді кенттерін абаттандыру және санитарлық тазарут және әлеуметтік оъектілерінің жаңа жылыту маусымына дайындығы туралы.

         Күн тәртібінде бірінші мәселе бойынша «Шарбақты ауданы қаржы бөлімі» ММ басшысы Толқын Маменқызы Ахметованың «2016 жылғы 9 айда аудан бюджетін игеру жөніндегі жұмысы туралы» есептілігі.

         Ақпаратшы: «Шарбақты ауданы қаржы бөлімі» ММ басшысы Толқын Маменқызы Ахметова (есептілік ақапараты қоса берілген).

         Есептілік қортындысы бойынша Т.М.Ахметоваға сұрақ қойылды:

         Әбдрахманов Т.Ғ. – ауданның қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары.

         -Бүгінгі күні жыл бойынша бюджетті игеру жөнінде болжал қандай?

         Жауап: Аудан бюджеті 100% игеріледі деп сенеміз.

         Осы мәселені қараудың нәтижесі бойынша ұсыным берілді.

         Шарбақты ауданының қаржы бөліміне:

         Жыл бойынша бюджеттің игерілуін күнделікті тұрақты бақылауға алу. 4-ші тоқсанда бюджетті толық игеру аламған бюджет әкімшілерін тыңдау.

         Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Ауданның елді мекенді кенттерін абаттандыру және санитарлық тазарут және әлеуметтік объектілерінің жаңа жылыту маусымына дайындығы туралы»

         -«Шарбақты ауданының тұрмыстық-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ әдіскері – Қалыбаев Динат Тахауидинұлы ақпарат ұсынды (ақпарат қоса берілген).

         Д.Т.Қалыбаевтың ақпаратынан кейін сұрақ қойылды:

         С.В.Шпехт – аудандық мәслихаттың хатшысы, ауданның қоғамдық кеңес президиумының мүшесі.

         - Ауданның білім беру объектілерінің барлығы көмірмен қамтамасыз етілді ме?

         - Көмірдің сапасы қандай?

         Жауап: Бүгінгі күні барлық мектептер көмірмен қамтылмаған, бірақ осы бағытта жұмыс бөлімнің бақылауында. Көмірдің сапасы бойынша ешкім шағымданған емес.

         Паванов Б.П. –ауданның қоғамдық кеңес мүшесі.

         Сұрақ: Халыққа сатылатын көмір қашан болады?

         Жауап: ағымдағы жылы 21 қазан жұма күні. Вагондардың жеткіліксіздігінен проблема туындап отыр, бұған біз кінәлі емеспіз.

         Осы мәселені қараудың қортындысы бойынша ұсыныс жасалды:

         «Шарбақты ауданының тұрмыстық-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не:

         1.Жылыту маусымы аяқталғанға дейін әлеуметтік объектілердегі қазандықтар, тіршілікті қамтамасыз етуші объектілердің жұмысын күнделікті тұрақты бақылауға алу.

         2. Қазанның аяғына дейін сенбілік, «тазалық жұмасын» өткізу, қыс маусымында ауыл жолдары мен көшелерді қардан тазарту, көктайғаққа қарсы материалдар қорымен қамтамасыз ету.

 

         Шарбақты ауданыныңқоғамдық кеңесі.