18 Сентября
, 19:59
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
«Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының мінетін атқарушы Л.А. Рощинаның ақпараты
Басты Қоғамдық кеңес «Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының мінетін атқарушы Л.А. Рощинаның ақпараты

«Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының

мінетін атқарушы  Л.А. Рощинаның ақпараты

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау ауданда әлеуметтік көмек, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтуды, білім алуға және олардың қоғам өміріне тең басқа азаматтармен бірдей қатысуына мүмкіндігін жасауға бағытталған өзге де  шараларды ұсыну жолдарымен қамтамасыз етіледі.

Мүгедектерді оңалту кешенді жоспарын орындау мақсатында мүгедектерді оңалтудың аудандық жоспары құрылды және мүгедектер істері жөніндегі аудандық кеңестің отырысында бекітілді.

Кеңес отырысы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес тоқсан сайын өткізіледі. Мүгедектер істері жөніндегі Кеңес отырысында Кеңестің бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес мәселелер қарастырылады.

Шарбақты ауданының мүгедектерді оңалту Кешенді жоспарының іс шараларын орындау мониторингі ай сайын өткізілді.

Ауданда мүгедектердің кедергісіз қолжетімділігі үшін әлеуметтік инфрақұрылым нысаналарын паспорттауды өткізу және ұйымдастыру бойынша комиссия құрылды.

Шарбақты ауданы аумағындағы, тізімге енгізілген, паспорттауға жататын барлық нысаналар саны 117 құрайды (мемлекеттік басқармалар – 18, денсаулық сақтау – 16, әлеуметтік қорғау – 2, білім беру – 37, мәдениет – 21, дене шынықтыру және спорт – 1, көлік – 1, басқалар - 21), бүгінгі күнде олардың барлығы паспортталған. Нысананың тізімге енуінің негізгі белгісі мүгедектердің осы нысанаға жүйелі түрде кіріп-шығудың әлеуетті мүмкіндігі болып табылады.

Нысаналардың берілген және бекітілген паспорттары қолжетімді интерактивті картасына енгізілген. Қолжетімді интерактивті картасы жалпы республикалық база болып табылады, паспорттар мәліметтері «Қолжетімді орта» порталында көрсетілген.

Әлеуметтік инфрақұрылым нысаналарында толтырылған және бекітілген паспорттар негізінде әкімшілермен бейімделу іс шаралары өткізілді. Мүгедектерге қолжетімді элементтерді құру жөніндегі бейімделу іс шараларын өткізу бойынша мониторингі Шарбақты ауданының аумағындағы даму бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Осы көрсеткіш ағымдағы жылы жоспар бойынша 8 құрайды жоспарда 8 (2014 жылы – 20 нысана, 2015 жылы – 20 нысана). 2014 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 48 нысана бейімделді. Осы 48 нысанада бейімделу іс шаралары ішінара өткізіліп тұратынын атап өткен қажет. Егер де мүгедектер санаттары үшін, барлық функционалды аумақтары қолжетімді болса және арнайы ақпараттық, телеқатынастық жабдықтары бар болса нысана толығымен қолжетімді деп саналады.

ауылдық округ әкімдеріне, мекемелер, ұйымдар, бөлімдер басшыларына әлеуметтік нысаналардың бейімделу іс-шараларын аяқтау қажет екені туралы хабарландыру хаттары жолданды.

Ауданда мүмкіндігі шектеулі 722 азамат тұрады, оның ішінде 1 топтағы – 71 адам, 2 топтағы – 276 адам, 3 топтағы – 315 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 60 адам.

Бүгінгі күнде жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге 8 мүгедек өтініш білдірді жоспар бойынша 16 ( 2 мүгедек тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 5 - қоғамдық жұмыс орындарына жіберілді, 1- ЖҚЖ-2020 бағдарламасы бойынша оқуға жіберілді).

Бес кіші бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін. Бос орындар жәрмеңкесін өткізу нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі 8 тұлға жұмысқа орналастырылды.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жұмысқа орналасуға жәрдемдесуі оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес көрсетілетінін атап айтқан қажет. 2016 жылы Шарбақты ауданының мүгедектеріне «жұмысқа орналастыру» ұсынысымен оңалтудың жеке бағдарламасы құрылған жоқ.

Ағымдағы жылы  ПМПК қорытындысына сәйкес мүгедек-балалары бар отбасыларға, үйде оқу үшін 13 мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетілді; төлемақы соммасы 302,0 мың теңгені құрады.

Жүріп-тұруы қиын 1 топтағы 29 мүгедекке жеке көмекші қызметтері берілді.  Есту бойынша 10  мүгедекке ымдау тіл маман қызметтері берілді.

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес «Алмаз», «Дискавери» және «Мойылды» шипажайларында 8 мүгедек денсаулықтарын жақсартты. Серуендеуге арнлаған кресло-арба 2 мүгедекке берілді. Көз көру қабілеті бойынша 1 мүгедек жіңішке таяқ алды, 1 мүгедекке плейер берілді, 3 мүгедекке тифломагнитолла  және 5 –іне диктофон берілді.

Ағымдағы жылы ОЖБ сәйкес міндетті гигиеналық құралдармен 63 мүгедек қамтамасыз етілді, оның ішінде 19 мүгедек-балалар және 44 ересектер.

Ағымдағы жылы үйдегі әлеуметтік қызмет көрсетуге оңалтудың жеке бағдарламасы бар, ауданның 19 мүгедегіне «Халықаралық мүгедектер одағы, тұтынушылар құқығын және қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігі 18 жастан жоғары психоневрологиялық аурулары бар тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетеді.

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес үй жағдайындағы әлеуметтік көмек 7 мүгедек-балаға көрсетілді. Ауылдық әкімдіктегі әлеуметтік қызметкерлер 114 жалғыз басты және жалғыз тұратын азаматтарға және мүгедектерге қызмет көрсетеді (7 мүгедек).

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерге облыстың жоғарғы оқу орындарындағы және кәсіби орта оқу орындарындағы оқу ақысы үшін өтемақы жүргізілді.

Павлодар педагогикалық колледжінде оқитын, 3 топтағы мүгедек          Д.Б. Омарханова оқу ақысы үшін өтемін алды. 2016 жылы Д.Б.Омарханова тегін оқумен 4 курсқа ауыстырылды.

2015 жылы 2 топтағы мүгедек И.В. Московская Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразиялық университетін аяқтады және жастар практикасы бойынша «Павлодар қаласының қаржы бөлімі» ММ жұмысқа орналастырылды, қазіргі уақытта сонда жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасына сәйкес мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша түсініктеме жұмыстарын өткізу мақсатында, «Трибуна» аудандық газетінде үнемі мүгедектерді қызықтыратын сұрақтарға «Отвечает отдел занятости» мақал жарияланып тұрады.